Ясауи мұрасы

Қ.А. Яссауи еңбектерінің философиялық және тәлім-тәрбиелік мәні

Аңдатпа. Қазақ әдебиеті бір арнаның ғана тоғысуы емес, бірнеше жанрлар мен еңбектердің және де мың тағдырлардың арқасында дүниеге келген рухин азық. Бүгінгі күні қоғам алдында зиялы тұлғалардың педагогикалық ақыл –ой мен тәлім- тәрбиелік тәжірибені көздеп, замана талабына сай жетілдіре отырып, пайдалану көзделген.

Бұл мақаланың негізі ретінде жеке тұлғаның қалпытасуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, қоғамдағы тәрбиелік жұмыстарымен Қ.А.Яссауидің рухани адамгершілік тәлім-тәрбиесін, ағартушылық қызметінің, шығармашылық тарихи еңбектерін талдау, негізге алу, философиялық танымдарын жүйелеу. Қожа Ахмет Яссауи ілімінің тереңіне бойлай отырып, оның адамзат пен қазақ әдебиетіне берер мәніне үңілу. Қазақ әдебиетінің бір өкілі ретінде ғана емес, рухани жан азықтың тамырына ислам қанын сіңірген Ахмет Яссауи даналығы мың жылдар бойына ұрпақтан-ұрпаққа мұра. Кілт сөздер: Қожа-Ахмет Яссауи, Диуани хикмет, әдебиет, философия, хикмет.

***

Abstract. Kazakh literatureis not just a channel of one channel, but there sult of several genres, works and thousands of fates. Todate, the publicis being used by smart people to continue the pedagogical mentality and practice of teaching and developing the min accordance with modern requirements. The basis of this article is the scientific conclusions about the person’s personality, the analysis of spiritual moral education, education alactivities, Kayassawi’s creative historical works in educational work in society, the systematization of philosophical knowledge. Deeply delving into the teachings of Khoja Ahmet Yasawi, it is worth concentrating on humanity and Kazakh literature. The wisdom of Ahmet Yasawi, which is not only a representative of Kazakh literature, but also the roots of spiritual food, is in herited from generation to generation for millennia.

Key words: Khodja-Ahmed Yassaui, Diwani Hikmet, literature, philosophy, wisdom.

Бүкіл бір халықтың ішкін жан дүниесіне үңілу үшін оның  әдебиетін жетік білу керек. Сонда ғана оның тарихы мен мәдениеті сүт бетіне шыққан қаймақтай көзге көрініп тұрмақ. Жалпы алғанда Яссауи мұраларын бірден оқып кету мүмкін емес. Оның еңбектері күрделі әрі оларды тез меңгеріп алу да қиын. Оның әрбір еңбегінде мән бар. Философиялық болсын, әдеби және діни, психологиялық жағынан алып қарасақ та, әлеуметтік, тіл және де тағы басқа да тәлім-тәрбиелік мәні бар дүниелері кең қарастырылған. Сондықтан болар ол мұраларды ұқыптылықпен талдау отырып оқу және оны сүзгіден өткізу қажет. Тіпті Яссауи өзінің хикметтерін Алланың кітабымен (Құран) тең көрген-ді. Ол туралы былай дейді:

Менің хикметтерім,

Алладан пәрмен.

Оқып ұққанға бар.

Мағынасы – «Құран»- деп, өз хикметтерінің Алла тарапынан келіп тұрғандығын баян етеді. Осылай Ясауи туралы қосымша мағлұмат беріп болған соң, әрбір еңбегіне жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс сияқты. Мысалы, ақынның кез келген еңбегіндегі отбасы, ақыл-ой, адамгершілік, экологиялық, тіпті экономикалық одан қала берді өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбибелеу т.б. көптеген мәселелерін жеке дара қарастырып шығу абзал. Ахметтің қандай еңбектері бар екенін, олардың аттары және баспа арқылы жарыққа шығуы жайында азда болсын тарихи деректер беріліп өткені дұрыс. Өйткені, ақын еңбектері біз жас ұрпаққа жетуі үшін көптеген түрлі бағыттағы қиындықтарды бастап кешіріп, өткізіп келетіндіктен, солар туралы да аз ғана деректер берілуі керек.

Сонымен алғанда, біз ақынның бізге мәлім қандай еңбектерімен таныспыз, сол жағын қарастырып алсақ. Алдымен «Хикметтер жинағы» одан кейін «Диуани хикмет», бұл еңбегі бүгінгі күнге дейін жүздеген елдің тіліне аударылған. Тек 1991 жылдан бері қазақ тілінде жарық көріп, аударылып келеді.

Қ.А.Яссауидің келесі еңбегі «Пақырнама және Мүнажатнама». Бұл шығармаларға ден қойып сараламасақ та бұл еңбектердің де көптеген елдердің тіліне аударылып, оқылғанын естен шығармау керек  «Мират-ул-Қулуб». Бұл еңбегі жақында Швецияның Упсала деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. Түркияда 2000 жылдары жарық көрген.

Келесі еңбегі, Ахмет Яссауи өміріне қатысты аңыздар мен әңгімелер, хикметтер жинағы болып табылады. Бұлар да көптеген тілдерге аударылып, таратылған. «Тарихы терең көрген Түркістан» атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар [1]. Яссауидің алғашқы еңбегі «Диуани хикмет. Бұл «Диуани хикмет» еңбегі ел аузында айтылып қол жазба түрінде сақталған. Біз сөз етіп отырған Ахмет Яссауи тәрбиесінің адам баласына ықпал ету күшіне кәміл сенді, адамдығы мен адамгершілі мол пенде жауыздыққа бармайды деп есептелді. Тек дені дұрыс тәрбиеның көзі ғана ақымақтыққа бастар істерден сақтап, мінез бен болмысты түзеуге ықпал етпек.

Адамзат баласының алдында үлкен белес тұрды. Ол адам бойындағы адагершілік қасиетін сақтап қалу еді. Сол тұстағы ойшылдардың алдында да осы мәселе болды. А.Яссауи де елге дұрыс жол сілтеп, нағы адами құндылықты көрсету үшін қандай шарттары керек екенін көрсетіп, өзінің алдындағы басты парызын орындау керектігін сезіне білді. Оның осы жалған дүниеде не нәрсеге ұмтылып, не нәрседен жеріну керектгіні бейнелейтін ұлағатты ұғымдарын оқып, үйренудің қазіргі сәт үшін мәні зор.

Қожа Ахмет Яссауи мұраларындағы «Даналық кітабында» төрт ғақлия мадақталады:

  1. «Шариғат» – ислам заңдары және салт-дәстүр негіздері. Мұсылмандық жолды қасиет тұтып, оны тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың адамзатқа тән екендігін жырлап, адамгершілік дүниесін асақақ әуенмен жеткізу.
  1. «Тариқат» – діни-сопылық идеяны мақсатты түрде өсиет ету. Кеңінен алып айтқанда, өлең арқылы ұрпақты имандылыққа, шынайылққа, әділеттікке , адалдыққа тәрбиелеп, татулыққа үйрету. Сөйтіп оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалдықсыз айтады.
  1. «Мағрифат» – дін жолына түсіп, соның бағыт-бағдарын айқындау, тану. Яғни, Алланың ақ жолына түсіп, ала жіп аттамай, ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпы сақталған тазалықты жекізу. Ақын хақты танып, соның жолында жиған-терген ілімін насихаттап, дастан етіп жазу парыз етілген. Бұл бөлікте де соның нышаны айтылады.
  1. «Хақиқат» – Аллаға құлшылық қылу. Он сегіз мың ғаламды жаратушыны дәріптеп, әрбір мұсылманның парызы Құдайға құлшылық екенін меңзеу. «Иман нұры», «Хақиқат дариясы», «Ақіреттің азығы» деген дүниелермен адамды күнәдан арашалау, тазарту. Бұл еңбекте ғұлама Түркістанның пірі деп негізгі төрт мәселені қарастырған.

Алғашқысы – Алланы тану. Келесі Құдайды ұлықтау. Үшінші – күнәлар мен әділетсіздікті жоққа шығару. Төртіншісі – жалған дүниеден бас тарту. Хикметтері төрт, кей жерлерде екі шумақтан құрылған болып, жалпы окырман қауымның жаттап алып айтуына ыңғайлы болып келеді. Сол себептен де Ясауи хикметтері ел арасына ауызекі тараған хикметтер, кейіншелік қағаз беттеріне түсе бастаған. Сонымен хикметтер саны өзі айтып кеткендей, «төрт мың төрт жүзге» тарта екен. Оған дәлелді мына хикмет шумақтарынан келтіруге болады [2].

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,

Тәліптерге баян қылсам, қалмас арма.

Төрт мың төрт жүз «Хикмет» айттым хақтан пәрмен,

Пәрмен болса өлгенімше сөйлесем мен.

Ақын дәл осылай өмір кезеңдерін хикметтерінед айтып отырған. Енді нақты хикметтерінің қаншау екені белгісіз. Ұстаздары жайында да дерек аз. Бізге мәлім болған бүгінге дейінгі оның Түркістан қаласына қай кезде келгені, оның қай жасында кімді пір тұтқаны, «Қылуетке» қай жасында түскендігі жайында ақын өзінің хикметтреінде көрсетіп отырған. Дегенмен осы бір құнды дүниелерді оқырманға ғылыми дәржеде жеткізе алсақ біз үшін үлкен мәртебе. Иә, бұл еңбекті жіті назарда ұстап, тереңнен үңіліп зерделеу керек. Қазақ әдебиетіне келіп тағы бір еңбегімен көзге түскен Ахмет Яссауидің «Пақырнама және мүнажатнама» еңбегі еді. Бұл еңбек «Диуани хикметтен» гөрі барынша сопылық ілім мен ислам өркениетіне арналып негіз болған. Яғни, пақырнамасында сопылық жолда жүрудің үлкен төрт мақамын толығымен сөз етеді. Олар: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат мәселелері еді. Бұлардың өзі төрт түрлі болып келгенімен әрқайсысы он-он мақамға бөлінеді. Оны да көрсеткен.

Аталған, басы-аяғын қосқанда қырық мақамды кімде-кім басып өтсе, сол пенде ғана өзінің деңгейіне (дәруіш), шайх, пір, сопы, ишан, ұстаз бола алады деп көрсетеді. Бұл мақамдардың бірін де орындап, басып өткеген кез келеген құл аталған дәрежелердің біреуіне де көтеріле алмайды. Тіптен сопылық ілімін уағыздау сәтіндегі қарабайыр шапанның өзі киюге құқысы жоқ екенін айтады. Ал, сомен «пақырлық» дәрежесіне жету үшін айналып келіп қырық мақамды басу керек. Жоғарыдағы келтірілген еңбектегі дәрежелер арқылы ғана адам баласы Алланың алдына баруы мүмкін. Сондықтан болар сопылар өмір бойы өздерін тазалап, көкірек көздерін ашуға асыққан. Оның өзіне тән әдіс-тәсілдері болған. Солардың бірі «Зікір» салу еді. Яғни Құдайды ұлықтап оның атын қайталап еске алып отыру.

Ал енді, «Мұнажатнамасына» келетін болсақ, ол екі шумақтан тұрып, хикметтер тәріздес өлең сөздеріен жазылған. Ясауидің Мұнажатнамасы негізінен екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында Құдайға мінәжат етуді өсиет еткен болса, кейінгісінде жалпы жұртқа хикметтермен сусындау арқылы Алланы тануға, танымға баруды өсиет еткен. Қысқалығы мен де әрі түсінікке жетер нұсқалығымен де шығарма құнын сақтап тұр. Оның көптеген елдердің тіліне аударылуы да тегін емес-ті. Сол кезеңдеред түркі тілдес бір қауым жұрт бір-бірінің тілін түсіне алатын болған. Жазуларының негізі араб графикасына негізделген. Осы тіл және жазу арқасында көптеген сопылыққа бастар жолды меңзейтін еңбектер жазылды. Бірі – Ахмет Яссауи екенін атап көрсеттік. Сондықтан болар сопылар барынша нәпсімен күресуді алға қойып отырған.

Қожа Ахмет Яссауидің келесі бір еңбегі «Мират – ул Қулуб». Бұл еңбек алдыңғы сопылық ілімін негіз еткен ілімнің жалғасы сынды. Мұнда да негізінен Иассахан негізіндегі шариғаттың, мағрифаттың, тариқаттың, ақиқаттың мәселелерін ашып көрсетеді. Шығарманың атауының өзі қызық әрі адам баласын өзіне тартып тұрады. Шығарманың бұл аталуы оның ішкі мазмұнына байланысты болмақ. Аталған еңбекті кімде-кім оқып шығар болса, қателіктерге бой алдырмай өзінің күнәларын танитын болады делінген.

Тағы бір еңбек жайында сөз қозғап өтсек. Ол Яссауи өміріне байланысты аңыз-әңгімелерге толы хикаяттар мен еңбектер. Бұл шығармаларды оқудың арқасында оқушы оқырман өздерін жақсы бір бағыттан көруге тырысады. Біз айтып отырған ғұлама әрі дана Қожа Ахмет Яссауи өмірі үлкен үш арнадан тұрады. Атап айтқанда біріншісі – бала кезі, жастық шағы, екіншісі – бозбала шағы, үшіншісі – нәпсіні жеңіп әулиелік деңгейге көтерілген тұсы.

Қ.А.Яссауидің өмір сүру кезеңін үлкен үш бөлікке бөліп қарастырсақ. Біріншісі – жастық шақ, бала кезі, екіншісі – бозбала шағы, үшіншісі – ғалым, ғұлама атануы. Осы үш бөлік бойынша ғұламаның ғұмырына зер салып қарау керек. Әрі солай қабылдай алу да керек. «Аңыз түбінде ақиқат бар»-демекші, аталған әңгімелер мен аңыздарға жете қарап, көңіл бөліп қарастырған абзал. Ахмет үшін құдай жолы дегеніміз пенденің рухани кемелдікке жол алып, адамның адамдық қасиеттерімен өмір сүруі. Атап айтқанда адамның рухани жан дүниесі оның адамдық қасиеттерімен ғана танылады. Ал адам қасиеттер иман жүзінде көрініс табады. Иман дегеніміз адамның өмі сүру амалы, адам әлемнің шеңбері, рухани қор жинағы.

Иман болды Хақ тағала тағатынан,

Кешпек керек бүл дүниенің рахатынан.

Яғни, имандылық Алладан пайда болғандықтан, рух әлеміне тиесілі құбылыс. Сабырлық рухни әлемнің реттеуші күші деп санайтын болсақ, онда иман дегеніміздің өзі рухани дүниелердің жинақталған құрамы, көрінісі деп түсінеміз. Ахмет Яссауи түсінігінде, адамның кісілік келбеті, ішкі рухани дүниесінің нұры, жақсы жаққа жетелейтін тәрбиешісі оң жолы нұсқап, түзу бағыт-бағдар нұсқайтын жекешісі және де иман пенденің ана әлемде Хақ алдында ақтық сөзін сөйлер куәгері, жақтасы болып қалмақ. Иман – Құдайдың құдіретімен жеткен, адамзатқа берілген үлкен нұр. Оны сақтап қалу үшін көп еңбек ету керек. былайша айтқанда әркімнің өз қолдында тұрған дүние. Иман адамгершілік қасиеттерінен нәр алатын гүл, оны солдырып алмау әркімнің өз баптауында. Яғни иман – адам қасиеттердің жиынтығы. Осы аталған имандылықты құрайтын адамдық қасиет, адамгершілік қандай еді

Құдай тағала пендеге иманды сыйламастан бұрын ең алдымен осы сыйға ие бола алатындай ақыл және де сол тартудың тұрақты бола алтыныдай мекені – сананы берген екен. Яғни иманның нұры мәнге ие болуы тиіс. Оны зерделеу, пайымдап баптау қасиетіне тығыз байланысты болмақ. Иман жүрекке түскен сәуле. Оның нұры кез келген адамның жүрегін жібітіп, ерітіп те жібере алады. Алла адамзатты жаратушы және иманды жіберуші. Ал сол үлкен сыйдың адам рөліндегі теңдесіз дүние екенін түсіну Мұхаммед пайғамбардан бар. Ақылды адам ақ пен қарасын айыра алатын әрі бұрыс жолға кеткенді ауруынан айыра алатын бірден- бір себепкер.

Иманды жүректің екінші негізі – сабырлық. Сабырлы болу үшін адамға төзім мен шыдамдылық керек. ол қасиеттер адам баласында о бастан бар. Сабырлы төзімді пенде өзіне берік, сенімі нық адам. Сабырлылық адамды асығыс жолдан сақтайды. Жөнсіз қылық жасаудан алдын алады. Сабыр пенденеің төзім белгісі, әр не бәле келсе, сабырлық сақтап, шыдамды болуда ерен күш жатыр. Адам неғұрлым сабырлы болса, соғұрлым тағатты болады, әмір қиындықтарынан қорықпай, машақатқа бекем келеді.

Адам өзінің қайраты, тәубесі арқылы өмірдегі таңдауын өмір сүру жолын, орнын белгілейді. Егер де адам жалтақтап, өмір мәселелерін шешуге батылы жетпей, жалған өмір мен хақ өмірге таңдау жасауға қорқып тұрса, онда ол жалған қорқыныш сезіміне бой ұрып, қолы да, жолы да байланып, шайтан құрығына түседі. Яғни адам тек Хақ алдында қорқуы керек, ал бұл дүниелік қорқынышқа бой алдырса, жаны семіріп, құты қашып, иманынан айрылады [3].

Ахмет Яссауи хикметтерінде Құдай рақымды, кешірімді, құлы қанша күнә жасап жатса да, тіпті иесін танымай жатса да, әмірге бағынбаса да, бұзақылық жолға түссе де, рақымымен кешіруге дайын. Алла тағала адасқанның жақсылыққа, адамгершілікке қайтып келгенін күтеді. Ал адам баласы жаратушының бір бөлшегі болғаннан кейін, оның мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерінің уәкілі, жаршысы болуға міндетті.

Адам баласы жан-жағына рақымды болып, мейріммен қараса, Хақ оған сондай рақымшылық танытатын болады. Мейірімді адам басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болып, шер бөлісе алады. Жүрегі махаббатқа толы жылытар, көңіл қуантар. Содан болар Яссауи еңбектерінде адамгершіліктің биік үлгісі бола білген пайғамбар жетім басын сыйлаушы, ғаріптерге медет болушы тұлғасында көбірек сипатталады. Мейірімді болу, рақымды болу пенденің сезімталдық сынды ең нәзік деген сезімдерінен құралған. Адам баласы қаншылықты момын, жүрегі жұмсақ, көңілі жібіген сайын, бұл дүниеде соншалықты дәрменсіз, бейшара болады мыс. Олардың жауға, қорлыққа, зорлыққа қарсы тұрар хәлдері жоқтың қасы. Ахмет Яссауи өз хикметтерінде сопы-дәруіштерді мәңгүрт кейіпінде, бейшара образында бейнелеп көрсеткен. Ал бұлардың мұсылмандық қаруы, яғни осы өмірдегі амалсыздық белгісі жылау, көз жасын көл қылу түрінде сипатталып, мейірім, махаббат, рақымдылық, кешірімді болу, қайырымдылық қасиеттерінің ұғымын жылауда көрсеткен. Тегінде шынайы жылау, адамның жан жүрегінен шыққан аяушылық сезімнің көз жасы сауап. Пәк жүрек пен көңілде бүршік жарып тұрған көз жасы адамның ішкі жан дүниесін шынайы көрсете алмақ деген сынды дүниелерді жырға қосып өткен. Имандылықтың басты шарты деп: адал болу, шынайлық, садиқ болу сынды жолдарды А.Яссауи еңбегінде атап көрсеткен. Бұл шарттар адам баласының өмір бойғы жемісі болып табылмақ. Егер де адам өзінің арам пиғылымен жақсылық жасар болса ол екіжүзділік болып табылады. Адам мәңгүртікке салынып, бұл дүниеде рухани дүниесіне өтірік байлыққа айырбастап, нәпсілікке жол беріп, надандық ауруға душар болады. Ал надан болу дегеніңіз – тәкәппарлық. Менмендіктің түрі. Мұндай кісілер қатыгез қайығымен жүзіп жүретін жандар. Яссауи пендені жалған дүние тұзағынан сақтанып, нәпсінің тұтқыны болмау үшін не жағдайда да иманынан айырылып қалмауына шақырады. Пенденің жүрегі таза, жан дүниесі пәк болуның кепілдігі ретінде әрдайым иманмен белгіленген ізгі қасиеттерді тәрбиелеп, жетілдіріп отыру қажет. Себебі пенде тек иман түріндегі адамгершілік қасиеттер арқылы дүниелік тірлік жинап, рухани толып, әулие кемеліне жетеді.

Бұл дүниеден ақыретке қылар сапар,

Бұл дүниеден азық алсаң, болар қадір.

Қожа Ахмет амал, иман, білгір қадір.

Иманменен қылған сапар ғаріптік жоқ.

Сопылық поэзияның басты көркемдік әдістері – тұспалдау мен бейнеліліктің Фарабидің поэтикаға қатысты ғылыми еңбектерінде образдылықты бірінші орынға қоюына белгілі бір дәрежеде ықпал еткені, философиялық-аллегориялық лирика арқылы көзқарас-пікірлерін жеткізген ортағасырлық ойшылдар қатарында әл-Фарабидің де аталатыны жайлы да біз алдыңғы зерттеулерде тарата айтқан болатынбыз. Фараби поэзиясымен оның даңқты жерлесі Қожа Ахмет Йасауидің таныс болған- болмағаны жөнінде ешбір мәлімет жоқ. Дегенмен жоғарыда айтылғандардан аңғаратынымыздай, отандас қос ойшылдың поэзиялық мұрасының мазмұндық қабатынан едәуір үндестіктерді кездестіруге болады.

Оғыз-қыпшақ дәуірінде туындаған эпостық жырларды («Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы») Йасауи шығармашылығымен байланыстыра зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. «Оғызнама» дастаны мен «Қорқыт ата кітабының» ауызекі аңыз-жыр күйінде айтылып, халық санасында сомдала бастаған кезеңі мен туынды ретінде тұлғаланып, қағазға түскен мерзімі арасында бірнеше ғасырлық даму жолы жатыр.

Сопылық таным туындысы «Диуани хикметтің» аңыздық сипаты басым «Оғызнамамен» тақырыптық аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік ерекшелігі жөнінен қабыса бермеуі – заңды құбылыс. Дегенмен біртекті әдеби дәстүрден тамыр тартқан аталмыш шығармаларда ортақ образдар мен көркемдік-бейнелеу құралдары да едәуір. Ал «Оғызнамадағы» өлең үлгілері құрылымдық жөнінен Йасауи хикметтерінің табиғи бастауларының бірі болып табылады.

Алғашқы аңыздары Йасауи өмір сүрген кезеңнен едәуір уақыт бұрын туындай бастағанымен, одан көп дәуір өткеннен кейін қағазға түскен «Қорқыт ата кітабының» Йасауи шығармашылығымен үндестігі үш жақты құбылыстан – әсер етуден, әсер алудан және қатар дамудан тұрады. Мұның өзі «Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті» атты мақаламызда атап көрсетілген дәстүрлі көркемдік қабат, исламдық мазмұндағы жыр қабаты және сопылық таным көрініс тапқан көркемдік қабаттар негізінде жүзеге асқан (Зерттеу нысаны сәйкес болғандықтан алда аталмыш мақаланың кейбір мәліметтері қайталанады).

Түркілік төл дүниетанымнан бастау алатын Қорқыт жырларының ең көне қабаты тілдік құрылымы, көркемдік құралдары, бейнелер жүйесі жөнінен «Диуани хикметпен» қапысыз қабысады. Жырдың хикметтерге айқын әсерінің негізгі көрініс тапқан тұсы – осы дәстүрлі көркемдік қабат. Бірі – батырлық эпос, екіншісі сопылық лирика болып табылатын қос шығармаға қаһармандық пафос та ортақ, тек бұл сезімдердің бағытталуы мен суреттелуі түрліше. Сюжет мәселесіне келсек, Қорқыт жырларында азаматтық тарихтың аңыздық үлгісі жинақталса, Йасауи хикметтерінде агиографиялық сюжеттер қамтылған. Халық педагогикасында адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін, келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу және т.б. Бұл айтылғандар жөнінде Ясауи еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен, «Хикменттерінде» қамтылса, екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса, «Мират-ул- Қулуб» атты еңбектерінде талданып, берілген. Қалған мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз-әңгімелер мен хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, оқытудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей түседі. Қандай халық болса да оның ұлтық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті ұлттық болуы арқылы болашақ өскелең жас ұрпақтың төл ұлтына тән қабілетін қалыптастырды. Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. – Алматы, 1972. – 647 б. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы. Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы:Жалын, 1998. – 324 б. Қожа Ахмет Иассауи. «Диуани хикмет».- Алматы: Арыс, 2001. – 18 б. С. Демирел атындағы университеттің хабаршысы. №4 (43). 2017

Ұ.Т. Ташкенбаева

Сулейман Демирел университеті (Алматы қ., Қазақстан)

 

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу