Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Сөздік

Шортанбай ақын жырларында кездесетін кейбір сөздердің анықтамалығы

АБЗАЛ –  ар. афзәл – ардақты, аса қадірлі, ең құрметті. (Алтын-күміс абзалың, Өлгеннен соң не керек?)

АҚСАҚАЛ – ел билеген ру басы. (Ақсақалдан әл кетті, Алмайды оның кеңесін)

АЗАП – бейнет, мехнат, қиыншылық.  (Бұл дүниенің қазабын, Ол дүниенің азабын, Көргенімді айтайын)

АЗУЛЫ – ешкімді бет қаратпайтын өткір, озбыр. (Мына заман қай заман, Азулыға бар заман)

АРАМ СІДІК, АРАМ СУЛЫ  –  (ар. харам حرام) – некесіз бала. (Арам сідік болған соң, Атасы бермес батасын. Арам сулы балаға, Атаның сөзі ұнамас)

АСЫЛЫҚ  – астамшылық, күпіршілік, кесапаттық, кесірлік. (Бұл асылық, асқан заманда)

АЛҚЫМДАП – құтыла алмастай болды, жайлап алды, бойды жеңді. (Ағашты тауға үй салып, Алды кәпір алқымдап)

АЛТАЙ-ҚАРПЫҚ – ру аттары. (Аралап келіп түсуші ем, Алтай менен Қарпықты)

АҚЫРЕТ— 1. өлген кісіні орап жерлейтін ақ мата. Кебін.2. О дүние, мақшар (Аз тартайын  десең күнәні, Ақырет қамын қылғаның)

ӘЗЕЛДЕ– (араб.) – о баста, мәңгiлiк, алғашқыда, әуелде. (Не шара бар, Құдайдың, Әзелде жазған пәрмені-ай!)

ӘУЛИЕ  — (ар. аулиа اولياء) – дін уағыздаушы, құдай жолын қуушы әулие. (Әулие десең болмай ма, Ғайыптың ісін барласа)

ӘУІР– көңілдің желігі, сағынышы. (Дүниенің сүрсең дәуірін, Басылар сөйтіп әуірің)

БАҒЫМША– араб тілінде бақ, бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз. Бағым – (Мінезге бағым табылмас,  Ғадетіне кетеді)

БӘСЕҢ ИНЕ – кесте тоқитын жіңішке ине. (Жүгіңді билеп қызың тұр, Басең ине шаныштырмай)

БӘЙІТ– 1. діни өлең, жыр. 2. Араб, парсы және түркі тілдес халықтар поэзиясындағы қос тармақты, егіз ұйқасқа құрылған өлең шумағы. (Бәйіт айтып, баян қып, Жанастырдым әрнеге)

БИҚАСАП – (пар. биқасаб بيقصب) – жібек аралас жіппен тоқылған мата. (Қызың киді биқасап, Теріге кимес бойқастап)

БЕДЕН– Көрік, келбет, кескін. (Тұтас тұрса жарамас, Бетіңнің кетсе бедені)

БЕЙІШ–  Жұмақ, ұжмақ, жәннат. (Арқаның жазы бейіш-ті)

БЕК– рудың беделді адамы. (Ел билеген бек болды. Көтере алмай бектігін,Ұласқан жаман кек болды)

БЕРЕЗЕ– әшекей бұйымдарға қолданылатын жартылай асыл тас. Қаптал – молынан пішілген,  кең етіп тігілген  шапан, шекпен. Березе қаптал тон киіп, Топта тұрып мақтанған)

БЕЛСЕН – Етек-жеңді түру, білек сыбану. (Жорға мініп теңселтіп, Торғын тонын белсентіп)

БЕС АТА – Арғын руының аталары. (Дұғай сәлем айтайын, Бесатаның ұлына!)

БӨЗ – мақтадан тоқылған, арзан қолды, жұқа ақ мата. (Төрт қарыс бөз бұйырмай, Қалды менің артымда.)

БОЛЫС  –   қазақ даласын отарлау жүйесіндегі билік иесі. Болыс институты бастапқы кезде қазақтың дәстүрлі рулық жүйесіне сай аталық негізге құрылған. (Дуанбасы, болыстар, Шұлғып басын изейді)

БУЫРШЫН -Аруана мен үлектен туылған, әлі келеге түспеген төрт жасар жас үлек, іңген бұзар. (Елді еркіне қоймады, Буыршындай тақымдап)

БІРЛӘН– (түрік) және, -менен, -бенен, пенен, -мен, -бен, -пен

ГҮРЗІ – (күрз) соғыста ат үстінен ұратын шоқпар тәрізді құрал. (Түзу жолдан қисайса, Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа)

ҒАЗАП– азап, бейнет. (Айдап барып малыңды, Ғазап үшін  бермейсің)

ҒАПЫЛ – (араб) қапы қалу, білмеу, сезбеу, байқамау. (Өзімнен қалсын балаға, Мені көрген дүниеден ғапыл қалма)

ҒАЙБАТ – (ар. ғайбат غيبة) – өсек, сырттан жамандау, даттау. (Өтірік, ғайбат, зорлықтан, бойыңды тартып тек жүрсең)

ҒАЙЫП – Адамның ақыл-ой, таным, қабілеті шегінен жоғары тұрған қияли құпия, тек Алла тағалаға ғана тән білім, тылсым. (Әулие десең болмай ма, Ғайыптың ісін барласа)

ҒАСИМА – қасам, ант. (Құдайға сөзім ғасима. Таяндың енді өлерге)

ҒИБРАТ –  үлгі, өнегелік мәндегі ақыл сөз. (Әй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық, Бос мақтан, пәни сөзін аз айтайық)

ДУАН –  қала, кент, дуанбасы – қала бастығы. (Дуанбасы, болыстар, Шұлғып басын изейді)

ЕП – Икем, ыңғай, бейім. (Ойлап тұрсам, жігіттер, Не қылса құдай еп екен!)

ЖАЗА  –  (ар. жаза جزاء) – сазайын алу, айыбын алу. (Құбыласын білмей құл, Сонда тартар жазасын)

ЖАНДАРАЛ –  патша замандағы полиция қызметкерлеріне берілетін атақ, лауазым. (Адам қайтып қуансын: Жандарал болды ұлығың)

ЖАҚСЫЛАР –  дәстүрлі ортада өнегелі істерімен және кісілік қасиетімен айырықша беделге ие болған көрнекті тұлғалар. (Жарысқа кірген жақсылар, Аша алмассың көзің деп)

ЖАСЫҚ – семіз емес, өте арық ет. (Аштықта жасық табылса, Ұдай абзал сол болар)

ЖАУЫР–  ердің, ершіктің батуынан болатын мініс жылқының арқасындағы жарақат. (Ойлағаны жамандық, Жауырдан аққан іріңдей)

ЖАҺАННАМ– діни мистикалық түсінік бойынша өлген адамның «жаны ұшып баратын» жеті тамұқтың (тозақтың) ең жаманы (Жаһаннам деген тозақта, Шайтан болар жолдасы)

ЖӘДІГӨЙ ЖАУҒЫШ АТАНЫП – қазымырланды, жексұрын болды. (Жәдігөй жауғыш атанып, Осынша жиған мүліктен, Не көреді қу басың)

ЖЕЛБЕЗЕК – мұрын қуысы, танау жиегі. (Желбезектен оқ тисе, Жер таянбай тұра алмас)

ЖӨРГЕМ–  жүрген аяққа жөргем ілінеді (мақал). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жөргем сөзінің екі түрлі мағынасы көрсетіледі: 1) бір буын, бір бума ішек; 2) (ауыс. мағынасы) пайда, олжа. (Жан жоламас жатқанға, Жүргенге жөргем ілінер)

ЖҮГІРМЕК– (пар. жәуан – жас, мәрг – ажал, жуанмәрг جوان مرگ) – жастайыңнан ажал тап, қыршын кет. (Жүгірмек болған жасым-ай!)

ЖЫРЫМ– қалтарыс-бұлтарысы көп сайлы, ойпаңды жер.  (Ит айналар жырымға)

ЗАМАН–  араб тіліндегі мағыналары «уақыт, мезгіл», «дәуір, сол кезең» Зар, зар, заман, зар заман, (Зар, зар, заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман)

ЗАМАНАҚЫР– араб тіліндегі мағыналары «бұл дүниенің ақыры, соңы», «қиындық, азап көру». (Пірлерден кетіп керемет, Патшадан кетіп әділет, Заманақыр таянды.)

ЗЕКЕТ – (ар. закат زكاة) қайыр-садақа беру. (Зекетсіз мал айдама, Қайыры жоқ ас сақтап)

ЗОР – (пар. зор زور)  күш, қуат, мықтылық. (Әуелгі зорлар қор болды, Сондағы қорлар зор болды.)

ЗИНА – (ар. зина زناء) ойнастық қылу, жұбайының көзіне шөп салу. (Домбыра болар шерткені, Зина болар қылғаны)

ДӘРЕТ  –  (ар. таһарат طهارة)   Тазалық. Намаз оқу алдында тазалану, дәрет алу.  (Намаз оқыр дәретсіз, Ендігінің молдасы)

ДҮРИЯ – иран тілінде дүруйе – жібектен тоқылған жылтырауық әдемі мата. (Ұлың киді дүрия, Ұстараның жүзіндей)

ИБРАҺИМ ӘДҺӘМ – Әбу Ысқақ Ибраһим бин Әдһәм бин Мансур – Бәлх қаласында туған үлкен ғалым, мухаддис, асқан тақуа, мәшһүр сопы. (Дүниеде көп мүлікті, Ибраһим Әдһәм тастаған )

ИМАН – (ар. иман ايمان) – Аллаға сену, илану, діни наным  (Иман – жанның жарығы, Кешуі бар тар жолда)

КӘЛИМА– (араб тілінде) сөз; әңгiме; тiлiн кәлимаға келтiрдi, яғни кәлима шаһадатты айтты  (Кәлиматың шаһадат Тамам кісінің расы).

КӘЛЕМ АЛЛА –  (араб) Алла сөзі, Құран

КӘРІП – мүсәпір, бейшара,  ғаріп

КӘРСОН МЕНЕН КЕРНЕЙ – Арғын ішіндегі ру аттары (Дұғай сәлем айтайын, Кәрсон менен Кернейге!)

КӘПІР – Аллаға және оның сүйікті елшілеріне сенбейтін, ислам діні ережелері мен оның тыйымдарына қарсы келетін адамға қарата айтылатын атау. (Шыдай алмай ызаға, Кәпірден іздер панасын)

КӘМІРҺЕ –күнаһар. (Қу нәпсімді тия алмай, Кәмірһе қылдым жасымды!)

КЕРТ БАСҚА –  Жалғыз өзі, қарақан басы, сүйенер ешкімі жоқ жалғыз басты (Келе ме деп керт басқа)

КЕЗ   –  (пар. гәз گز)   150 см тең ұзындық өлшемі. Бұл жерде (толымсыз сый мағынасныда қолданып тұр) (Көңіл азып, тон тозса, Берген көйлек кез болар)

КЕЛЕ–  Бір топ түйе, бір қора інген; бураның үйірі. (Түйенің құты бура-ды, Келеден атан қумаса)

КЕЛЕУІ КЕТУ– кенеуі кету, тозығы жету. (Келеуі жоқ кей билер, Сол заманда шығады)

КЕНЕУІ, КЕМ, ЖОҚ– а) жұғымдылығы, сіңімділігі жоқ, күші жоқ, татымсыздәмсіз (тағам) (Кенеуі жоқ кейбіреулер, Құр зорлайды тақпаққа)

КӨКСІМ – Көктулақ, сілімтік.  (Ат басына күн туса, Көксімдегі күй болар)

КӨПБАЙ МЕНЕН НҰРЛАН – Ақынның замандастары

КҮРЗІ– салмақты болу үшін басына қорғасын құйып жасаған шоқпар. (Түзу жолдан қисайсаң. Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа)

ҚАР– (пар. хар خوار) – қара ниетті, жауыз. (Мұның өзі – қар заман)

ҚАРАР – қанағат, тойым. (Нәпсім, қарар таптың ба, Дүниеге тоймайтын)

ҚАПА–ир. зат. Қайғы, мұң, шер, уайы. (Кім болмаған биқапа, Өлімнің ісі кез келді)

ҚАПЫ– (қапылыс) Өкініш. Қапы қалу (Қиямет күн кез болса, Пайдасы болмас қапыңның)

КЕСАПАТ– парсы тіліндегі мағыналары «дөрекілік», «топастық, ойсыздық». Қазақ тілінде «бәле, қырсық, кесір», «бақытсыздық» деген ауыспалы мағыналарда қолданылады. (Кесапат көп адамда. Көзіңді ашып қарасаң)

ҚОЖА –  (ар. хужа خواجه)  ұстаз, данагөй, ақылшы, ислам дінін таратушы, уағыздаушы, дінбасы.  (Шарапатты қожа жоқ, Ендігі сорлы бейшара, Қорыққанға барып паналар.

ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ (1710 – 1876) – ФЕРҒАНА жазығында 18 – 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – ҚОҚАН қаласы.

ҚОР – [ир. خوار ] с ы н. Сорлы, бишара, байғұс. (Әуелгі зорлар қор болды,

Сондағы қорлар зор болды)

КӨБЕЛЕ– ет. Жағалап жүру, жиектеу.( Аға бер жайылып, көбеле.)

ҚҰБЫЛА – [ар. قبلة ] з а т. 1. д і н и. Намаз оқыған кезде бет қарататын жақ, Мекке жақ.

ҚЫСАП– [ар. حساب ]: бір қысап. Тең, бірдей, бір есеп. Қысаппен тағам татқызып, Сабыр қылған сабаздар,

ҚИЯМЕТ– [ар. قيامة ] Діни ұғым бойынша жер бетіндегі тіршіліктің күл-талқан болып күйреуі. 2. О дүниедегі алла алдындағы сұрақ, жаза. (Не деп жауап береміз, Қияметтің күнінде?)

ҚУАНДЫҚТА  ҚОҢЫРҒА – Ақынның замандасы

ҚЫЗЫЛБАС– шииттің он екі имамының құрметіне он екі қызыл жолақты сәлде киетіндерді осылай атаған. Кейін бұл атау бүкіл ирандықтарға телініп кеткен

ҚҰБАҚАН– сын. (1) Ақ пен қоңырдың арасындағы түс, құлан сұр. (Самалды шалқар көліне, Құбақан сағым беліне)

ЛАҢ–  (пар. ләнг لنگ)    Бүлік, бүлік салу, әлек салу.

ЛАҚАТ –   [ар. لحد ]қабірдің мәйіт қойылатын қуысы, ақым

МАЙЫР – Жандарал болды ұлығың, Майыр болды сыпайың,

МАҚШАР – [ар. محشر ] ақырзаманда қайтадан тірілген адамдардың жиналатын, олардың күнәсін тексеретін орын. (Танда мақшар болғанда, Таразыны аударар)

МАҚЛҰҚАТ, МАҚҰЛЫҚАТ–  (ар. махлуқат مخلوقات) жаратылған пенделер,  Мақұлықтың көпше түрі, тіршілік иелері.

МАЯ – жалғыз өркешті нар түйенің інгені, аруана (Дүниеқордың маясы,

Жақын дейді шайтанға)

МЕЙІЛДЕ – мейілдендір  –  ықыластандыру, пейілді ету.

МЕККЕ – мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда Қағба, әл-Харам мешіті орналасқан.

МЕКЕР– [ар. ماكر ] с ы н. Қу, залым, айлакер. (Тілінді – мекер, қолыңды, Шолақ қылар әрнеге)

МЕЙРАМ– (пар. байрам بيرام) – мереке, той. (Дуана қожа атасы барар Мекке, Мейрамға имам болған жалғыз, жеке)

МЕҺРІҢНЕН МЕҺІР– (араб.) – мейір, ықылас. (Меһірден  қатты мал бітіп, Кетпесе мал қораңнан)

МҮМІН–  (ар. мумин مؤمن)    1. Мұсылман адам, ислам дінін ұстанушы.

МҮСӘПІР – (ар. мусафир مسافر)  Тұрмыс азабын көп көріп, арып-ашқан бейшара адам; қаріп-қасер  (Ең мүсәпір қорықсын деп, Мұңайған болар жыласып)

МИЯТ – Көңілге медеу боларлық нәрсе, тірек, сүйеніш. (Ардан көшкен ұятсыз, Дінсізге қылар  миятты)

МҰСТАХАП – таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. (Мұстақаб қылмас Құдайым, Ол залымның дұғасын)

ҚИЯМЕТ – (Қиямет-қайым)1. Діни ұғым бойынша жер бетіндегі тіршіліктің күл-талқан болып күйреуі. 2. О дүниедегі алла алдындағы сұрақ, жаза. (Қиямет күн болғанда, Қандай ждерде мекенім)

ҚҰБАҚАН– сын. (1) Ақ пен қоңырдың арасындағы түс, құлан сұр. (2) Қылаң, боз, сұрғылт, құбақан, ақ құба. (Самалды шалқар көліне, Құбақан сағым беліне)

ҚҰБЫЛА – [ар. قبلة ] з а т. 1. д і н и. Намаз оқыған кезде бет қарататын жақ, Мекке жақ (Құбыласын білмей құл, Сонда тартар жазасын)

ҚҰРАН  –   (ар. құран قرآن)    Мұсылмандардың ең қасиетті кітабы, құран. (Ал Құранды алты мың, Алты жүз алпыс алты аяттан)

НАДАН–  (пар. надан نادان) – мәдениеттен мешеу, дөрекі, білімсіз. (Жөн білмеген надандар)

НАМАЗ –  (пар. намаз نماز) – мұсылмандардың күніне бес рет құдайға жасайтын құлшылығы. (Кешірмейді Құдайым, Бес намаздың қазасын)

НАШАР– (пар. начар ناچار)  жарлы-жалқыбай, жоқ-жітік, ғаріп, міскін. (Нашардың биттей құны жоқ, Құр жылайды қақылдап)

НАУША – (пар. нуше نوشه)    1. Мықты, табанды.

НӘПСІ (Ләпсі) – [ар. نفس ]  құмарлық, құштарлық, «шамадан тыс құмарлық, қанағатсыздық» деген мағынаны білдіреді.

НИЕТ – [ар. نية ] з а т. 1. Бір нәрсеге, бір іске, біреуге бейіл, ықылас білдіруде алдын ала қалыптасатын мақсатты ой, ынта, тілек.

Ноқталы басқа бір өлім — Тағдыр байлауындағы жанға бір қаза, бірақ әзірге тәуекел деген мағынада. (Ноқталы басқа бір өлім, Өлмей де адам жүре ме)

ПІР– (пар. пир پير) Діни жетекші, рухани көсем. (Пірлерден кетіп керемет)

ПІРКӘНШІК   — [ор.] з а т. к ө н е. Сауда қызметкері, сатушы. (Қырық қара нар пұлменен, Он піркәншік құлменен)

ПІТНЕ –  (пар. фитне فتنه)    Бүлік, дүрбелең (Пітне толды осылай, Момын жатқан еліме)

САРТ – ерте кезде өзбектер мен тәжіктер сияқты сауда-саттықпен айналысқан түркітілдес халықтарға телініп келген ат. (Ойнап түбің сарт дедім, Мені атадың қызылбас)

САХАР – таңға жақынғы уақыт. (Сахарменен тұрғаның. Хақ дидарын көрерсің)

СӘЛДЕ –  (пар. сәлле سله) – басқа орайтын шалма.  (Сәлдесін үлкен орасып,

Жауған қардай борасып)

СЕЛЕБЕ– з а т. к ө н е. Қиын-қыстау кезең, ауыртпалық, апат. (Көппен көрген – селебе.)

СИРАТ – (ар. сират صراط) 1. Жол, бағыт. (Сираттың желі соққанда, Ораза, намаз панаң-ды)

СОПЫ АЛЛАЯР  –  ғұлама Софы Аллаяр (1634-1723)  («Сопы Аллаяр» кітаптан, Сұрап тұрсаң осымды)

СТАРШЫН – революцияға дейінгі белгілі бір руға тән істі басқару үшін сайланған адамның шені. (Старшын қойған болыпты, Пысықсыған немесін)

ТАРАЗЫ–  (пар. таразу ترازو)  1. Салмақ өлшейтін құрал, өлшегіш. (Танда мақшар болғанда, Таразыны аударар)

ТАРЫҚ– Міндет, парыз, сідет, сілет, уәзипа, борыш.  (Құбылаға бас қоймақ,

Мұсылманның тарықы)

ТАМАМ–  барлық, күллі, дүйім. (Кәлиматың шаһадат, Тамам кісінің расы)

ТАЙЫР – (араб) Жоғарыға ұшушы; құс. (2) Болжал, болжам  (Бұрынғы өткен адамның, міне, келді тайыры)

ТАҚУА –  (ар. тақуа تقوى) – діндар, діншіл, дін жолын қатты ұстанушы. (Тақуада болған ғалымдар, Бұ жалғаннан өтеді)

ТАУПЫҚ–  (тауфих) ынсап, нысап, қанағат, көрген, тәрбие.

ТАР ЗАМАН  –  аласапыран дәуір, қиын-қыстау шақ. (Жай-жайына жүрмеген, Мұның өзі тар заман)

ТАРЛАУ  – Арқада өсетін бидайық сияқты, малды тез оңалтатын шөп. (Атты керден естірген, Арқаның тарлау шөбі екен)

ТАМЫР–  алыс-беріс жасап тұратын сыйлас адам (Құда,тамыр, дос кетер, Ине жүрмес арадан)

ТАМҰҚ – (пар.там تم) – тозақ. Діни түсінік бойынша «күнәлы жандардың»өлгеннен кейін “о дүниедегі» жазаланатын орны. Діни ұғымда көр азабын, “тозақ отын» бейнелейді.

ТӘКПІР – Намаз кезінде Аллаға сиынып, ұлықтау дұғасы.

ТӘРКІ – қиыншылық  (Тәркі деген тамұқтың – Қысқы суық амал-ды)

ТӘУБЕ– ар. зат. Аллаға ризалық, тағдырына шүкіршілік (Тәубе деп қылмай қапы өттім)

ТЕЗІНЕ – Сынады, мінеді; кемшілігін бетіне айтты (Алдындағы жолығар, Құдайдың құрған тезіне)

ТОБЫҚТЫДА ҚҰНАНБАЙ – Құнанбай Өскенбайұлы

ТӨРЕ – Шыңғысхан тұқымынан шыққан билік жүргізуші, басқарушы (Қасиетті төре жоқ, Шарапатты қожа жоқ)

ТҮЙНЕК –  з а т. в е т. Көбінесе қой, ешкіде және адамда болатын түйіліп ауыратын іш ауруы. (Тоқтыдай керіледі болған түйнек)

ТІЗДЕ–  е т. Шөгіп жатқан түйені тұрып кетпеу үшін алдыңғы аяғының біреуін не екеуін кейде төрт аяғын тізесінен астына қарай бүктіріп байлау. (Күшің жеткен адамды, Мұнша неге тіздедің?)

ШАРИҒАТ  –  (ар. шариғат شريعة) – ислам дінінің заңдары (Шариатты шығарып, Шартарапқа тарапты)

ШАТА – некесіз туған бала

ШАФҚАТ – (ар. шафағат, шафқат شفقة , شفاعة)    1. Аяу, жаны ашу, есіркеу. 2. Ауысп. Мейірім, рақым, қамқоршылық.

ШЕРНЕУ – жер үсті, бұл дүние, пәни жалған. (Шернеуде жазған несіпке, дәрия құйсаң толар ма)

ШОРМАН ҰЛЫ МҰСА –  Ақын замандасы

ШЫМ –  зат. Жердің шөп өскен құйқалы қабаты. (Жапырағын жайқалтып, Көктемде қонсаң шым жерге)

ІИ – жуасыды, басылды. (Көпке тентек, ез  қисық, Қамшыменен іи болар)

ЫСҚАТ– (ар. исқат اسقاط) – шариғат бойынша өлген адамның күнәсін сатып алу үшін берілетін төлем. (Өлгендерде ысқат пенен құран жоқ)

ІЛКІМ –  тез, шапшаң. (Атыңды берсең азбассың, Епті туған ілкімге).

ХАРАМ – А р а м, тиым салынған, (Қайыры жоқ ас сақтап, Дәмді харам шайнама)

ХАТЫМ – (ар. хатм ختم) – аяқтау, бітіру, тауысу. Хатым құран – тура мағынасы құранды бастан аяқ оқып бітіру дегенді білдіреді (Келсе балам басыма, Хатым қылсын артыма)

ЮЗНАСЫ- тілегі (Юзнасы зар көрген, Өзімнен қалсын балаға)

Сөздерге анықтамаларды интернеттегі «Sozdikqor.kz- алынды

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу