ЖаңалықтарФотогалерея

«Күдеріқожа мұрасы» жинақталды

Күдеріқожа Көшекұлының кітабының тұсаукесері өтті

«Асыл мұра» айдарымен Ералы Әсілханұлы Оспанов­тың құрастырып көркемдеуімен «Күдеріқожа мұрасы» атты ғылыми-зерттеу негізінде жазылған жинақтың тұсауы кесілді, көптен күткен қазына қалың оқырмандарына жол тартты.

Жинақта «Өлеңдер», «Толғаулар», «Айтыстар», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы хаттап қалдырған екі ақынның айтыстары, «Қосымша», «Зерттеулер», «Өзекті мәселе», Күдеріқожа Кө­шек­ұлының ата-тегі туралы, Күдерінің атасы Қылышқожадан тараған ақын-жазушылар сияқты бөлімдерден  және түсініктерімен қорытындыланған.

Күдеріқожа Көшекұлының мұрасы атал­ған еңбектегідей жан-жақты зерт­теліп жеке кітап болып шыққан жоқ. Еңбектің тағы бір ғылыми құндылығы бұрын баспа бетін көрмеген Күдері мен Ұлбике, Жанкел ақындарға байла­нысты тың материалдармен толық­қандығы. Зерделеп оқып шыққан оқыр­манды құрастырушы этнограф, сурет­ші, ғалым, жазушы, тарихшы, ре­жиссер Е.Оспановтың «Өзекті мәселе» бөлімі бейжәй қал­дырмайтынына сенім­діміз. Күдеріқожа Көшекұлының 200 жыл­дық мерейтойына бұл еңбектің тар­тымды әрі тағылымды тарту болатыны сөзсіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button