Ясауи мұрасы
Ұстазға құрмет
Бір күні Ясауи шәкірттеріне дәріс беріп отыр еді, кенеттен көшеде өтіп бара жатқан бір дуананы көріп «Ұстаз» деп алдынан шығып, қолын беріп амандасты. Сонда шәкірттері: «Біз мұны әулие деп жүрсек, өзі қайдағы бір дуананы ұстаз деп қолын алып жүр ғой», – деген ойға қалады. Мұны сезген Ясауи шәкірттеріне: «Бұл кісі маған иттің балиғатқа толғанын айыруды үйретіп, біліміме білім қосып еді. Сондықтан мен оны құрметтеп, өзіме ұстаз санаймын», – деп, шәкірттеріне ұстазды қалай құрметтеу керектігінің үлгісін көрсетеді.
(Материалдар “Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар” кітабынан алынды. Құрастырған ф.ғ.к., Б.Қорғанбек. Алматы: “Эффект”, 2011ж.)