Ақпараттық хат
«Айқожа Ишан» қоғамдық қоры және QOJALAR.KZ – Тарих.Таным. Тағлым» веб-сайтының ақпараттық қолдауымен Сыр еліне белгілі Айқожа ишанның 250 жылдығына орай, «Айқожа ишан және Сыр бойындағы тасаввуф иелерінің функцияналдық қызметтері мен қилы тағдыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихындағы дін ағартушыларының орны, қызметі. Қазақстандағы ишандық мектептің, ишандардың тарихын бір әулет мысалында байланыстыра зерттеу. Оның қазіргі қазақ мемлекетіндегі қоғамындағы көрінісі.
Конференцияның міндеті: Қазақ тарихыныңдағы атақты тасаввуф иелерінің қоғам дамуындағы орнын бағалау. Қазақ дәстүріндегі, рухани санасындағы құндылықтардың қалыптасуы және оның бүгінгі жалғасын анықтап, жаңа деректерге ғылыми негіздеме беріп, насихат жұмыстарын жүйелендіру.
Негізгі бағыттары:
1) Қазақстандағы сопылық жол. Тасаввуф иелерінің мұрасы. Еліміздегі діни оқу орындары, өткен ғасырлардағы діни мектептер
2) Сыр өңіріндегі дін-исламның қалыптасуындағы Айқожа ишан мен замандастарының миссиясы мен рөлі.
3) Ишандар – қуғын-сүргін құрбандары, дін ағартушыларының қуғын-сүргін жылдарындағы әрекеті, көрші мемлекеттерге ауа көшуі, қайта оралуы.
4) «Сакральды Қазақстан» сәулеттік нысандарды ретінде белгілі тұлғалардың кесенелері, мешіттерінің маңызы, оның мемлекеттік қорғалуы, насихатталуы. Осындай нысандарды күтіп-баптау, зиярат туризмі нысаны ретінде қолданудағы тәжірибесі
5) Әулеттерде сақталған рухани және мәдени жәдігерлері
6) Ишандардың кереметтері мен емдік жасау қызметі, құпиясы, тәжірибесі
ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 14-15 қазан 2023 ж.
ӨТЕТІН ОРНЫ: Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
Телефон-whatsapp: 87027459362,. Эл.пошта: Uaisova.a@mail/ru
Қатысуға өтінім, баяндама материалдары (мақала) – 2023жылдың 1 қазанға дейін қабылданады. Конференция материалдары жинақ түрінде шығарылады және веб-сайтына (QOJALAR.KZ – Тарих.Таным. Тағлым) орналастырылады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігі, «Айқожа Ишан» қоғамдық қоры, QOJALAR.KZ – Тарих.Таным. Тағлым» веб-сайтының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылған
Айқожа ишан Темірұлының 250 жылдығына арналған
Айқожа ишан мешіті мен оқу орталығының ашылу салтанаты және
«Айқожа ишан және Сыр бойындағы тасаввуф иелерінің функцияналдық қызметтері мен қилы тағдыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
БАҒДАРЛАМАСЫ
ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 14-15 қазан 2023 ж.
ӨТЕТІН ОРНЫ: Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
14 қазан
Қонақтарды Түркістан әуежайынан, Жаңақорған темір жолы вокзалынан күтіп алу, жайғастыру, тамақтандыру. Жаңақорғаннның көрнекі жерлері мен Хорасан ата, Ақтас мешіті, Қарасопыдағы Ыбырайым шайх пен Мамырайым шайх кесенелеріне зиярат.
- Айқожа ишан Темірұлы (1773-1858) және оның ұрпақтарынан қалған жәдігерліктер, сирек кітаптар мен қолжазбалардың көрмесін тамашалау.
- Астана қаласындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» қалпына келтірілген көне діни кітаптардың көрмесін тамашалау.
- Кинодокументалист Айқожа ишан ұрпағы Қ. Омаровтың деректі фильмінің көрсетілімі.
19.00 -21.00 Қонақасы
21.00-22.00 Жазушы-шежіреші Сейітомар Саттарұлымен сұхбат
15 қазан
7.00-08.30 Таңғы шәй
8.30-10.00 Жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі
Мехрожиддин Амоновтың «Орта Азиядағы нақшбандия-мужаддидия тариқаты (XVІІІ-XIX ғасырлар)» атты монографияңыздың қазақ тіліндегі басылымының тұсаукесер рәсімі.
«Айқожа ишан: әулеттің асыл мұрасы» және «Өзімнің білгенімді сөз қылайын» жинақтарын таныстыру.
11.30-12.00 Айқожа ишан мешітінің ашылу салтанаты
12.00-14.00 – Түскі ас
14.00-17.30 «Айқожа ишан және Сыр бойындағы тасаввуф иелерінің функцияналдық қызметтері мен қилы тағдыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы
17:00- 17:30 Талқылау: сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Конференция жұмысын қортындылау. Қонақтарды шығарып салу