Басқы бет / Таңба мұрағаты: қожалар

Таңба мұрағаты: қожалар

Құлымбет ата

Көнеден келе жатқан әдбеи жанрлардың бір саласы – діни өлеңдер. Мұсылман қауым бұл жырларды жаттап, уағыз орнына айтып жүрген. Тек Кеңес үкіметі орнаған соң оған тиым салынды. Сырдария өзенінің Жаңақорған өңірінде өмір сүрген Қожахметұлы Құлымбет молда (Хорасан қожа)  осындай діни  насихаттау бағытында көп жырлар жазған. Ол әрі күшті  ғұлама болған. …

Толығырақ оқу »

Мергеннің он бесі және Сақыпжамал

Мерген атаның келіні 76 жастағы Күлән Сейілова: Қазіргі күнде бірге туғандардың арасында бауырмалдық азайып барады. Осыларға ой салайын деп, ашаршылық кезінде аталарымның балалар үйінен 15 баланы асырап алып, Сақыпжамалдай апамды екі баласымен бауырына басқаны жайында айтып берейін. -Мен келін болып түскенде енем Ұлбала осы жайды айтып отырушы еді. Детдомнан 15 …

Толығырақ оқу »

Жаны жәннатта болғай

Оңтүстік Қазақстанның абызы, соғыс және еңбек ардагері Әдіһам Шілтерханов атамыз дүниеден өтті. 4 қаңтар күні жаназасы болды. Ел болып ұлдары мен жақындарына көңіл айтып, күңіреніп соңғы сапарына шығарып салдық. Екінің бірі жасайтын жас емес, Алла-тағала ол кісінің жасын ұзағынан берсе де, қимай-қимай қоштастық, амал нешік, мойынсындық.  Өткен жылдың аяғында Мәскеудегі …

Толығырақ оқу »

Балта қожа

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Түгіскен елді мекенінің тумалары Ысқақ әжі мен Балта қожаны озса Қарағанды облысы, қалса Жаң-арқа ауданының тұрғындары «әулие» деп танып,құрмет тұтып, ол кісілердің «кәрәматтарын» аңыз қылып, атадан балаға айтып отыру үрдіске айналған.    Балта қожа он тоғызыншы ғасырдың соңында дүниеге келіп, жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін өмір …

Толығырақ оқу »

Смағұл қожа

Мақтұмсейт бабаның ұрпағы Сейтасан қажының үшінші баласы – Смағұл қожа. Смағұлқожа 1895 жылы дүниеге келіп, 1968 жылы 21 мамырда қайтыс болды. Менің аяғым ауырып, Алматыға емделуге барып жүрген кезім еді. 1 мамыр күні түнде «ұйқым нашар болды, аяғым тағы ауыра бастады» деген сөзіме «балам дәрі-дәрмек ішіп, аяғыңа тыныштық беріп көр, …

Толығырақ оқу »

Мәлік қожа берген малдар    

Мәлік атамыз жасынан ата-анасынан хат танып, сауатты кісі болып өседі. Бөтендей билікке араласудан гөрі диханшылықпен айналысқанды жақсы көріпті. Өте қарулы ірі кісі екен. Бірде ауыл маңайындағы бір ескі құдықтың орнына дөненше түйе құлап түсіп, соны шығаруға жеті-сегіз адам әрекет жасап қара тер болып жатқан үстіне Мәлік ата келіп қалыпты, сонан …

Толығырақ оқу »

МАХТҰМ АҒЗАМНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘУЛЕТТЕРІ

Махтұм Ағзамның арғы бабалары, сонау Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бері қарай тарайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлдары тұрақтамағандықтан қызы Бибі Фати­маны немере інісі Хазіреті Әлиге қосқан. (Бұл да ұшқары сөз, Расулымыз (с.ғ.с.) қызын Әлиге иләһи бұйрықпен қосқан. Ол кісі (с.ғ.с.) үшін ұлдары емес, үммәті қымбат. Хақ тағала осылай елшісіне (с.ғ.с.) білдіріп қойған. Имам Суютидің …

Толығырақ оқу »

Екі елде ізі қалған ишандар

Сырдариядан  – Қорғантөбеге дейін Қызылорда облысы өңірінің энциклопедиясында Бабай ишан Жүнісұлы туралы мынадай дерек берілген. «Бабай ишан Жүнісұлы, шын есімі Ибрагим (1857, қазіргі Сырдария ауданы, Ақжарма а. Азат кенті – 1937, Тәжікстан, Қорғантөбе) – діни қызметкер. Бұхара медресесін бітірген (1892). Сол жылы наймандар Бабай ишанды бала оқыту үшін Азаттан (қазіргі Ақжармадан …

Толығырақ оқу »

Кәрім қожа

Кәрім қожа ауыл моласынан хат танып, Қызылжардағы үш жылдық діни медресені тәмамдаған. Орысша, арабша еркін сөйлеген, парсыша, шағатайша оқып, түсіне білген. Ойы ұшқыр, алғыр. Құранды жатқа оқып, шариғатты тыңдаушысының  зердесіне құйып айтатын болған. Сәкен Сейфуллиннің  «жаңа заманның өмір-тіршілігіне аралас» дегеніне рахметін білдіріп,  «қызылдардың» қылышынан  қан тамып тұрғанда алған бетінен  қайтпай …

Толығырақ оқу »