Басқы бет / Таңба мұрағаты: Рабғұзи

Таңба мұрағаты: Рабғұзи

САҚАБАЛАРДЫҢ СИПАТЫ

Сақабалар Алла тағала тілемеген істі қылмады. Барша сақабаның өнері дін жолында соғыс жасамақ еді. Күндіз-түні шайтан лағнеттің азғыруынан сақтанып, Алла тағалаға ғибадат қылар еді. Істері Алла үкіміне ризалық етіп, сабыр ететін. Түндерде тұрып құран оқып, ыждаһат етуші еді. Тілектері дін жолында ғибрат қылып, сол жолда шәйіт болуға дайын еді. Барша …

Толығырақ оқу »

ХАЗРЕТІ ҒАЛИ КӘРӘМОЛЛАҺУ УӘЖІҺАНЫҢ ИМАН КЕЛТІРГЕН ҚИССАСЫ

Расулаллаға дүйсенбі күні пайғамбарлық келді. Сейсенбі күні хазреті Ғали кәрәмоллаһү уәжіһа иман келтірді. Қатындардан иман келтірген бірінші кісі Хади-ша еді. Балиғатқа толған ерлерден иман келтірген хазіреті Ғали еді. Мұнан соң Зәйд ұлы – Хараса, Ғұсап ұлы – Ғафан-Зүлнәурайын, Забер, Ғабрахман, Сағыт, Ебүні-Оқас, Талһа иман келтірді. ҒҰМАР РАЗИАЛЛАҒАНҮҺІНІҢ ИМАН КЕЛТІРУ ҚИССАСЫ …

Толығырақ оқу »

Мұхаммәд Мұстафа саллұлаху-ғалайһи-уәссәләмға пайғамбарлық келуі

Ол заман Таурат заманы еді. Яғни, пайғамбарлық келгенше Намаз, Тағат, Ғибадат жоқ еді. Мұхаммед ғ.с. 40 жасқа келгенше Хара тауының бір үңгірінде тұратын еді. Ібраһим ғ.с.-нің шариғатымен ғибадат жасайтын еді. Мұхаммед ғ.с.-нің жаны жүдеу тартып, өңі сарғайып, еріндері кезеріп жүрді. Құрайыш үлкендері: «Әй, Мұхаммед! Не үшін қайғырып жалғыз жүрсің? Ауруың …

Толығырақ оқу »

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.-нің Хадишамен некелесуі

Мұхаммед ғ.с. 18 жасқа жеткенде атасымен бірге туған қандасы Ғатке Әбутәлибке: «Ей, қандасым! Біздің Мұхаммед азамат болды. Қыз алып, үйленер уақыты жетті. Сен қалай ойлайсың?» – деді. Сонда Әбутәлиб көз жасын ағызып: «Ей, қыз қандасым! Мен күндіз-түні қайғыдамын. Бір қыз алып беруге күшім жетпес. Нашар жерден қыз алуын тағы тілемеймін. …

Толығырақ оқу »

«Қисаси Рабғузий» авторының туған жері – Рабат Оғыз қыстағы Шәуілдірде

Қазақ әдебиеті, жалпы түркі әдебиеті тарихында «Қисасул әнбия» немесе  «Қисаси Рабғузий» («Рабғузи қиссалары») атты    шығарманың орны бөлек. Әйгілі әдебиет зерттеушісі Бейсембай Кенжебаев 1969 жылы «Қисасул әнбияға» арналған  мақаласында оның Қазан төңкерісіне дейін қазақ арасында көп тарағанын, хат таныған қазақ оны оқығанын, білгенін айтқан болатын. Атақты «Біржан сал мен ақын Сараның …

Толығырақ оқу »

   Насреддин Рабғузи қиссаларындағы даналық тағылымдар

Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады. Әрине, Рабғузи қиссалары мұсылмандық сюжеттерді өрнектеуге арналуы сол замандағы басымдық танытқан дүниетаным – ислам принциптері мен қалыптары екендігін білдіреді. Бірақ басқа діндерде кездесетін ұғымдар мен аңыздар да бұл қиссалардан орын алған. Қазақ оқырмандарын алғашқылардың бірі болып Рабғузидің …

Толығырақ оқу »

Қисса Мариям уа Ғайса ғалайһи-уәссәләм

Мәриям елінен айырылып, күн шығыс тарапына барып, ғұсыл құйынбақ үшін өзіне перде тұтты. Сонда Алла тағала Мәриямға Жебірейіл ғ.с.-ді жіберді. Жебірейіл ғ.с. Мәриямға жас жігіт бейнесінде көрінді. Сол кезде Мәриям құрсағына бала түсті. Сегіз ай толғанда Ғайса туды. Мәриям ол кезде он үш жаста еді. Құрсақта болғаннан кейін Мәриям елінен …

Толығырақ оқу »

Қисса Ғұзайыр Ғалайһи-Уәссәләм

Ғұзайыр ғ.с.-нің атасы Шархиса Шам жерінде Хаснұры атты елде тұрды. Бұнда Бәни Ісраил қауымы өздерінің пайғамбарларын өлтірген еді. Хақтағала оларға Бахытнасыр атты залым патшаны жіберді. Ол Бәни Ісраилдан көп кісі өлтірді. Екіқабат әйелдердің қарнын жарып, баласын да, өзін де өлтірген болатын. Ғұзайыр ғ.с. жеуіне азық, ішуіне су алып, есегіне мініп, …

Толығырақ оқу »

Қисса Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғалайһи-уәссәләм мен Харун екеуі бірге туған қарындастар еді. Атасы Ғимран еді. Ғимран атасы Иасһар. Оның атасы Риан, оның атасы Лауиа, оның атасы Жақып ғ.с. Мұса ғ.с. һәм Харун ғ.с. Мысыр шаһарында дүниеге келген. Олар, Перғауын лағнет заманында өмір сүрген. Перғауынның шын есімі Уәлит еді. Уәлит Масғаб ұлы, Масғаб Риан …

Толығырақ оқу »

Қисса Қызыр мен Мұса ғалайһи-уәссәләм

Мұса ғ.с.-ға Тәурат келгеннен кейін Тәуратты оқып бітіріп, көңілі толып: «Әй, Раббым! Бұл ұлы кітаппен бірге маған ғалымдық бердің. Бұл күнде менен артық ғалым құлың бар ма?» – дейді. Сонда Хақтағала: «Әй, Мұса! Мәшқұр тарапында бір құлым бар. Сенімен салыстырғанда оның білімі дариядай да сенікі тамшыдай ғана», – деді. Мұса …

Толығырақ оқу »