Ахмет (Шаққармолда)

Ахмет (Шаққармолда) – Пахран, Шәмен, Сам, Жармақбай, Алпысбай Ахмет (шаққар) молда – 1870-1952 жыл аралығында қазіргі Шіркейлі ауылында өмір сүрген. Үш алашқа пір болған атақты Тапал ахунның шәкірті, кейін білім алуды Қарнақта жалғастырған. Діни медреселерде дәріс берген ұстаз. Бұл кісіден Акмал мақсұм, белгілі журналист Шөкенов Жарылқасын, көп жыл Шіркейілі ауылын басқарған Азаматов Жаңабай, туыстары: Есберген, Қосберген, баласы: Пахраддин, Қыпшақбай баласы Айтбай т.б. дәріс алған. Шаққар молда өте дарын, жан-жақты сауатты, діни білімділігімен қатар математика, астрономия, тарих, география, т.б ғылымдардың саласын жақсы менгерген ұстаз. Ахмет атаға «Шаққар» деген атақты ұстазы – Тапал ахунның өзі беріпті. Туысымыз Балға (лақабы – Шақа) қыс айында буыршын түйеге мініп, жоғалып кеткен малын іздеп шығады, дәрет қыстап, буыршынды шөгерейін десе, ол бақырып шөкпей қояды. Бұған ашуланған Балға (л.а. шақа) «сен буыршынның үстінен жерге түссем, кәпір болайын» деп ант айтыпты. Бірақ ашу басылған соң, өзінің айтқан антының шәриғат тәртібінде өте ауыр екенін еске алып, Тапал ахунның қыстау мешітіне қарай бет алады. Тапал ахун болған оқиғаны күні бұрын біліп, от жаққызып, шәкірттерімен сыртта күтіп тұрады. Балға ақсақал келген бойда «мен сорлап қалдым ғой» деп Ахунға жылап, болған оқиғаны баяндайды. сонда Тапал ахун шәкірттеріне қарап «Кәне, қайсың шешімін айтасыңдар?» депті, сонда шәкірті Ахмет рұқсат берсеңіз мен шешімін айтайын депті. сөйтіп келіні (астық түйетін) төңкеріп, Балға алдымен келіге түсіріп, жиналған отынның үстіне одан түйенің жазысының үстіне түсіріп, міне осымен сіздің антыңыз күшін жойды енді жерге түсіңіз дейді. шәкірттің бұл шешіміне риза болған Тапал ахун Ахметке қарап, «шаққарым» деп атаған екен. Содан кейін ел арасында «шаққар» молда деп аталып кеткен.
Дуана қожалар шежіресінен





