Тұлғалар

Әбжел баба

Әбжел баба –  «Хош Мұхаммад Ходжа Бин Хам Ғабджәлел» мұрағаттан табылған ресми құжаттың  мөрінде басылған жазуға қарап Мүсірәлі сопы Әзіздің ұрпағы Әбжелдің толық аты-жөні деп ұғамыз. Жазба соңында хатты бекітуші кіші жүздің пірі –«Қосым Қожаұлы Хан Әбжел» деп көрсеткен. Кей естеліктерде «Әбужәлел-Машайық» деп айтылады. Мүсірәлі сопы Әзіздің кенже ұлы Қосымның пері әйелінен туған үлкен баласы. «Әбжел» дейтін себебі «Сенің анаң перінің қызы болғандықтан атыңды Әбжел қойдым. Халық сені «Бір қап жел» дер, дұғаң қабыл, оғың кезеулі болар» деген екен әкесі Қосым. (қараңыз: Қосым қожа) Әбжелдің сүйегі өлгенен кейін ақсары бас аққу бейнесіне айналып ұшып кеткен, тәнін жуған су мен сауап киімі жерленген.

Ашық ақпарат көздерінде жарияланған «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ғабдулла Іззаттың дерегіне сүйеніп жазылды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button