Мәді қажы (Махди) – Диуана (Дуана деп те айтылады)
Мәді қажы (Махди) – Диуана (Дуана деп те айтылады) – елімізде кең таралған қожа аталықтарының бірі. ХV-ХVІ ғасырлармен таңбаланып, мөрленген насаб-намалардың бесеуінде осы аталықтың шежіресін қамтылған. Сол насаб-намалар бойынша және Диуана қожаларды хазіреті Әлиден (р.а.) таратады. Ал Диуана қожалардың бастауында тұрған Мәді қажы (Махди) 31 атамен қосылады. 1.Әзірет Әлі; 2.Имам Мұхаммед-Ханафия; 3.Абдул Фаттах, Абдул Маннан. 4.Абдул Жаппар; 5.Абдул Каһар; 6.Абдул Рахман. 7.Абдул Жалел баб ұлдары Ибраһим софы, Хүсейін софы. Хазірет Ибрахим софы; 9.Микайл софы; 10.Исрафил софы;11.Исмайл софы; 12.Айна софы; 13.Мұхаммед софы; 14. Бәдр ата; 15.Сүйіндік ата; 16.Көбіндік ата; 17.Ибраһим ата; 18.Исмайл ата; 19.Ысқақ қожа; 20.Абдул Қасым қожа; 21.Сайд Ахмет қожа; 22.Сайфиддин қожа; 23.Шамсуддин қожа; 24.Пірзада қожа; 25.Жалаладдин қожа; 26.Мұхаммед қожа; 27.Оспан қожа (Усман); 28.Исмайл қожа; 29 Факыр қожа; 30.Ислам қожа; 31.Забид қожа. Халық арасында Мәді қожаның жоңғар шапқыншылығы кезіндегі әулиелік қасиеттері, көрсеткен кереметтері жайлы аңыздары айтылады. Қажы Мәді қожа (Диуана) бабамыздан:1. Қожжан; 2.Қылыш; 3.Пірзада; 4.Бақ-Мұхаммед қожалар өмірге келген.Оның Ғабдірахман атты ұлынан ұрпақ жоқ.
Әдеб.: Дуана қожа – Мәді қажы әулетінің шежіресі Қызылорда-Шымкент – 2018 жыл.С. Саттарұлы. Қожалар шежіресі. Алматы2016 жыл.