Басқы бет / Таңба мұрағаты: Исабек ишан

Таңба мұрағаты: Исабек ишан

Халықты имандылыққа баулыған

Ертеректе көшпелі қазақ халқы «әлемді бір жаратушы бар» деп көк тәңіріне сеніп келген. Тәңір деген сөздің мағынасы жаратушы деген ұғымды білдіреді. Біздің елімізге қожалар келіп ислам дінін таратқанда қазақтардың бірі Алланың барлығын тез қабылдауы өздері сенген тәңірге орайлас келуінен деуге болады. Өйткені, Алла да әлемдегінің барлығын жаратушы ғой. Ал ислам …

Толығырақ оқу »

Әулиелі Ақкөл – қасиетті мекен

–  Осы күнгі Ақкөл ауылы әлі күнге Әулиелі Ақкөл деп аталып келеді. Ислам дінін уағыздаған Исабек ишан хазірет атамыз дәл осы өңірге табан тіреп, «түбінде бұл жер маған қоныс болар» деп таяғын шанышқан екен. Ол жер Ақкөл ауылының теріскейі, Әулиекөл маңы, Ишан атамның мәңгілік мекені – Атам зираты. Жер-жерден дерті …

Толығырақ оқу »

Исламдағы ұстаздың орны

(немесе Мәшһүр Жүсіптің «Исабек ишан» жоқтау жыры туралы) Әрбір адам есі кіре бастағаннан дүниені танып-білуге, үйренуге талпынады. Сондықтан да бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан даналар мен ойшылдар шығады. Осынау ақылын толыстырып, білімін шыңдау сапарында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз. …

Толығырақ оқу »

Алланың нұры жауған әулие ата

 2006 жылдың қыркүйек айында облыс жұртшылығы, ізгі ниетті барша мұсылман қауымы болып Исабек ишан-хазіреттің шөбересі, облысқа аты мәлім Жандарбек атаның 100 жылдығын облыс көлемінде атап өткелі отырғанын естігенде ет жүрегім елжіреп, есіме әулие атаның жарқын бейнесі оралып, көңілім өрекпіп, шым-шымдап, ой тұңғиығына батып, қуаныш пен сағыныштың жетелеуімен әулие атаның өз …

Толығырақ оқу »

Исабек ишанды ұлықтайық

18 тамыз күні екібастұздықтарға таныс Совет қажы телефон арқылы: «Сүйінші, алдымыздағы қыркүйек айының 8-де Ақкөлде нағашың Жандарбек әулиенің туғанына 100 жыл толуына арналған үлкен той болғалы жатыр», – деді қуанышты лебізбен. Осы хабарды естіп, мен де қатты қуанып қалдым. Расында, қалайша қуанбасқа, өйткені менің анам Үміттің атасы Смағұл қожамен Жандарбек …

Толығырақ оқу »

Қожаларға лайықты баға беру – ғалымдардың еншісінде

Елімізде Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Айша бибі, Бабаджа-Хатун кесенесі осы аймақта орналасқан. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасиетті жерлерге баруды кіші қажылық деп санайды. Айша …

Толығырақ оқу »

Тәуіптік қасиетін көрген едім

Қадым сөздің қадірін білетін қарттар таусылып, жастар жағы әркім өз кәсібі, тіршілігімен кетіп, «заман әркімнің өзінікі емес пе» деп, өзімді-өзім уатар заманда туып, ержетіп, өстік. Алдымыздағы ақсақалдардың ұлағатты сөздерін, шежіреші қарттардың білгенін санаға түйіп, кешегі ағаш шегемен ұстатып етік, мәсі тігетін шеберлікті, ұсталық (білезік, сақина, сырға, т.б.), балташылық (киіз үй …

Толығырақ оқу »

Ақкөл-Жайылма өңірінің қожалары: тарихы мен қазіргі жағдайы

Қожалар дәстүрлі қазақ қоғамындағы аса құрметті әлеуметтік топтың бірі. Олар қазақ қоғамының негізгі генеологиялық құрылымына кірмейді және өздерінің шығу тегін Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әзірет Әліден бастайды. Қазақстан территориясында қожалар ерте ортағасырларда еніп, мұсылмандық дін уағыздаушылар, миссионерлер, ағартушылар ретінде әйгілі болған. Қазақстанға келмес бұрын қожалар ҮІІІ …

Толығырақ оқу »

Исабек ишан

Ұрпағымызды Ислам дінінің ақ жолына тәрбиелеуге ерен еңбек сіңірген дін қайраткерлерінің алдынғы қатарында Бабамыз Исабек ишанның алатын орны ерекше. Исабек ишан – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұрпағы.Хазіреті Алиден (р.а.) тарайды. Бабамыз Бұқара қаласында дүние есігін ашып, білімнің кәусарына сол жерде сусындап, 19 ғасырдың басында Арғынның арыстарының бірі Сүйіндік еліне келген қожа әулетінің …

Толығырақ оқу »