Қайым – М.Әуезовтің бірден-бір адал шәкірті. Тыйым мен қуғын-сүргін кезінде халқымыздың мәдени мұрасын ұстаз бен шәкірт ашып, сақтап қалды.
Әуезов үнемі Семейдегі шәкіртінің үйінде болатын. Әуезовтің туған жеріне барған сапарында Қайым үнемі ұстаздың қасында болды.
1943 жылы Әуезов Мұхамедхановқа ата-анасы мен туыстарының жерленген жерлерін көрсетті. Қайым бәрін жазып, сызбасын сызды. Ал 1951 жылы Қайым тұтқынға алынғанда бұл жазбалар тәркіленді. Адал шәкірт барлығын жадында сақтап қалды. Осы жазбалар мен схемалардың арқасында Абай ауданының басшылығы Әуезовтің туыстарына құлпытастар орнатып берді.
***
Каюм – единственный самый верный и преданный ученик М.Ауэзова. Учитель и ученик во времена запретов и гонений на них открыли и сохранили культурное наследие нашего народа.
Ауэзов всегда останавливался в доме своего ученика в Семее. Каюм всегда был рядом с учителем, во всех его поездках на родную землю.
В 1943 году Ауэзов показал Мухамедханову места захоронений его родителей и родных. Каюм все записал, запомнил и нарисовал схемы. А когда в 1951 году арестовали Каюма, эти записи конфисковали. Каюм по памяти все восстановил. Благодаря этим записям и схемам руководство Абайского района установили именно там надгробные плиты.
ФОТОСУРЕТ ТАРИХЫ
Менің Мұхтарды шын түсініп, оның айтқандарын аңғарып, ұғып, әңгімелесуге жараған шағым 1938-1940 жылдар еді. Бүгін Мұхтармен көп кездескен шақтарымның бір кезеңін ғана баян етпекпін. Сонда көрген, білген, естігендерімнің есте қалғандарын, асырмай да жасырмай, қысқаша болса да жазып көремін.
1940 жылы жазды күні июнь айында Семейге келген сапарында Мұхтар бірталай уақыт біздің үйде болды. Ол кезде біз Қызыләскер көшесінде (65-і үй), қораның ішіндегі екі бөлмелі үйдің бір бөлмесінде тұратынбыз. Үстінде жағасы кестелі ақ көйлек, аяғында жеңіл хром етігі болатын. Сол жылы Мұхтар Әуезовпен Леонид Соболев жазған “Абай” пьесасын Алматы драма театры сахнаға шығару әзірлігін жасап жатқан кезі еді. Пьесаны қоятын режиссер Асқар Тоқпановты және театр суретшісі Голубовичті Мұхаң өзімен бірге Семейге ерте келіпті. Ондағы мақсаты оларды Абай елінің тұрмыс-салтымен таныстырып, ол елдің үй-жұртын, жасау-жабдығын, киім-кешегіне дейін көздеріне көрсету еді. Оларды ертіп жүріп, біздің үйде, басқа таныс үйлерде ерте кезден сақталған түрлі киім-кешектерді, үй тұрмысында болатын заттарды, өлкетану музейінде тұрған қазақ үй жабдықтарын көрсетіп, солардың бәрін сипаттап айтып берді. Оларды суретші Голубович өз қолымен қағазға бейнелеп салып және фотосуретке түсіріп алып отырды. Бір күні Мұхаң менің шешеме:
– Мақып жеңгей, сіздің үйде бұрын бәйбішелер, қыз-келіншектер киетін киімдер сақталған болуы керек? – деді. Менің шешем:
– Оның бәрі қайдан сақталсын. Сонда да сандықта жатқандары бар – деді.
– Сол киімдеріңізді өзіңіз, қыздардың киетін киімдері болса, мына Фархинұр келінге кигізіп, көрсетуге болар ма еді? – деді Мұхтар.
– Неге болмасын, – деп шешем де, келіні де киінді. Мұхтар режиссер мен суретшіге:
– Әр елдің киімінің өзіне тән үлгісі болады. Міне, көріп алыңдар, Абайдың бәйбішесі, ол елдің қыздары осылай киінеді. Сахнада осының бәр-бәрін өз қалпында, дәл көрсету қажет, – деді. Художник фотосуретке түсіріп алды. Сол суреттердің бір-бір данасы қазір де біздің үйде сақтаулы.
Кейін “Абай” пьесасы сахнада қойылғанда Мұхаңның айтқандарын режиссер де, суретші де, артистер де айнытпай орындады. “Абай” пьесасы Алматы драма театрында тұңғыш койылғанда мен Мұхаңның үйінде едім. Мұхаңмен бірге барып ойынды көрдік. Және сахнаның әрбір көрінісін, ойнаған артистерді суретке түсіртіп алдық. Сол суреттердің бір-бір данасы өзіміздің Абай музейінің архивінде болса керек. Кейбіреулері өз қолымда да бар. “Абай” пьесасын қойып жүрген режиссерлер, театр суретшілері, артистер Мұхаңның осы өнегесінен үлгі алса ғой. Бірақ, қазір оны елеп, ескеріп жүрген театр қайраткерлерін көре алмай жүрміз. Алматының үлкен театрларының сахнасынан жазды күні басына туырлықтай түлкі тымақ (қай елдің тымағы екенін тану қиын) киіп алып, оның екі құлағын қалқайтып жоғары қайырып байлап алып, Абай болып ойнап жүрген артисті көргенде, мынаны көрсе Мұхтар қайтер еді деген ойға қаласың …
Мұхтар Әуезов, Фарида Халитова, Ғали Орманов,
Қайым Мұхамедханов.
Мұхтар Әуезовтің 60 жылдығы.
Қасқабұлақ, 1957 ж.
ШӘКІРТ ҰСТАЗДЫҢ ӨСИЕТІН ОРЫНДАДЫ
1995 жылы академиялық басылым – Абай шығармаларының ғылыми түсініктемелері бар екі томдығы жарық көрді. Бұл ұжымдық еңбек ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ғылыми пікірлердің 99 пайызы Қайым Мұхамедхановқа тиесілі.
Қайым Мұхамедханов бастапқыда ғылыми түсініктемелері бар төрт томдық басылымды ұсынған, сондықтан оның барлық түсініктемелері екі томдыққа сыймаған.
ТЕКСТОЛОГИЯ күрделі интеграцияланған ғылым және оны аз адамдар жасай алады. Ол үшін көптеген ғылымдарды білу, зергерлік дәлдік, ғылыми интуиция ғана емес, ғалымның этикасы да керек.
Мұның бәрін Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов білген. Олар Мәтінтану ғылымының негізін қалады. Олар сирек кездесетін мәтінтанушы ғалымдарды – ұстаз және шәкірт Жирмунский мен Лихачевты біліп, олармен араласты.
Қайым Әуезовтің жетекшілігімен Абай туралы мәтіндік зерттеулер жүргізді. Әуезов оған ақыл-кеңес, бағыт-бағдар берді.
Мұхтар Әуезов Қайымның текстологиялық жұмыстарының дәлдігін жоғары бағалады. Ол өз шәкіртінің текстологиялық еңбектерін мақұлдап, Абай шығармаларының текстологиясы туралы монографияны, өз шәкіртінің басқа да текстологиялық еңбектері мен ғылыми түсініктемелерін көре алды. Мұхтар Әуезов бұл жетістікке шын жүректен қуанды. Ол ғылым академиясында Абай мәтіндерінің бұрмалануы туралы баяндама жасаған кезде, ол Кайымның зерттеулеріне сүйенді.
«Оларға өз Абай керек. Олар Абайды бұрмалайды, ал біз бұған жол бере алмаймыз. Абай сөзін әрдайым сақта», – деген ұстаз М.Әуезов осындай тәлім берді.
ШӘКІРТ ҰСТАЗДЫҢ ӨСИЕТІН ОРЫНДАДЫ
Дина Мухамедханның ФБ парақшасынан алынды