Басқы бет / Жарық нұрдың сәулесі (бет 3)

Жарық нұрдың сәулесі

Қисса Дәуіт ғалайһи-уәссәләм

Бәни Ісраилде бір патша һәм пайғамбар болу заңы жоқ еді. Хақтағала Дәуіт ғ.с.-ді әрі патша, әрі пайғамбар етті. Дәуіт ғ.с. патша болған соң, оның маңайына көп халық жиналды. Дәуіт ғ.с. жұпыны киім киіп алып, халық арасын аралап жүріп: «Патшаңыз қандай кісі?» деп сұраушы еді. Олар: «Патшамыз қадірлі адам», – деп …

Толығырақ оқу »

Жүніс ғалайһи-уәссәләм

Байтүл-мақдисте Миқа есімді бір кісі бар еді. Әр күн төрт жүз рәкәғат намаз оқитын. Бір періште оған тағам келтіріп тұратын. Миқа бір ұлды болып, оған Жүніс деп есім қойды. Атасы Жүністі сахараға апарып, қойшылардан қой сүтін сұраған. Сонда қойшылар сүт шықпайтын бір қойды әкеліп береді. Жаңағы қойдан сүт ағыл-тегіл аға …

Толығырақ оқу »

Қисса Ілияс ғалайһи-уәссәләм

Бәни Ісраилде Әжеб есімді бір патша бар еді. Оның атасы Жабар. Осы Әжебтің қатыны патшалық етті. Әжеб өзі науқас болғандықтан Шам аймағы, Бағалбек шаһарын өзінің қатыны Әрмиләға тапсырған. Дүниеде Әрмиләдай залым қатын жоқ еді. Әрмилә бүкіл қауымымен пұтқа табынатын. Пұттарының аты Бағил еді. Әрмиләнің Мүздәк атты мұсылман көршісі бар еді. …

Толығырақ оқу »

Қисса Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғалайһи-уәссәләм мен Харун екеуі бірге туған қарындастар еді. Атасы Ғимран еді. Ғимран атасы Иасһар. Оның атасы Риан, оның атасы Лауиа, оның атасы Жақып ғ.с. Мұса ғ.с. һәм Харун ғ.с. Мысыр шаһарында дүниеге келген. Олар, Перғауын лағнет заманында өмір сүрген. Перғауынның шын есімі Уәлит еді. Уәлит Масғаб ұлы, Масғаб Риан …

Толығырақ оқу »

Қисса Қызыр мен Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғ.с.-ға Тәурат келгеннен кейін Тәуратты оқып бітіріп, көңілі толып: «Әй, Раббым! Бұл ұлы кітаппен бірге маған ғалымдық бердің. Бұл күнде менен артық ғалым құлың бар ма?» – дейді. Сонда Хақтағала: «Әй, Мұса! Мәшқұр тарапында бір құлым бар. Сенімен салыстырғанда оның білімі дариядай да сенікі тамшыдай ғана», – деді. Мұса …

Толығырақ оқу »

Мақтұмсейт әулие кесенесі

Сырдария ауданының, Шаған агрофирмасының Солтүстік батысында Сырдария өзенінің жағасында, әлі де халық үлкен құрметпен зиярат етіп, түнеп кетушілер толастамаған Мақтұмсейт әулиенің мазараты бар. Барған кісілерге түнеуге арнайы шатырланған, еденделген, ішінде қонуға толық жағдай бар екі бөлмелі үйі бар. 1590 жылы дүниеге келіп, бүкіл өмірін Сыр өңірінде осы жердің елді мекен …

Толығырақ оқу »

Қисса Шұғайып ғалайһи-уәссәләм

Менің Раббым – Алла тағала сіз жасаған күнәні білуші, күнәліге жаза жібер!» – деп, уағыз айтқан Шұғайып ғ.с. еді. Тәурат иелерінің айтуынша: Шұғайып ғ.с. атасы Масғоқ, оның атасы Снақ, Снақ атасы Сабит, Сабит атасы Мәдин, Мәдин атасы Ібраһим ғ.с. еді. Алла тағала айтқан: «Мәдин шаһарына өздерінің қандасы Шұғайыпты пайғамбар етіп жібердік. …

Толығырақ оқу »

Қисса Әйуп ғалайһи-уәссәләм

Әйуп ғ.с.-нің атасы Мағсүп. Мағсүптің атасы Риуаһ, Риуаһ атасы Рүм, Рүмның атасы Ғайсо, Ғайсоның атасы Ысхақ ғ.с. еді. Әйуп ғ.с. Рұм жерінен еді. Оның анасы Лұт ғ.с.ның қызы болатын. Қатыны Жүсіп ғ.с. нәсілінен. Рахима есімді еді. Әйуп ғ.с.-нің атасы мен бір туған Баһил атты кәпір туысы Хоран аймағында еді. Ол …

Толығырақ оқу »

Мәлік қожа берген малдар    

Мәлік атамыз жасынан ата-анасынан хат танып, сауатты кісі болып өседі. Бөтендей билікке араласудан гөрі диханшылықпен айналысқанды жақсы көріпті. Өте қарулы ірі кісі екен. Бірде ауыл маңайындағы бір ескі құдықтың орнына дөненше түйе құлап түсіп, соны шығаруға жеті-сегіз адам әрекет жасап қара тер болып жатқан үстіне Мәлік ата келіп қалыпты, сонан …

Толығырақ оқу »

Қисса Жүсіп ғалайһи-уәссәләм

Тәпсір Қази рәуәйәтінде: «Жақып ғалайһи-уәссәләмнің төрт әйелінен, екі кәнизегінен он екі ер бала дүниеге келді. Хақтағала Жақып ғалайһи-уәссәләмді күнге ұқсатып, қызы Динаны Айға ұқсататын. Он бір ұлын он бір жұлдызға ұқсатты». Хазірет Жәбір рәуәйәті бойынша: «Бір яһуди пайғамбар ғалайһи-уәссәләмға келіп: «Әй, Мұхаммед! Жүсіп ғ.с-ға сәжде қылған қандай жұлдыздар?» – деп …

Толығырақ оқу »