Смайыл әздүр ұрпақтары бас қосты
ҚОЖАЛАРДЫҢ БАС ҚОСУЫНА АРНАУ
Жаратушы бір Алла адам қылып
Әке-ана өмір берді нәрін жиып
Тегінің тектілігін жалғастырсаң,
Болады ғұмыр мәнді қадамы нық!
Ес біліп ,бала болдық етек жиып,
Естіген жақсы сөзді ойға түйіп
Қожаның баласы деп құрметтейді,
Қөргендер ел ішінде ойы биік.
Әзірет-Әлі біздің түбіріміз,
Жасалған мықты болып тұғырымыз.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызын алған,
Бауырлар осы ойдан сыр ұғыңыз.
Таралған талай жақсы бабалардан ,
Әрбірінің орны бөлек дара болған.
Ғұлама,әрі батыр әрі білгір,
Бойына Смайыл-Әздүр бәрі қонған.
Бас қосқан Әздүр баба ұрпақтары,
Білгенін ойға түйіп сыр ақтарды.
Кездесіп жөн сұрасып қауымдасып,
Тұрайық қандас бауыр жан-жақтағы.
Мың қосшыға бір башы деген бабаң,
Ғасырдан келе жатқан жақсы қадам.
Серікбай аға, Жамаладдин аға бастамашы
Мұрат пен Мақсұт інім жалғастырған.
Осылай бөлінбесін бастарымыз
Деніміз сау, ұзақ болсын жастарымыз.
Алда аға, артта іні аман болып,
Игі істі жалғастырсын жастарымыз.
Бекен-Қожа 16 -желтоқсан
2023 жыл.
БАБАЛАРҒА ТАҒЗЫМ
(Жамалладин шуағы)
Байды құдай атқаны
Жабағы жүнді сатқаны
Кедейің қайтып күн көрер
Жаз жатақта жатқаны
Шортанбай Қанайұлы
Жүзінен жылы шуақ төгіледі
Сал сері тұяғындай көрінеді
Ойлары тал жібектей өріледі
Бұл жұртың ұғар екен көбі нені?
Барыстай атылатын тасадағы
Ой үміт ұлылардан бас алады
Бес ата деген жерге барып қайтты
Жол -сапар əлі талай жасалады
Шортанбай Қанайұлы бабасы еді
Өлеңнің сарқылмайтын сағасы еді
Төрт Қылыш барып қайтты Қарағанды
Бұларды қарсы алды ағасы, елі
Ілініп қараған шөп балағына
Қарады Қарағанды алабына
Шортанбай кесенесін көрді барып
Ризамын Жамаладдин талабына
Айналды бабасының кесенесін
Ұрпағы бақытты өмір кеше берсін
Ақынды ардақтайды Сыр да бүгін
Біледі басталған іс кеш емесін
Жігіт қой сөзінде бұл тұра алатын
Шалғандай сөз өрнегі тұма басын
Толғанып Сырдың ұлы сағынышпен
Айналды бабасының мұрағатын
Қосылу Ресейге қаламаған
Бай, бидің бет жүзіне қарамаған
Шортанбай зар заманның ақыны еді
Қайда енді ондай жырау таба ма адам
Жырымды қайта жаздым жаңаладым
Хабарды Қоғалыдан жаңа алдым
Тыңдасын заман зарын сол шақтағы
Оқи түс Шортанбайды Жамаладдин
Мұхамеджан Нұрханов
Эколог ақын
Журналистер Одағының мүшесі
Он кітаптың авторы
Ысмайл Əздүр
Қыран құс ұшпас қанат қомдамастан
Асылды жазу қиын сомдамастан
Атақты Исмайл Əздүр кесенесі
Дуана Қожа қорымына орналасқан
Көп үміттің дем беріп шырағына
Айналған білімділер бұлағына
Бұдабай Қабылұлы жырға қосып
Теңеген уалилер пырағына
Кез өтті саясатпен ас табылған
Дінге деген көзқарас тас жабылған
Исмағил Уфат деген сөз сақталып
Кесененің орнынан тас табылған
Жүрген уақ шындықты кем көрсетіп
Байларды биік таумен тең көрсетіп
Шортанбай Қанайұлы ұрпақтары
Жырлаған өз дəуірін кең көрсетіп
Жасай алмай жүр біреу жазып жазып тұлға
Біреулер бағынышты азықты ұлға
Базарқожа əулие де содан шыққан
Қанша көп қатарынан озық тұлға
Мəн бергізбей үкімет аса қатты
Бүркемелеп жаптырған баса қатты
Ысмайл Əздүр белгілі əулие кісі
Ұрпаққа жаудырған нұр шапағатты
Əрбір сөзі биікке теңелетін
Ризалық сезімге жұрт бөленетін
Жеткіздірмей тастаған кері күштер
Жасаған талай қызық кереметін
Дінге баулып көпшілік қауымында
Көтеріп қиындығы дауылында
Ханқожа медресесін қолға алып
Ұстаз болған Қоғалыкөл ауылында
Сыр шежіре іздесең жатады елде
Тұнған тарих көрінер ассаң белде
Қанша шəкірт білім алған сол кісіден
Хан мектебі,Хан ағашы деген жерде
Көп болсын текті ұрпақ түсінері
Белгілі ойдың қайнап пісілері
Аңыз ғып əңгіме ғып көп айтады
Əсіресе Шіркейлінің кісілері
Мəн берер көңілдердің ауғанына
Өрбітер адал тірлік сауданы да
Шіркейлі Қоғалыкөл жақын ауыл
Қарасты Сырдария ауданына
Үміт отын көкейге жағып беріп
Жұмбақ сырын əлемнің шағып беріп
Құлболды Ишан бабаға сабақ берген
Арапша тіл сындырып бағыт беріп
Зердеге бəрін жақсы құйғандық па
Тəрбиелеп үйретіп имандыққа
Кейіннен Құлболдыны ұсынады
Ысмайл Əздүр мешітіне имамдыққа
Білімді іс жолын тапса жүйелік те
Бұйырған əулиелік киелік те
Батасын беріп сосын тапсырады
Мешіт пенен медресеге иелікке
Жақсы қасиет адамға болған ырыс
Дін Исламда атқарған қанша ірі іс
Заманында белгілі үлкен тұлға
Құрмет тұтып халқымыз жүрген дұрыс
Байрон Есенбаев,
Қоғалыкөлдік ақын
Мəдениет майталманы медальының иегері