Жарық нұрдың сәулесі

Махтұм Ағзамның Қазақстандағы әулеттері

Махтұм Ағзамның арғы бабалары, сонау Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бері қарай тарайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлдары тұрақтамағандықтан қызы Бибі Фати­маны немере інісі Хазіреті Әлиге қосқан. (Бұл да ұшқары сөз, Расулымыз (с.ғ.с.) қызын Әлиге иләһи бұйрықпен қосқан. Ол кісі (с.ғ.с.) үшін ұлдары емес, үммәті қымбат. Хақ тағала осылай елшісіне (с.ғ.с.) білдіріп қойған. Имам Суютидің «халифалар тарихы» деген кітабында осы мағынада риуаят бар.)  Осы екеуінен үш ер бала дүниеге келеді.

Енді осы ұлдардан туған ұрпақтарды Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менің кіндігімнен тараған ұрпақ ретінде қабылдаңдар» деп өсиет еткен. Имам Хасаннан тараған әулеттер – «Хасани-Шәрифтер», ал Имам Хусейннен тараған әулеттер «Хусейни-Сәйідтер» деп аталады. Міне, Махтұм Ағзам осы Сәйід әулетіне жатады.

Атақты Жалаңтөс баһадүр Махтұм Ағзамды пір тұтқан делінеді. Дұрысы, ол – Махтұм Ағзамның немересі Хожа Хошимнің замандасы. Жалаңтөс батыр 1576-1656 жылдар арасында өмір кешкен. Жалаңтөс баһадүр Махтұм Ағзамды өте құрметтеп, өзін Дәһбидтегі Махтұм Ағзамның аяқ жағына жерлеуді тапсырған. Батырдың соңғы өсиетін ұрпақтары орындаған. Енді бұл кісінің Қазақстандағы ұрпақтарын қарастырып өтейік. Махтұм Ағзамның төрт әйелінен, он үш ұл болған. Міне, сол балалар бір жерде үйелеп тұрып қалмай, жан-жаққа тарап, тариқат жол­дарын уағыздаған.

Мәселен, бұл ұрпақтар Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Қашқарға және Қазақстанға көптеп тараған. Бұл кісілер көптеген жылдар бойы сол елдерге билік жүргізіп, тариқат жолдарын уағыздаған. Бұл әулеттердің

Қазақстанға таралғанын шежірелер арқылы түжырымдайтын болсақ, үлкен-үлкен төрт атаға бөлінеді. Махтұм Ағзамнан тарайтын Сәйід әулеттері мыналар:

Қидуандық1 қожалар (немесе Сәйідтер);

Отырарлық қожалар (немесе Сәйідтер);

Сабылт қожалар (немесе Сәйідтер);

Қылышты қожалар (немесе Сәйідтер).

Міне, осы төрт ата – Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан Махтұм Ағзам әулеті. Осы аталған төрт атаның үшеуінің шежірелері толығымен қолымызда, тек біреуі – Отырарлық Сәйідтердікі жоқ. Бұл атаулардың шығу тари­хы жөнінде көптеген аңыз-әңгімелер бар, олар басқа басылымдарда кеңінен тал­данып берілген.

Енді осы әулеттер Махтұм Ағзамның қай баласынан таралғандығын қарастырайық. Шежірелерге сүйенсек, Қидуандық Сәйідтер Махтұм Ағзамның үшінші әйелінің2 түңғышы Қожа Ысқақтан тарайды екен. Отырарлықтар да солай болуы мүмкін. Себебі, бұлар дәйім қатар жүрген.

Енді Сабылт Сәйідтерді қарастырсақ, бұлар да сол кісінің ұрпағы, бірақ Шади қожа деген баласынан. Қылышты Сәйідтердің шежіресінде Махтұм Ағзамнан кейін Махтұм Сәйід көрсетілген, соған қарағанда інісі болуы мүмкін. Міне, осы төрт атаға қосымша тағы да Махтұм Ағзам туралы үлкен дерек бар. Ол дерек бойынша біріншіден, Махтұм Ағзамның арғы аналары Гауһар ана. Яғни, Махтұм Ағзамның түп нағашысы Қожа Ахмет Иассауи болып табылады.

Махтұм Ағзамның Қазақстанда әулеттерінің бар екендігінің дәлелі ретінде шежірелердің бірін мысалға келтірейік. Жоғарыда Махтұм Ағзамға келіп тоқтаған едік, енді содан кейінгілерді тіземіз. Бұл Құрбанқожа ишан (1860-1956 жж.) жазып қалдырған «Сәйід әулеттерінің шежіресі» болып табылады. Шежіре һижраның 1322 жылы3 Бұхара қаласынан көшіріліп жазылып әкелінген, бұрышында қазының мөрі басылған. Шежіреде: «Хазіреті Махдуми Ағзамға қырыққыз (қырғыз – қ.с.н.) қазақ баршасы мүриддүр» деп жазылған. «Хазіреті Сәйід Мәулана Ахмет Қасаниден Ысқақ, одан Ысмайл Әмір, одан Ағраби Ғани, одан Сәйід Тураби, Сәйід Сұлтан, одан Ариф Абдулла қожа, одан Кемал қожа, одан Сәйід Жамал қожа, одан Батыр қожа ишан, одан Құрбан қожа ишан, одан төрт бала Мұхаммедәлі қожа, Әбілқасым, Нызан, Мәжит тарайды. Нызаннан үш бала Сансызбай, Қырықбай, Асанбай тарайды. Сансызбайдан Ерлан, Дина, Анида, Фараби тарайды. Ерланнан Салин, Сағдиана. Қырықбайдан Нұрлан, Нүргүл, Дінмұхаммад».

Сол сияқты Қарағанды облысының Қарқаралы, Шет, Ақтоғай аудандарының қожалары – Махтұм Ағзам ұрпақтары.

1 Ғиждуандық

2 Қашқар бегінің қызы Бибіайша Муайқа Қашқари

3 1904-1905 жж.

МАХТҰМ АҒЗАМНЫҢ 13 БАЛАСЫНАН

13 АТАНЫҢ ШЫҒУЫ

Өзбек ағайындарымыз «Махтұм Ағзам және Дәһбид» деген еңбек жазған екен, сол жерде бұл кісінің 13 баласының болғандығы көрсетілген. Оған қосымша «Та­уарих Хамса» деген кітапта бұл кісінің ұрпақтары туралы өте көп мағлұматтар берілген, бірақ өкінішке қарай, олардың дені Қашқарда болған оқиғалар, соған қарағанда 5-6 ата сол жақта жүрген болуы да мүмкін. Мүның бәрін келешек­те жинап-теріп, келесі еңбектерде қамтыған жөн. Олар туралы мағлұмат тым аз. Қазақстан мен Өзбекстанда тұратын бұл кісінің ұрпақтары 5-6 атаға кетеді.

Әрине, бұл бір ғылыми еңбек тектес, мүмкіндігінше келер ұрпақтың ұқыпты болғаны жөн, 1-2 атаға жаңылыс кетсе оқасы жоқ, әрине. Түпкі ата-тегін таратуға мүмкіндігінше мұқият қараған дұрыс. Шежірені жазғанда кісі аттарын тізбектей салғаннан гөрі тарихи оқиғаларға түсініктеме берген абзал. Бұл мәселеге қалам тартқан азаматтар келешекте бұдан да терендете түсеріне сенім мол.

Махтұм Ағзам бабамыздың 4 әйелі және 13 баласы болған. Осы 13 баладан, мүмкін, 13 ата Сәйідтер тарайды. Біз мұның бәрін таба алмағандықтан қолдағы бар мағлұматпен бес-алты ата Сәйідтерді әңгімелейміз. Әр атаудың артында тарих сыры жатыр. Оны келер ұрпақтың білгені жөн.

Енді Махтұм Ағзамның әйелдері мен балаларының аттарын атап өтіп, шежіре тізбегін берсек те артық болмас. Махтұм Ағзамның әйелдері мен балаларының тізімі.

Міртәліп Түсіптің қызы Руқиядан:

Мұхаммед Әмин (Қожа Қалан);

Қожа Дост;

Қожа Баһауаддин;

Қожа Әбдухалық.

Бибі Мәликәйі Қасаниден:

Мұхаммед қожа;

Сұлтан Ибраһим қожа.

Қашқар бегінің цызы Бибіайша Муайқа Қашқариден:

Қожа Ысқақ Уәли;

Қожа Мұхаммед Әли Сман;

Қожа Иләһиқожа.

Бибі Бұхариадан:

Мұхаммед Сыдық қожа;

Хасан қожа;

Қожашайх;

Қожа Абдулла қожа.

 

Ұлы Пайғамбар және ұрпақтары: шежіре-кітап.Астана: Фолиант

Ұқсас мақалалар

2 пікір

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button