Басқы бет / 2018 / Сәуір

Ай мұрағаты: Сәуір 2018

Қос ғасырдың қазынасы

Заман мен зар Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкі­лі, әйгілі жыр жүйрігі Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын ел мүддесімен, ұлт тағдырымен орайласатын зар заман поэзиясынан бөліп қарау мүмкін емес. Рухани әлемімізде ерекше орны бар бұл ағым туралы сөз болғанда оның өміршең өлең-толғаулары мен өсиет-өнегесі жөнінде айтылмай қалмайды. Өз дәуірінің жырын жырлап, жоғын жоқтаған …

Толығырақ оқу »

Құлымбет ата

Көнеден келе жатқан әдбеи жанрлардың бір саласы – діни өлеңдер. Мұсылман қауым бұл жырларды жаттап, уағыз орнына айтып жүрген. Тек Кеңес үкіметі орнаған соң оған тиым салынды. Сырдария өзенінің Жаңақорған өңірінде өмір сүрген Қожахметұлы Құлымбет молда (Хорасан қожа)  осындай діни  насихаттау бағытында көп жырлар жазған. Ол әрі күшті  ғұлама болған. …

Толығырақ оқу »

Жүсіпқожаның төрт бөрісі

Жүсіпқожа батырлығымен  елге танымал жігіт ағасы болып қалған шағында, Сыр бойындағы алғи руының қалмантай-қаратеке аталатын аз ғана аталығының  ауылына той-жиынға барады. Түнде алаңсыз кетіп бара жатқан Жүсіпқожаның артынан бір қыз келіп, өкшесін басады. Байқамай қалған шығар деп жүре берген батырдың өкшесін әлгі қыз тағы басады. Қайырылып, оңдап қараса, жасы он …

Толығырақ оқу »

Шортанбай жырау мұрасындағы ұлттық идея

«Шортанбай ұлы дарын… қоғам қайраткері, ірі идеолог.» Тұрсынбек Кәкішев.          ХІХ ғасырда Ресей отаршылдығының қатыгез саясатына қарсы қазақ халқының мүддесін қорғап, ұлт болашағы үшін жанталасып, елінінің сөзін сөйлеген дуалы ауыз ақын – жырауы, абызы Шортанбай жырау еді. Бар ғұмырын туған халқының өзіндік қайталанбас болмыс – бітімін сақтауға арнап, елінің жоғын …

Толығырақ оқу »

Шаяндағы Қосым ишан мешіт-медресесінің беймәлім тарихы

Жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіһам Шілтерхановтың қирап жатқан Аппақ ишан медресесінің қалай мәдени мұра ретінде мемлекет қарауына алынғаны жөнінде айтып бергені Е.Ә. – Көке, мен жуырда сіздің кенже балаңыз Мұраттан кезінде Шаяндағы Аппақ ишанның медресесін қалайша сақтап қалғандарыңыз жөнінде бір әңгіме естіп едім, сол жөнінде өз аузыңыздан есіткім келеді, баяндап берсеңіз. …

Толығырақ оқу »

Үлкені әулиенің Қосым еді…

Шаяндағы мешітті әу басындағы медресеге айналдыру, оған Қосым атын қайтару және басқалары туралы    Қазіргі Алғабас ауданының орталығындағы медресе-мешіт жайы өзінің көлемі, құрылысының әсемдігі жағынан, әрине, Қожа Ахмет Иасауи кесенесімен бой теңестіре алмайды. Бірақ Шымкент облысындағы басқа көне ғимаратттардың қайсысынан да күрделілеу. Медресе-мешіттің өзі о баста бір құлақ су ағатын …

Толығырақ оқу »

Манап Өтебаев – жетімді жебеген жан

2018 жылы 14 көкек күні Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы, белгілі қоғам қайраткері, марқұм Манап Өтебаевтың туғанына 80 жыл толуына орай Шымкент қаласында, өзі 29 жыл бойы басшылық еткен Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумында (қазіргі Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі) оны еске алу шаралары өткізілді. Көптеген қала тұрғындары мен арнайы шақырылған жиын Манап ағаның …

Толығырақ оқу »

Шортанбайдың шын аты кім?

Биыл 200 жылдығын атап өткелі отырған Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы туралы академик Ісмет Кеңесбаев: «Абай орыстың Пушкинін көрсе, Шортанбай патшаның пушкасын көрді» деген сөзі жыраудың шығармашылығының дәл бағасын береді. Жақында халқының бола­шағына қайғырып, заманның зарын жеткізген ақынның қолтаңбасы қолымызға тигенін айтқымыз келеді. Қастерлі тұмар-дұғаны сақ­тап келген Астана қаласының тұрғыны, бел­гілі қоғам …

Толығырақ оқу »

Қанай датқаға айтқан өлеңнің соңғы табылған нұсқасы

Қазақ хандығының тарихында Ордабасы тауының алатын орыны ерекше екені белгілі. Өйткені бұл жерде Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама трагедиясын басынан өткерген халқымыздың бетке ұстарлары 1726 жылы бір тудың астында бас қосып, тізе біріктіріп жоңғар шапқыншыларына қарсы аттануға ант ішкен. Сол жолғы жиынның басты жемісі – ел басына күн туғанда қазақтардың жүзге, ру-руға …

Толығырақ оқу »