Ғалымның хаты

Қожалар шежіресі

Сейітомар Саттарұлы

«Кім өзін дәлелді шежіресіз біздің әулетке қосса және кім өзін себепсіз біздің әулеттен шығарса, оған Алланың қарғысы болсын» және «Менің әулетімнің әділдері мен қасиеттілерін Алла үшін сыйлаңдар, ақымақтарын мен үшін сыйлаңдар. Сейіттерді сыйлау ұлық ғибадат, оларға қарсылық ұлық күнә» Алланың соңғы және ұлық елшісі Мұхаммад Мұстафа (с. а. у.) хадисі.

«История Казахстана в Персидских источниках». Абд ал-Кадир Мұқаммад-Амин.Маждма ал-ансаб ва-л-ашджар – 2-том 242-243-беттер. Алматы «Дайк-пресс» 2005.Ибн Рушт (Аборэссе)

Біздің зерттеуіміз бойынша қожалардың әр атасы белгілі бір тарихи адамның ұрпағы болғандықтан сол атаның атымен аталады. Енді осы аталардың өз орнымен ұрпағын атап өтіп орнына қойсақ, мақсатқа жақындай түсеміз.

Осы жүйе бойынша қожаларды үш топқа бөлеміз:

1.Абу-Бакр әулеті-халифа Абу Бакр ас-Сыддық  (632-634) (Сыддықыйлар)

  1. Омар әулеті – халифа Омар ибн Хаттаб ал-Фаруқ (634-644) (Умарилар)

3 . Али әулеті – халифа хазіреті Али ибн абу Талиб (656-661) (Алидилер)

Бүгінгі күні Қазақстанда Қожалар деп аталып жүрген әулеттер:

Бірінші: Алланың Расулының немере інісі Хазіреті Алидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы – Сейт қожалар.

Сайид ата әулеті -Қыдырқожа мен Шұбар атты Мәлім сейттер, Қаңлы сейттер.

Қыдырқожа – негізінен Оңтүстік Қазақстанда, аз әулет Қарағанды мен Теміртауды мекен еткен. Шұбар атты Мәлім сейттер Сырдың төменгі ағысы – Қызыл орда, Аралда арғы шеті Ақмола – Омск – Қарқаралы – Талдықорған – Жаркент – Сары бел арғы жағы Жарқожа әулеті Қытайда. Жаркент маңында Жәдігер әулеті, Андреевка, Үш Аралдағы қожалар Шұбар аттылар. Қаңлы сейттер негізінен Өзбекстанда, Шымкентте біраз үй бар.

Хазіреті Хасанның ұрпағы шарифтер, Ховандық қожалар Ташкент қаласында біраз үй бар.

Бұрханиддин қылыш әулеті-Ахмад Косани  (Мақтум Ағзам)  – Саблут қожалар – Тұрсынқожа, Ұланқожа, Жиенқожа, Қалдарқожа, Шәмшіқожа,

Қылышты қожалар,Тұрсынқожа әулетінен Назарқожа-Киік сауған қожалар мен Қоңырүйлі қожалар Ақтау, Маңғыстау, Атырауда, азда болса Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда бар. Ұланқожа әулеті Әулие атадан бастап Шығыс Қазақстан, Балқаш маңы, Баршатас, Шұбар тау, Аягөз, Мақаншыға дейін алып жатыр

Жалалиддин ұрпағы Са-қожалар-Бұл әулет негізінен Жетісайда тұрады. Гидуандық қожалар – Оңтүстік Қазақстанда.   Жуйбарлық қожалар Сарыағаш ауданы көлемінде жасап жатыр.

Хазіреті Алидің Ханафия анамыздан туған ұлы, Мұхаммад Ханафия – ұрпағы Абд ул-Жалил баб, Исхақ баб, Абдрахим баб.

Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.

Хорасан қожалар – Қызылорда, Шымкент, Түркістан маңында шоғырланған. Қазақстанда Кіші жүздің негізгі бөлігі Хорасан қожаларды пір тутынған.

Нияз қожа балалары – Қара баулық, Тіркіс, Мәшрап, Беглер болып төртке бөлінеді. Бұл әулет негізінен Сарыағаш маңында, Өзбекстанда Сексен ата маңында тұрып жатыр.

Мәді (Маһди) – Диуана қожа ұрпақтары

Қожжан қожа, Қылыш қожа, Пірзада қожа, Бақ-Мұхаммед қожа

Қожакәлен қожа, Заман қожа, Сүлеймен қожа, Қылует қожа, Нияз қожа, Болат қожа, Қажымұхаммед (Әжіқожа), Бақмұхаммед қожа, Сайдмұхаммед қожа (Ерсейітпембет). Астана, Ақмола облысы Баянауыл, Екібастұз,Ақ көл жайылма, Павлодар облысында тұрады.

2.Қылышқожа  – Медетқожа, Жиенқожа, Нұрымқожа, Қыдыр қожа, Ер Көшек қожа, Дәуіт қожа, Смайл Әздер, Жақып қожа, Әуезбек қожа, Бақмұхаммед қожа (Бабақожа).

3.Пірзадақожа – Олжабай қожа, Оспан қожа, Қожаһарер, Қожамұхаммед (Каметек), Уәлі қожа, Мамбет қожа, Кедей қожа. Қылышты қожалар мен Пірзада көбіне бірге жүреді.Арғын ішінде Бәсентин-атасының ата пірі болған Әжібайқожа әулеті Павлодар маңында. Мүткенов аулында.

  1. Бақ-Мұхаммед қожа – Якубқұрбан қожа, Нұржан қожа, Ер Қалмұхаммед қожа (Жалаңаяқ Әздер әулие), Дербісәлі қожа.Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында шоғырланған.Бірлі-екілі Имамдық жолымен Арғын Қыпшақ ішіне шыққан бар.

«Мәді(Маһди)-Диуана қожа»   қоғамдық қоры Қызылорда қаласы,  2015 жылғы 22 наурыз.

Исхақ баб-Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.

Ақ қорғандық қожалар- Үсен Шайық, Қарашайық, Оқшатайлық, Бұрхан Шайық, Ибрахим Қауғани аталар – 5 ата – негізінен Қызылорда облысында;

Бақшайыш қожадан – Кіші жүз ішінде Мүсірәлі әулеті бар.Қытайда – Сарғалтақ қожа әулетінен Жәміш бабаның Асқар, Запран әулеті тұрады.

Қытайдың Алтай бетіндегі Мүһаммад Момын әулетінің негізі әлі табылған жоқ.Түбі Әзілхан ешанға қарап ойысуы мүмкін. Зерттеу керек.

Абд Рахым Бабтың ұрпағы – Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Құланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.

Қарахандыққожалар өте қатты қысым көріп бытырап кеткен-арғы шеті Самарханд, Ташкент маңында, Қазақстанда Шымкент, Түркістан, Қызылорда маңында шоғырланған.

Құланбастыққожалар – Өзбекстанда Сексен ата маңында,Шымкентке келіп орналасып қалғандары көбірек. Ақ көлдік және Зергер қожалар – Негізінен Сарыағашта, Шымкентте.

Екінші:  Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы – Сунақ қожалар және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар. Бұл әулет-Түркістан – Бабай-Шорнақ және Қызылорда облысында. Өзбекстанда көпшілік болып тұрады.

Үшінші: Хазіреті Омардың әулеті, Қырықсадақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық (Шет) қожалар. Соңғы кезде Түлкібас ауданындағы Пістелі, Абай ауылдарында тұратын  Нақкөз деп аталатын қожа тобы өздерін Шайх Хованд Тахурдың әулеті деп атайды дейді.Әзірше байланыс жоқ.

Қырықсадақ қожалар – Жаңа қорғанда Шымкент, Бадам, Қызыл көпір, Өзбекстанда Бектемірде Қожа Махаласында тұрады.

Шайхантауырқожалар Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тасбастау,Тәріқорған,маңына шоғырланған. Бегім шайх әулеті Ақ көл Жайылма маңында Тоқтылы ауылында тұрған. Нақты байланыс жоқ, ізіне түсе алмадым.

Өзбек тілді қожалар Сайрам, Шымкент, Қара бұлақ-Алишер Навоий-т.б. елді мекендерде тұрады.

Шежіреде толық зерттелмегені – Жаңақорғандағы Қылыштық ожалар,Оңтүстік қазақстандағы Қыдырқожа, Алтайдағы Түрікпен қожалар, Қызылордада Мағзаман қожа әулеті мен Батыс Қазақстандағы қожалар, Солтүстік Қазақстандағы қожалармен байланысқа шыға алмадық.

Айтпақшы, Шежіре шығысымен көп жерден қосылмай қалған қожалар және шежіреде кеткен қателіктер түгенделіп, кітапқа кірмей қалған әулеттер келіп қосылып жатыр.

Сондықтан өтініш – кімде қандай мәлімет болса, бізден кеткен қателік болса хабарласып анығын ашып айтсаңыздар, рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Кешегі зұлмат заманда өз тегін жасырып қалған азаматтар ел ішінде баршылық. Әсіресе Партия-совет қызметінде болғандар көбіне өз тегін айта алмады, мүмкін болса сол әзіздер тұралы хабар болса хабарласыңыздар.

Құрметпен Сейт-омар Саттарұлы

ШЕЖІРЕГЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТІ СЕЙІТ-ОМАР САТТАРҰЛЫМЕН ХАБАРЛАСЫП БІЛУГЕ БОЛАДЫ.

ТЕЛ.: 8-702-146-62-45

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Бір пікір

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу