Фотогалерея
Кәмел Жүністегінің сексен жылдық мерейтойына арналған «Қалғып кеткен халықтың намысын оятқан» деп аталған кітаптың таныстырылымы өтті.
Астанада өткен «Eurasian Book Fair – 2019» ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жазушы Кәмел Жүністегінің сексен жылдық мерейтойына арналған «Қалғып кеткен халықтың намысын оятқан» деп аталған кітаптың таныстырылымы өтті. Онда жинақ авторлары мен оқырмандар арасында сырлы сұхбат өрбіп, әдебиет туралы парасатты ойлар айтылды.