Басқы бет / Таңба мұрағаты: Шортанбай Қанайұлы

Таңба мұрағаты: Шортанбай Қанайұлы

Мұхтар Мағауин: Шортанбайдың зар заманы

Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығы қарсаңында  Бұл күндері Сары-Арқада, атақты Ақсу-Аюлы өңірінде қазақ халқының ұлы ақыны Шортанбайдың 175 жылдық тойы өткеріліп жатыр. Ресми дәрежедегі салтанатты жиын, Қазақстанның ең білікті ғалымдары қатысқан ғылыми-теориялық кеңес, көне зират басында мүсінделген ескерткіш, қан жайлаудағы дүбірлі мереке, әлденеше дүркін ат бәйгесі, ұлттық ойындар, көл-көсір дастарқан, бата …

Толығырақ оқу »

Шортанбайдың шын аты кім?

Биыл 200 жылдығын атап өткелі отырған Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы туралы академик Ісмет Кеңесбаев: «Абай орыстың Пушкинін көрсе, Шортанбай патшаның пушкасын көрді» деген сөзі жыраудың шығармашылығының дәл бағасын береді. Жақында халқының бола­шағына қайғырып, заманның зарын жеткізген ақынның қолтаңбасы қолымызға тигенін айтқымыз келеді. Қастерлі тұмар-дұғаны сақ­тап келген Астана қаласының тұрғыны, бел­гілі қоғам …

Толығырақ оқу »

«Ұлыларымызды ұлықтатпаған заман-ай!»

Сонау 70-жылдардың орта кезінде Шортанбай жыраудың мәңгілік орнын іздеп, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбекұлы келген еді. КГБ-нің қылышы төніп тұрған заманда атын атауға тыйым салып тастаған Шортекеңді іздеп келу ерлікпен бірдей еді. Сол жерде Сырбай аға ұлы жыраудың мына бір өлеңін оқып басын шайқады. Жандаралға сыйындың, Майырды көрдің жездеңдей, …

Толығырақ оқу »

Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала, ел-жұртына арыздасып айтқаны

Шортанбай ақынның 200 жылдығына Мінеді ғаділ патша алтын таққа, Иман бермей қалмайды  көңілі аққа. Шортанбай өзі тірі заманында Сапар шегіп барып қайтты Семей жаққа.   Құдайдың, ойлап тұрсам, қаһары қатты, Тірлікте пенденің жаны тәтті. Бір күні кеш болып кетіп ел таба алмай, Далаға мейман болып қонып жатты.   Жатқанда екі …

Толығырақ оқу »

Шортанбай мен Асан Бұғы айтысы

Шортанбай Қанайұлының туғанына 200 жыл Шортанбай Қанайұлының жырлары 1993 жылы ғана жеке жинақ болып шықты. Сол кітапта Шортанбай мен Асан Бұғының айтысы, құрастырушылардың  қолында болмауы себепті, үзінді түрінде  жарияланған. Біз Шортанбай мен Асан Бұғы айтысының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.  Бұл мәтін Жезқазған облысының Ақадыр ауданы «Өспен» кеңшарында тұратын, сексеннің сеңгіріне …

Толығырақ оқу »

Соңғы Абыз

Ұзын аққан Сарысуды, Өзің жайлап, жағала. Жүйрік пенен жорғаңды Өзің мініп бағала, – деп қазақтың жері менен байлығын тек қазақ иеленсе деген ойда зар қағып, «қазақ даласының тасы қазақ баласының жейдесіне түйме болып қадалсын» (Әлихан Бөкейхан) дегенді ол баста армандап кеткен әдебиеттегі зар заман ақындарының басында тұрған жырау Шортанбай Қанайұлы …

Толығырақ оқу »

Зар заман сарындары

ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті  өкілдерінің бірі Шортанбай мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Шортанбай сөздері – елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арда жұрттың  ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нәр алған еді. Сондықтан да, Қазан төңкерісінен соңғы  кезеңде ұлттың рухын …

Толығырақ оқу »

Шортанбай айтқан екен…

Қатынын мақтар қас жаман, Баласын мақтар нас жаман. Алыстағы дұшпаннан Аңдып жүрген дос жаман. *** Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға  түсіп кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан : Басымда топым ба еді көп көргенің, Мен бе еді осыншама жек көргенің. Бар сенгенім сен болсаң, екі …

Толығырақ оқу »

Шортанбай Қанайұлының суреті

«Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман» деп жырлаған Шортанбай Қанайұлының жыр-толғаулары мен айтыстарынан басқа, зерттеуші-ғалымдардың жырау мұрасына арналған сын-зерттеулері жинақталған «Қай заман?» кітабы 2011жылы Астана қаласында  Фолиант баспасынан жарық көріпті. Бізді елең еткізген нәрсе Шортанбай жыраудың отбасымен бірге түскен суреті еді. Сұрастыра келе суреттің ізі Омбыдағы …

Толығырақ оқу »