Ғалымның хаты

Жазылмаған Жапония

Мұхтар Құл-Мұхаммед

Академик Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алаш пен жапон арасы» атты зерттеуін аяқтады. Патша тақтан тайдырылып, Ресей күйреу жолына түскенде Алаш арыстары империядағы билікке таласқан түрлі саяси күштермен, алпауыт мемлекеттермен саяси, экономикалық, дипломатиялық байланыстар орнатып, дербес Алаш автономиясын құруға кіріседі.

Әлихан Бөкейханов бастаған қайраткерлер болашақ қазақ мемлекетінің даму үлгісін таңдағанда аз ғана уақыт ішінде зор табыстарға қол жеткізген жапон тәжірибесі, Мэйдзи реформасын зерттеп, «Қазақ», «Айқап» басылымдарында түрлі насихаттық мақалалар жариялайды. Солардың қатарында жиырмадан енді ғана асқан Мұхтар Әуезов «Япония» атты мақала жазып, оны «Абай» журналының 1918 жылғы екі нөміріне басады. Дәл осы мақаласы үшін ол кейін «жапон тыңшысы» ретінде айыпталып, қуғын-сүргінге түседі. Мұхаң әлем таныған классик жазушы дәрежесіне көтерілген 1957 жылы Жапонияда өткен Атом және сутегі қаруларына тыйым салуға арналған 3-халықаралық конгресс жұмысына қатысып, көрген-білгендері мен көкейге түйгендерінің бәрін асқан ыждаһаттылықпен күнделік беттеріне түсіреді. Мойнынан соттылығы әлі түспеген қаламгер (ол тек 1958 жылы алынады) түрлі себептермен жапон жазбаларын жариялауға асықпаған. М.Әуезовтің күнделігі жазушының көзі тірісінде басылған бірде-бір жинағына енбеді. Академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің еңбегі осы жазбаларға өзге қырынан үңіліп, кемеңгердің көрікті ойларына жаңаша тыныс ашады. 

Алаш қайраткерлері қазақтарды үнемі озық елдердің тәжірибесінен үйренуге шақырған. Бұл  Ә.Бөкейхановтың «Қазақтар» еңбегінен басталып, жас Мұхтардың Жапониядағы Мэйдзи реформасының табыстарын тереңдете талдаған танымдық мақаласымен жалғасады. Кейін С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанұлы, т.б. Алаш арыстарының түрлі талдамалы туындыларында жапон тақырыбы үнемі көрініс тауып отырды. Жапон тақырыбы ызғарының күштілігі сондай, «Абай» журналында 1918 жылы жарияланған «Япония» мақаласы туралы ұлт әдебиетінің ұлы классигі Мұхтар Әуезов атақ-даңқы жер жүзін шарлап, Лениндік сыйлыққа ие болғаннан кейін де жақ ашпаған. Оны арада 70 жыл өткенде профессор М.Мырзахметов тауып, жарыққа шығарған еді. М.Әуезов жас күнінде жазған мақаласы туралы кейінгі еңбектерінде ауызға алмаса да, Күншығыс елінің табыстарын әрдайым назарынан тыс қалдырмағанға ұқсайды. Оған бір кездері өзі құмарта, қызыға жазған жапон елін көрудің сәті тек 1957 жылы түседі. Жапондар – өз тарихының әр парағына айрықша  құрметпен қарайтын халық. Олар ең сұмдық қару – атом бомбасынан зор зардап шекті. Тажалдан төнген қауіпті ешқашан ұмытпау  үшін әлем халықтары Хиросимаға атом бомбасы тасталған 6 тамызды Атом қаруына тыйым салудың бүкіләлемдік аза күні ретінде атап өтеді. Жапония үкіметінің ұсынысымен және Рассель-Эйнштейн манифесі бастамасымен құрылған әлемнің айтулы ғалымдарының Пагуош қозғалысы Хиросима аспанында атом бомбасы жарылғанынан тура он жыл өткенде – 1955 жылдың 6 тамызында Жапонияда Атом және сутегі қаруларына тыйым салуға арналған алғашқы халықаралық конференция өткізеді. Кеңес Одағы бұл кезде Әуезовтің туған жері – Семей полигонында атом мен сутегі бомбаларының неше атасын сынауды жалғастырып жатса да, Жапониядағы конференцияға қатысуды қажет деп табады. Оның себебі, осы екі жарылыстан зардап шеккен адамдардың ауыр халін көрсету арқылы қаруды алғаш сынаған АҚШ-ты айыптау болатын. Осылайша 1957 жылы 6 тамызда ашылған 3-халықаралық конференцияға М.Әуезов пен сол кездегі «Огонек» журналы бас редакторының орынбасары Леонид Кудреватых бастаған кеңес жазушыларының делегациясы қатысады. Әуелі есімін бүгінде орыстілді оқырмандардың өзі әлдеқашан ұмытқан Әуезовтің сапарласы туралы аз-кем мағлұмат беріп өтейік. Леонид Кудреватых коммунистік идеологияның рупоры болған «Правда», «Известия» сияқты газеттерде қызмет атқарған кеңестік журналистиканың жырынды жазарманы қатарынан еді.

М.Әуезов бұл сапарға қапысыз дайындалып, соның нәтижесінде жапон тақырыбына жілікті, жоталы туынды жазуды жоспарлаған. Мұны жазушының сапар барысында көрген-білгендерін, алған әсерін асқан ыждаһатпен, үлкен суреткерлікпен күнделікке түсіріп отырғанынан аңғаруға болады. Жазушының көзі тірісінде жарияланбаған күнделігінде баяндалатын оқиғалардың бас-аяғы жинақы, суреттеп отырған адамдардың кескін-келбеті анық, жасалған образдары қанық. Көрген-білгендеріне үнемі келісті баға беріп отыратын жазушы күнделіктері көркем  шығармадай оқылады. Өкінішке қарай, азын-аулақ редактурамен жариялап жіберуге әбден болатын жапон жазбалары жазушының көзі тірі кезінде тек күнделік беттерінде ғана қалды. Мұның бірнеше себебі болғанға ұқсайды. Мұхтар Әуезов өмірінің қай кезеңінде болсын, кіндік қаны тамған Абай елімен байланысын үзбеген. Оның үстіне үнемі қонақтан босамайтын жазушының шаңырағында елден келген ағайын-туыс Семей өңірінде болып жатқан әрбір жаңалықтан оны хабардар етіп отырған.

Жазушының елу жылдығы соғыстан кейін ел есін жинай бастаған 1947 жылға тұспа-тұс келгенімен, ол Әуезовтің жеке басына қуаныштан гөрі қасіретті көбірек әкелген жыл ретінде басталды. 1947 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «О грубых политических ошибках в работе  Института языка и литературы Академии наук Казахской ССР» («Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы») деп аталған кесірлі қаулысы қабылданып, онда Әуезовтің есімі екі мәрте аталып, жазушының басына тағы да қауіп бұлты төне түседі. Көп ұзамай Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Жұмабай Шаяхметов өз сөзінде: «Не получила также должного принципиального освещения антисоветская литературная деятельность в прошлом М.Ауэзова – одного из крупных современных казахских писателей, проповедовавшего буржуазно-национальную идеологию», – деп жазушыға сес көрсете шүйлігіп, оны қаралау науқанының жаңа кезеңі басталғанын айқындап берді. Бұл әбден тығырыққа тірелген Әуезовтің Сталинге хат жазуымен аяқталып, жазушы ендігі жерде Мәскеудегі достарынан таяныш іздейді.

Әуезов елуге толған 1947 жылы 21 сәуірде КСРО Министрлер кеңесінің №1092 құпия қаулысымен Абай мен Шәкәрімді дүниеге әкелген киелі топырақта қазақ халқының бірнеше буынына әлі күнге дейін орны толмас қасірет әкелумен келе жатқан Семей полигонының құрылысы басталып кетеді. Сталиннің оң қолы Берия жетекшілік еткен бұл жобаның жеделдете жүргізілгені соншалық, 1949 жылы 29 тамызда Дегелеңде қуаты 22 килотонналық РДС-1 атом бомбасы сыналады. Арада екі жыл өткенде, 1951 жылдың 18 қазанында тұңғыш рет ТУ-4 ұшағының бортынан тасталған қуаты 40 килотонналық РДС-3 атом бомбасы әуеде жарылып, төңіректегі халыққа орасан зор зиянды зардаптар әкеледі.

Кеңес Одағы әлемдегі ең қуатты термоядролық РДС-37 бомбасын 1955 жылдың 22қарашасында Семей полигонында ұшақтан тастау арқылы ашық атмосферада жарып, әлем мемлекеттерін қатты үрейлендіреді. Бомбаның қуаты сол маңайдағы қазақтар мекендеген елді мекендерді былай қойып, полигоннан 200 шақырымдай қашықта орналасқан ірі облыс орталықтары Семей мен Павлодарда да байқалып, орасан зор жер сілкінісі болғандай сезілген. Бұл осы бомбаны жасаушы И.Курчатов пен А.Сахаров бастаған ғалымдардың өзін қатты түршіктірген.

Әрине, туған жерінде болып жатқан мұндай сұмдық жарылыстар мен оның зиянды зардаптарынан академик Әуезов қазақстандық ядрошы физиктер, дәрігер-ғалымдар арқылы жақсы хабардар болған. Бірақ іші қазандай қайнағанымен күресуге дәрмені жетпеген. Жапонияға баратын делегация мүшелерін сапар алдында «үлкен дайындықтан» өткізіп, онда барғанда не айтып, нені құпияда ұстау керектігі жөнінде қатаң тапсырмалар берілген. Атом бомбасын сынауды тоқтатуға арналған халықаралық конференцияға қатысуға бара жатқан Әуезов өз еліндегі ажал сепкен полигон туралы жарытып ештеңе айта алмаған. Тіпті ыждаһатпен жүргізілген күнделікті аздап өңдеп, жарияға жеткізген күннің өзінде бұл тақырыпқа дендеп бара алмас еді. Ал атом және сутегі қаруын сынауға арналған конференция туралы жаза отырып, өз еліндегі атом сынақтарын айыптайтын пікір айта алмауды жазушы өзіне ар санаған. Жапония күнделіктерінің жабулы күйінде қалуының бір себебі осында деп білемін.

Екінші себеп, 1957 жылы ұзақ жылдар бойы жазушының басына төнген қауіп бұлты біржолата сейіле қоймаған еді. Отызыншы жылдардағы түрме азабын тартуы, 1937–38 жылдардағы репрессияда ажал тырнағына түсе жаздауы, 1947 жылы Жұмабай Шаяхметовтің қаһарына ілінуі, 1953 жылғы талқыдан соң абақтыға жабылудың аз-ақ алдында тұруы осының айқын дәлелі болмақ. Әуезовтің Мәскеуге барып уақытша бой тасалауы оның қайда барса да коммунистік билік құрығынан құтыла алмайтынын көрсетті. Осындай аумалы-төкпелі заманда соғыстан кейін күйзелсе де, сағы сынбай, қайта өрлеу жолына түскен жапон халқының жетістіктері жайлы төгілте жазар болса, басқан ізін аңдыған ескі жаулары бір кездегі «Япония»  мақаласын еске түсіріп, оған жаңа жолбаян жазбаларын қосақтап, «жапон тыңшысы» деген ескі жараның аузын қайта ашуы мүмкін екенін жақсы түсінді. Жапония сапарының жабулы күйінде қалуының екінші сыры осында болса керек.

Әуезов күнделігіндегі алғашқы жазба 1957 жылдың 10 тамызында түскен. Егер конференцияның жыл сайын 6 тамызда ашылатын дәстүрі барын ескерсек, кеңестік делегация оның ашылуына кешігіңкіреп жеткен. Көрген-білгендерін қалт жібермей, қаз-қалпында қағазға түсіруді ғадет еткен жазушы күнделігін күн сайын ұқыптылықпен жүргізіп отырған. Алғашқы сөйлемдер қазақша-орысша аралас, «Председат. Гертруда Марвилл – женщина из Австралии.

Ясуро жас, бурыл шашты. Председатель қасында» деген күйде түскен. Жазушы күнделіктерін елутомдыққа әзірлеген әуезовтанушы Т.Әкімнің түсініктері бойынша күнделіктер екі қалың дәптерден тұрады. Жазбалар қазақ, орыс тілдерінде, араб және кирилл әліпбиімен түсірілген. Суреткер өз күнделіктері мен түрлі жиындарда қағазға түскен жазбаларында араб әліпбиін жиі пайдаланған. Мұның бір пайдасы араб графикасы жеделдете жазуға қолайлы болса, екінші жағынан оның мазмұнын басқан ізін аңдыған үш әріп тыңшыларынан жасырудан туған деп түсінеміз. Жазушы конференция барысын орысша аудармашының сөзі арқылы тыңдағандықтан, кейбір кісі есімдері мен түрлі ұйым атауларын орыс тілінде естіген қалпында жазса, ал ел аралағанда көрген-білген әсерлерін кестелі тілмен қазақша қағазға түсірген. Күнделіктің мұндай тұстары көркем шығармадай оқылады.

Ертеңгі күнгі жазбада жазушы қонақтар үлкен залға жиналып, өзінің төрде отырғанын, үнділік делегат Рамешвари Неруден кейін сөз сөйлегені туралы мағлұмат береді. Бірақ оның мазмұнын ашуды қажет деп таппаған.

«Абай жолында» қазақ әйелдерінің ғажайып портреттер галереясын жасаған шебер суретші күнделігінің алғашқы беттерінде-ақ: «Тамаша сүйкімді қытай қызы үнемі жаңа ашылған гүлдей күліп қана тұрды», «Айтпақшы, қонақ ас үстінде көп әйелдер, келіншектер тұрып-жүріп өте сыпайы қызмет етісті. Кимонолары сары түсті, бірақ бәрінде жоқ, ақшыл ала, ақшыл шұбар, ғажаптың бірі – бұнда, қалада, жолда кәрі жүздер көрінбейді» деген әсерлі, бейнелі сөйлемдер кездеседі. Әуезов 11 тамыздағы жазбасында: «Будда мешітінде болдық. Ол діндегілер тегіс намаз оқиды», – деп жазады. Әрине, Мұхаң будда дініндегілердің киелі орнын жапондар – тэра, моңғолдар – дацан, ал ондағы мінажатты сутра немесе мантра дейтінін жақсы біледі, бірақ қазақ оқырманының ұғымына жақындау етіп, «мешіт» пен «намаз» сөздерін пайдаланған.     Сол күні ол поезбен Хаконэ қаласына келген. Жапондық Масахара Хатанакамен бірге қонақүйдің бір бөлмесіне орналасқан. Жапондардың шынайы ықыласына дән риза болған жазушы: «Үй іші жапонша, жалаңаяқ, үстімізде кимоно. Маған кең кимоно табылмады. Қыз Суомне көп іздеп, бау тағып әкелді. Қызмет етулері ғажап. Есік алдына жүгіне отыра қалып, басын жерге шейін иеді», – деп жапон халқының ізеттілігін сүйсіне жазады. Әуезов үнемі жапонның әдет-ғұрып, салт-сана, тұрмыстық ерекшеліктерінен қазаққа ұқсастық іздейді. Ол: «Кейін қыздар кеп төсек салды. Мен бас жақты биік етуді сұрадым. Қыз күле отырып, әдемі қозғалыстарымен қазақ келіншектерінше төсек салды», – деп жапон қыздарының қимыл-қозғалыстарында қазақ қыздарына тән ибалық бар екеніне назар аударады. Жазушы өткізетін шаралардың ретіне қарай күнделік дәптер де толығып отырған.  Мәселен, 12 тамыздағы жазбалары алты бөліктен тұрады. Кемеңгер өзінің сөйлеген сөзі қағазға түскен жазбалары үнемі бақылауда екенін айқын аңғарғандықтан, КСРОдағы атом сынақтары мен оның зардаптары туралы нақты жазбаса да, жалпы атом қаруы мен оны сынаудың адамзатқа қисапсыз қасірет әкелетіні туралы: «Испытание – еще более вреда. Чистая бомба не может быть свободна от радиации – она тоже должна быть запрещена. Человечество стоит перед большой трагедией. Принять любые меры, но войну предупредить», – деп орыс тіліне қарай ауысып, жер бетіндегі атом сынақтарын ашық айыптап жазады. Тағы бірде: «чистая бомба – (тоже  миф) после атомной войны мир не сможет оправиться. Испытания ведут к войне, приближает ее все больше», – деп тоқтаусыз жарылыстардың тағы бір алапат соғысқа алып келуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіреді. Әуезовтің бұл сөздерінің негізінде Кеңес Одағында орын алған сутегі бомбасының «тазалығы», ондағы радиацияның «аздығы» жөніндегі кеңестік насихатты сынау жатыр. Ол соғыс бола қалған жағдайда: «Победителей не будет, будут уничтожены обе стороны. Необходимо чаще встречаться. Необходимы сильные средства за запрещение оружия», – деген қорытынды жасайды. Жол арасынан оқи білген адамға мұнда Сталин заманынан келе жатқан «Біз жеңеміз» дейтін кеңес адамдарының санасына мықтап сіңдірілген жалған тезисті терістеу жатыр. Жазушы атом бомбасына тыйым салудың бұдан да тиімді құралдарын пайдалануға  шақырады.

Конференция барысында жапондар Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбадан зардап шеккен зағип жандарды залға шақырып, сөз берген. Жазушы олар туралы «Екі құлағы шұнақ, беті қисық, өңі жүдеу, желке шашы түсіп қалған», «беті күйген бір жас қыз, тыртық бар», «кем боп қалған уыз жастар». «өңшең кем-кетіктер» деп жазады.

Әуезов жарылыстан азап шеккен жылдардың қасірет галереясын жасаған. «Кавасиото Токие – жас, әлсіз, сыған әйел сияқты. Қазір 25-ке шығамын. Осының қақ жарымын азапта өткізіп келдім (жылап жіберді)». «Мурато Иосико – жас, әдемі нәзік үнді. Мектепте оқушы ем (бесінші класта). Сөйлеп тұрып жылауға айналды. Бар жолдастарым, оқытушыларым түгел өлді».

«Менің ата-апам мен көрген бейнетті көрмегеніне ырзамын (қолы тыртық білек). Айнаға қараймын – қайғы, апамды ойлаймын, жара бітпестей… Мен бақытты дүние көрмедім, мені осылай сорлатқан жандарды өлердей жек көремін».

«Көзі нәркес – қырынан тұр… Оң жақ көзінен төмен беті, езуі, түсі, оң жағы жаралы. Тісі, көзі ғажап. Көзі кішілеу, сондай өткір», – деп үлкен аяушылықпен, жанашырлықпен суреттейді.

Жапондар атом бомбасы жарылыстарынан қанша жапа шексе де жігерін жасытпаған. Зілдей ауыр қайғыны қайыспай көтеріп, жарылыстарға, сынаққа қарсы жаһандық күреске шыққан. Жазықсыз құрбан болғандарды еске алып, олардың рухына тағзым етуді өздерінің парызы деп санайды. Бұл туралы «Жапондық делегат әйел Яматака Шигери Хиросима, Нагасаки өліктері үшін жұртты тұрғызды. Тегіс бас игізді», – деп зор ризалықпен жазады. Дәл осы кезде Семей полигонындағы сансыз көп жарылыстардан қайтыс болған, айықпас дертке шалдыққан, Хиросимаға тасталған бомбадан ондаған есе қуатты жарылыстардан радиацияға ұшырағандардың аянышты тағдыры туралы Кеңес Одағында жазуды былай қойып, сыбырлап айтудың өзі үлкен қылмыс саналды. Радиацияға ұшырып, айықпас дерт жамаған жандарға мал баққан халықтың ежелгі дерті «бруцеллез» деген жалған диагноз қойылып, оларды жабық ауруханаларда ұстады.     Конференцияға қатысқан адамдардың сөйлеген сөздерін тыңдаған жазушының жан айқайы күнделік жалғасқан сайын қаттырақ, екпіндірек естіледі. Ол: «Америка и Сов. Союз – строят блоки и базы – НАТО и Варшав. пакт. Это война будет фатальной, в ней не будет победителя» немесе «Никакая страна не имеет морального права заражать воздух другого народа. Мы требуем от своего правительства прекратить, независимо от Англии и Советов, вооружение. Требуем уничтожить все виды оружия», – деп ашына жазады. Әуезов бұл ызалы сөзді аты-жөні және қай елден келгені көрсетілмеген Андреан деген делегаттың аузына салады. Тіпті оны сол делегат айтқан күннің өзінде Әуезовтің дәл осы мәселеге айрықша маңыз беріп, күнделікке түсіруінің өзі оның адамзатқа өлім себетін қару-жарақ атаулыны жасау мен сынауға тыйым салу қажеттігі жөніндегі гуманистік ұстанымдарын айқын аңғартып тұр.

Конференция жалғаса түсіп, делегаттардың бір тобы 18 тамызда Нагасакиге келгенде Әуезов екінші мәрте сөз алған. Бұл туралы «Ең алдымен мен сөйледім. Көп тілші жазып отыр. Сұрақ берді. Музейді көріп не әсер алдыңыздар, соны айтсаңыз дейді» деген сөйлемдер хабар береді. Ұзақ жылдар дәріс оқып, шығармаларын стенографисткаларына сөйлеп тұрып жаздыру машығын қалыптастырған Әуезовке топ алдында сөз алу – үйреншікті жай. Оның үстіне профессор Әуезов қағазға қарап сөйлемесе де, оның ұзын-ырғасын алдын ала ойластырып, тезис түрінде қағазға түсіріп алуды дағдыға айналдырған. Бірақ жазушы бұл жолы да әлдебір сақтықпен сөйлеген сөзінің бәрін күнделікке түсіруді қажет деп таппаған. Делегация мүшелері баспасөз мәслихатынан бұрын жергілікті музейге барған. Жарылыс болғанда келімді-кетімді адамдарды қоса есептегенде қалада 360 мыңдай адам болған екен. Әуезов соның 160 мыңы ғана тірі қалды деп жазады. Бомба жарылысынан кейін бірден 70 мыңнан астам адам шейіт болған. Кейін жарылыстан орын алған түрлі ауру-сырқау мен жазылмас дерттен қаза болғандар саны 160 мыңға дейін жетіпті.

Жазушы музейде көрген әсерлерін: «Тасболат үйлер жарылды, күйіп қалды. Қалған дүниенің бәрі ойран, кірпіш, қоқым. Суретте өңшең қара күйе. Токио, Осакаға да тастамақ екен. Күйген киімдер, өртпен де көп өлген… У зарынан кірпіш балқып, тас болып қалған», – деп тас пен кірпіштен тұрғызылған қаланың ойраны шыққанын ашу-ызамен суреттейді. Радиацияға ұшыраған адамдардың күйі туралы: «Жартылай радиациядан, уақиғадан үш күн кейінгі адамдар суреттері – беттер, қолдар, өне бойлар қолдыраған», «қолдар мен аяқтардың күйген түрлері: тартылып, тырысып, ағып, балқып қалған», – деп қасірет шеккен жандарға аяушылықпен қарайды. Нагасакидегі жарылысты: «Осы аспанының үстінде әлем сұмдығы туған. Бірінші тажал оғы жарылған», – деген екі-ақ сөйлеммен суреттеп, адамзат тарихындағы ең қайғылы оқиғаның кесапатты суретін көз алдыңа әкеледі.

Әуезов делегация құрамымен Жапонияның 710 – 794 жылдарда астанасы болған ең көне қалаларының бірі Нараға келеді. Осы қалада өткен жапон-совет достық қоғамының жиналысына қатысып, «Мен сөйледім 20 минуттай» деп сөз сөйлегенін атап өтеді. Әуезов бұл жолы сөйлеген сөзін 10 тақырыпқа жіктеп, оған түсіндірме берген. Әңгіме ауаны бейбіт өмірге, кеңес-жапон халықтарының достығына ауғанда жазушы ақ дариядай ағылады. Сұрақ-жауап үлгісіндегі әңгімеде оқу-білім, мектеп, университет, студенттердің жай-күйі, «Абай» романы туралы, рок-н-ролл музыкасы, кескіндеме өнері, опера, әйгілі суретші Пикассо жасаған Сталиннің портретіне дейін сөз болыпты.

Ашық пікір алмасуда Мұхаң оларға жапон әдебиеті мен жапонның ең үздік романы туралы сауал тастаған. Жазушының сұрағына әйел оқырман жауап қатып, Кемуногатори деген жазушының «Синхей» тарихи романын атаған (жазушы күнделігінде автор мен шығарма аты дәл осылай көрсетілген). Әуезов жауапты қалай естісе, солай қағазға түсірген. Жапон есімдері мен атаулары қазақи ұғымға ауырлау болғандықтан, жауаптағы есімді ажырату қиынға түсті. Әуезовтің жазбаларындағы автор мен шығарманың атын жапон әдебиетіндегі тарихи романдардың бастауында тұрған Хамуро Токинаганың «Гэмпэй Сэйсуки» көптомдық еңбегі болар деп шамаладық (қателессек, жапонтанушы мамандар түзете жатар). Жапондар атом бомбасы жарылыстарынан қанша жапа шексе де жігерін жасытпаған. Зілдей ауыр қайғыны қайыспай көтеріп, жарылыстарға, сынаққа қарсы жаһандық күреске шыққан. Жазықсыз құрбан болғандарды еске алып, олардың рухына тағзым етуді өздерінің парызы деп санайды. Бұл туралы «Жапондық делегат әйел Яматака Шигери Хиросима, Нагасаки өліктері үшін жұртты тұрғызды. Тегіс бас игізді», – деп зор ризалықпен жазады. Дәл осы кезде Семей полигонындағы сансыз көп жарылыстардан қайтыс болған, айықпас дертке шалдыққан, Хиросимаға тасталған бомбадан ондаған есе қуатты жарылыстардан радиацияға ұшырағандардың аянышты тағдыры туралы Кеңес Одағында жазуды былай қойып, сыбырлап айтудың өзі үлкен қылмыс саналды. Радиацияға ұшырып, айықпас дерт жамаған жандарға мал баққан халықтың ежелгі дерті «бруцеллез» деген жалған диагноз қойылып, оларды жабық ауруханаларда ұстады.     Конференцияға қатысқан адамдардың сөйлеген сөздерін тыңдаған жазушының жан айқайы күнделік жалғасқан сайын қаТасболат үйлері талқандалған Хиросима. 1949 жыл, тарихи фото Жазушы музейде көрген әсерлерін: «Тасболат үйлер жарылды, күйіп қалды. Қалған дүниенің бәрі ойран, кірпіш, қоқым. Суретте өңшең қара күйе. Токио, Осакаға да тастамақ екен. Күйген киімдер, өртпен де көп өлген… У зарынан кірпіш балқып, тас болып қалған», – деп тас пен кірпіштен тұрғызылған қаланың ойраны шыққанын ашу-ызамен суреттейді. Радиацияға ұшыраған адамдардың күйі туралы: «Жартылай радиациядан, уақиғадан үш күн кейінгі адамдар суреттері – беттер, қолдар, өне бойлар қолдыраған», «қолдар мен аяқтардың күйген түрлері: тартылып, тырысып, ағып, балқып қалған», – деп қасірет шеккен жандарға аяушылықпен қарайды. Нагасакидегі жарылысты: «Осы аспанының үстінде әлем сұмдығы туған. Бірінші тажал оғы жарылған», – деген екі-ақ сөйлеммен суреттеп, адамзат тарихындағы ең қайғылы оқиғаның кесапатты суретін көз алдыңа әкеледі.       Әуезов 20 тамызда Жапонияның ең әйгілі қалаларының бірі әрі мың жылдан астам астана болған Киотоға келеді. Көне қалада академик-жазушы өзінің сүйікті тақырыбы – жапон жұртындағы ғылым-білімнің жай-күйіне ауысып, шабыттана қалам сілтейді. Әлемге әйгілі Киото университетінде 6000-нан астам студент оқитынын келтіріп, өзі танысқан бірқатар профессорлардың есімдерін атайды. Киотоның бұдан 1200 жыл бұрын жапон елінің байтағы болғанын атап өтуді де ұмытпайды. Кешкі, түнгі қаланың келбетіне таңырқап: «Үлкен көше шамдары, түнгі жарығы ғаламат десе болады. Сәтте жанып, сәтте өшіп, құбылып, жайнап көз тартады», – деп тамсана жазады.      Профессор Әуезов жапон профессоры Суегавамен сұхбат құрып, Жапониядағы буддизмнің жай-күйі, оның «заңда қандай орында» екені жөнінде сұраған. Мұхаң тағы бірде «Киотода 16 жоғары мектеп, 13 мың студент» оқитынын да атап өтеді. Оларда заң, экономика, философия, тарих, әдебиет, физика, техника, т.б. мамандықтар бойынша білім беретінін, жапон, ағылшын, американ, қытай және орыс әдебиеті де оқылатынын сүйсіне баяндайды. Студенттері үш жыл дәріс тыңдап, төртінші жылы семинар сабақтарына көшетін жапон университеттерінің оқу бағдарламасының ерекшеліктерінен де хабар береді.

Жапонның көне астанасындағы сұлулығы көз тартып, көңіл арбайтын сәулет пен сымбат өнерінің ғажайыптарын, әсем бақтары мен әдемі ғимараттарын сүйсіне суреттейді. Токугаваның салтанатты сарайын 13 тармаққа бөліп сипаттаған. Жазушының шабытты қаламына іліккен көне храмдар мен алуан түрлі музейлердегі жәдігерлер жарқырай жайнап, оқырмандарды жапон тарихының алуан түрлі құпияларына жетелейді.  Драматург Әуезов қай елге барса да, міндетті түрде ұлттық театрмен танысуды естен шығармайды. Бұл жолы да ескі дәстүрінен жаңылмапты. «Бұл кеште олжалы болдық. Ойда-жоқта «Кабуки» театрының қуыршақ бөліміне ұшырастық, театрға кіріп, бір сағатта бір спектакльді көрдік», – деп театрдың жай-күйін, сахнаның, көрермендер  залының, оркестрдің орналасуын, ұлттық аспаптардың әуезі мен әншілердің дауыстарын рет-ретімен баяндап шығады. Жапонның кейбір музыкалық аспаптарынан қазақи үндестік іздеп, «домбыра тәрізді аспап», «қобызшысы біздікінен басқа» деп қояды кей тұстарында. Жазушының қаламынан туған әрбір сөз, сөйлемнен өзі жас азамат кезінде зор қызығушылық танытқан жапон тарихына, мәдениетіне, ғылым-біліміне деген айрықша құрмет айқын аңғарылып тұр. Қазақ кемеңгері 21 тамызда Жапонияның ең ірі қаласының бірі Нагояға келеді. Мұнда да көптеген кездесулер өткізеді.  Бірде «Мен үш рет сөйледім» деп жазады. Әңгіме ауаны не туралы болғанын толық көрсетпесе де негізгі шаралар атом мен сутегі бомбасын сынауға қарсы бағытталғандықтан, осы тақырыптың айналасы болар деп шамаладық. Әуезов Кеңес Одағында атом бомбасы жасалып, сынақтар өткізіліп жатқанын, бірақ оның соғысу үшін емес, қорғану үшін қажет екенін айтып, митингке қатысушыларды сендіруге тырысқан. Оны жазушының: «Бүгінгі обед үстінде социалист сөйлеп, Советтің бомба жасағанымен, соғысқысы келмейтініне сенуге болады, сену керек деді. Бұл бір жақсы белгі – интеллигенцияның көбі сенеміндікті білдіреді», – деп өзінің жапондарды сендіре сөйлегеніне ишарат жасайды. Әуезовтей айтулы шешеннің жұртты имандай ұйыта білгендігіне еш таңданудың қажеті болма қоймас.

Жапонияда өткізген уақытын барынша тиімді пайдалануға тырысқан жазушы: «Кейін поезға 3 сағаттай уақыт болғандықтан, жапон киносын көрдік. Күндестер ұлдары деуге болады. Реалистік, қызық семьялық драма», – деп көрген фильміне де баға беріп өтеді. Жапон тілін білмейтін адамның көрермендері иық тіресе отырған залда жапон киносын тамашалауы оның өзі құрметтеген халықтың өнер-біліміне қатысты кез келген жайдың сырына тереңірек үңіліп, бейтаныс елдің беймағлұм қырларын аша түсуге ұмтылған ізеттілігінің белгісі деп қабылдайсың. Жазушы Нагоядан шыққан соң Токиоға келген. Мұнда жапонның «Жаңа әдебиет» журналының редакторы Канако бастаған ақын, жазушы, аудармашылар қауымымен жүздеседі. Әңгіме барысында орыс және кеңес жазушыларының шығармаларын жапон тіліне аудару мәселесі көбірек сөз болыпты. Орыс ақындары А.Майков, А.Твардовскийді, жалпы шетелдік поэзия атаулыны жапон тіліне аударудың қиындығы мен өзіндік ерекшелігі туралы әжептәуір пікірталас өрбіген екен.

Күнделіктегі жазбаларды өзімен ілесіп жүрген КГБның тіміскілері тексеріп тұратынын сезетін Әуезов шетін тақырып тарды тым қазбаламаса да, шетжағасын шығарып отырған. Ол: «Дудинцев туралы сөз көп. Жапон герой өмірін біздей көрсетеді. Жапон әдебиетін өсірді», – деп жазады. Мұндағы әңгіме Сталин өлгеннен кей інгі жылымықта кеңес қоғамын дүр сіл кіндірген Дудинцев пен оның 1956 жылы «Новый мир» журналында жарияланған «Не хлебом единым» атты романы туралы болып тұр. Сталин заманындағы жеке басқа табынушылық пен қанды репресси яны, зиялы қауым өкілдерінің жазықсыз қуғынсүргінге түскенін айыптауды бастап берген Н.Хрущев Әуезов Жапонияға ба ратын 1957 жылы В.Дудинцевтің дәл осы романына қатты шүйлігіп, оған кеңес өмірін келеңсіз өтіп көрсетуге тырысты деген қисынсыз айып тағады. Бұдан кейін Дудин цевті қаралау науқаны белең алып, оның кітаптарын басып шығаруға тиым салынады. Кеңес Одағындағы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті шектеуге ар налған мұндай келеңсіздікті батыс қоғамы бірден қағып алып, Дудинцевті коммунистік идеологиядан қуғын көрген еркін ойлы жазушы ретінде көрсететін насихатты өрттей қаулатады. Мұны жапон қоғамы да бірден іліп әкеткен. В.Дудинцевтің алғашқы романы кеңес оқырмандарына жетіп үлгерсе, 1966 жылы жазылған «Белые одежды» деп аталатын екінші романы 20 жыл бойы еш жерде жарияланбай, сартап болып жатып қалды. Тек жариялылық тұсында ғана, 1987 жылы жарыққа жетіп, келесі жылы КСРО Мемле кеттік сыйлығына ие болды. Иә, саясаттың бораны үздіксіз ұйытқып тұратын Кеңес Одағында мұндай оқиғалар аз болмаған. Жапон қаламгерлеріне ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы класси калық орыс әдебиеті игі әсерін тигізген. Бұған Мэйдзи реформасы кезінде жапон жазушыларының ескі сарын мен насиха ттық дидактикаға негізделген ескі ағымнан арылып, сыншыл реализм, әлеуметтік астар мен адам жан дүниесінің құпияларына те рең бойлайтын экзистенциалдық негіздегі еуропалық әдеби әдістерді меңгере бастауы себеп болған. Осы кезде жапон тіліне Тол стой, Достоевский, Тургенев және Чеховтың шығармалары молынан аударыла бастаған. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» 1886 жылы, ал Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасы» 1889 жылы жапон тілінде басылады. Жиырмасыншы ғасыр басында Чеховтың басты шығармалары түгелдей дерлік жапон тілінде жарық көріп, оның «Шие бағы», «Ваня ағай», «Шағала» және «Үш апалы сіңлілер» атты пьесалары сахнаға шығарыл ды. Әлі күнге дейін жапон театрларында Шекспирден  кейін ең көп қойылатын шетел драматургі Чехов саналатыны осыдан. Жаңа жапон әдебиетінің классик тері Рюноскэ Акутагава, Такео Арисима, Дзюнитиро Танидзакилерді классикалық орыс әдебиетінің дәстүрімен өскен қалам герлер деуге әбден болады. М.Әуезов орыс әдебиетінің жапондарға жасаған ықпалын: «Жапон әдебиетіне орыс әдебиеті көп әсер еткен», – деп атап өте келіп: «Орыс әдебиетінің әсері деп қана айтуға болады, бірақ ұқсастық бұл», – деген мағынасы мол ишарат жасауды да ұмытпайды. Дидактикалық сарында болса да, көптом дық роман жанрын орыстардан  бұрын, орта ғасырлардаақ игерген жапон жазушыларын бірыңғай орыс жазушыларының жетегінде кетті деген қорытынды жасау жадағайлық болатынын әлем әдебиетінің асқан білгірі, профессор Әуезов орынды  ескерткен. Шындығына келсек, классикалық орыс әдебиетінің жапондарға әсері ағымдық, кезеңдік құбылыс еді. Кеңес заманында орыстар Толстой, Достоевский, Тургенев, Бунин салған әлемді таң қалдырған орыс әдебиетінің тамаша дәстүрінен айырылып, қансөлі жоқ, қуарған социалистік реализмге көшкенде, сұлулыққа, әсемдікке, еркіндікке жаны құштар жапондықтар мұндай қағынан жеріген келеңсіз құбылыстан бойын аулақ салып, орыс әдеби дәстүрін жапондық ар нада дамытқан. Әуезов 24 тамызда делегация мүше лерімен бірге Токиодан 100 шақырымдай жерде орналасқан Унуномия қаласына ке леді. Бұл – Киотомен салыстырғанда іргесі 19 ғасырда ғана салынған жаңа қала. Жазушы 60тай адам қатысқан шағын басқосуда сөз сөйлеген. Ол сұрақжауаптың ұзынырғасы атом бомбасын сынау туралы болғанын айта келіп, жапондар тарапы сынақты «біржақты бітірсе деп айтсаңыздар екен» деген ұсыныс жасағанын келтіреді. Бұл жапондардың атом қаруын сынауды тоқтатуды, оған біржолата тыйым салуды өздеріңнен бастаңдар деп талап қойғанынан хабар береді.

Унуномия тұрғындары жапондардың ежелгі қонысы – Куриль аралдарын қайтару туралы да мәселе көтергенге ұқсайды. Мұны автордың «Сұрау: о территор. водах – біз жауап беруіміз қиын дедік, шынды айттық» деген жазбасынан аңғаруға болады. Қолы нан келмейтін мәселе көтерілгенде Мұхаң жоқбарды сөз қылып, созбаламай осылай қысқа қайырыпты. Кездесу барысында әдебиет, руханият, дін, студент еркіндігі туралы да әңгіме өр біп, тақырып біртіндеп Кеңес Одағындағы жылымыққа қарай ауысыпты. Жазушы келесі күні Ұлттық музейде көріпбілгендерінің бәрін үлкен ұқыптылық пен рим цифрларымен ХІІ бөлікке тарамдап, тарқата жазған.  Өнер туындылары сипа тталатын 4бөлікте: «Орта Азия шеберлері жасаған аспаптарды» байқағанын атап өтеді. Хан әулетіне қатысты тұсында да: «Хан династиясы дәуірінен фарфор, алғашқы Қытай, Орта Азия қалай өскені көрінеді өнерде», – деп көргенбілгендері ішінен өз өңіріне жақын өнер туындыларына айрықша назар аударады.  Әузов жапон сапарының әр күні, әр сағатын барынша тиімді пайдалануға тырысқан. Ол өзі жазғандай, «Токио си немасын» да көріп, сол кезде техникалық үдерістің көш басына шыққан жапонның кинокөрсетілім құралдарына  ерекше тәнті болып: «Сонау тамаша ашық, анық көзбен қолма-қол сол дүниені өзің көріп шыққандай әсер етті», – деп сүйсіне жазады. Келесі күні Токиодағы «Кабуки» теа трына барып, ерінбейжалықпай екі бірдей спектакль көрген. Өзге жұрттың бәрі бірдей түсіне, қабылдай бермейтін жапондардың ұлттық театр өнері Әуезовке алабөтен ұнап ты. Ол екі спектакльдегі оқиғаның ұзын ырғасын ғана емес, артистердің қимыл қозғалысы, үнсіз паузалар ұстауы, музыкасы, дауыс ырғағы, аспаптардың үніне дейін кәсі би біліктілікпен сипаттайды. Драматург Әу езов: «Әсерлі есте қалғыш қозғалыстар – бұл театрдың ерекшелігі… Адам жүзі бояу арқылы ішкі мінез, жаратылыс өзгерістері ерекше жат құбылыстарын танытып отырады», – деп жапон театрының былайғы жұрт байқай бермейтін сипатты белгілерін дөп басып, білгірлікпен баға береді. Өзімен бірге барған жапондық Хаяси мырзаның айтуынша, «Кабуки» театрының репертуарында 500ге жуық спектакль болуы мүмкіндігін жеткізуді де ұмытпайды. Сапарлас серігі, орыс журналисі В.Куд реватых жапон ресторандары мен бар ларында виски мен салқын сыраны сыпыра сіміртіп жүргенде қазақ кемеңгері бар уақытын жапон өнерінің ғажайыптарын та машалауға арнайды. Ол: «Кеше Хаяси, Като мырзалардың көмегімен тағы бір театрды көрдік. «Хиеза» деген драма театры», – деп жазады. Олар «Отты тау» деген бір актілі, ұзақтығы бір сағат елу минуттық (мұны да көрсетіп қойған) спектакльді тамашалаған. Бұл жолы да Мұхаң көргенін кәсіби білгір лікпен талдап, жеңілдеу туындының көңілі не қона қоймағанын: «қатты сынасып, спек такльден біз кейін қалдық» деп көрсетеді. Жиырма сегізінші тамызда жапон коммунистерінің үні – «Асахи» газетінің екі журналисімен ұзақ сұхбат жүргізіпті. Онда үш тақырып төңірегінде әңгіме қозғалған екен. Әдебиеттегі достық пен жапонкеңес әдеби байланыстарының жайкүйі, кеңес әдебиетіндегі соңғы жаңалықтар және жапон баспасөзінде кеңінен талқыланып жатқан В. Дудинцев шығармашылығы туралы Әуезовбір сағаттай сөз сөйлеп, екі журналист пен аудармашы ілесе жазып отырған.  Картина толық, жазба әсерлі болуы үшін өзі қатарлы жапон ғалымдары мен жазушыларының үйінде болып, олардың да тұрмыстіршілігімен етене танысқан. 25 тамыз күні Хаяси деген серігімен бірге белгілі жапон ғалымы Ояманың отбасында болған. Кеңес халқына, әдебиетіне дос пейілдегі профессор Ояма ілгеріде дүние салыпты. Әуезов оның әйеліне қазақи дәстүрмен көңіл айтады. Не жазса да, кестелі сөзбен сурет сала отыратын Мұхаң: «Бәйбішесі (оның бәйбішесі) сондайлық мінезді, дана, байсалды, байыпты адам екен. Үнемі жылжып, сыпайы ғана рақымды, мейірбан жүзбен сөйлейді. Бейне бір Ұлжандар дерсің», – деп өзіне ұнаған адамды Абайдың анасымен шендестіре суреттейді. Жазушы Ояманың ұлы мен келіні, олардың кәсібі, тіпті пәтердегі жиһаз дардың орналасуы ретіне дейін тәпіштеп көрсеткен. Ояманың өзін көрмесе де, оның шағын бюстіне қарап: «Қоңыр реңді көркем бейне. Ойлы рең, қайрат, ақыл, үлкен парасат иесі адам екенін аңғартады», – деп оның кескінкелбетін оқырманның көз алдына әкеледі. Осы бір шағын портреттің өзіненақ Абай поэзиясында жиі айтылатын ақыл мен қайраттың әсерін аңғару қиын емес. Мұхаң жапондардың күнделікті тыныстіршілігіне тереңірек бойлай түсу үшін Ояманың отбасымен шектеліп қалмай, өзімен сапарлас болған Масахара Танакиге де қонаққа барған.  Ол: «Аяқкиімді тастап кіресің. Келісімен суға түстік (үй теңіз жағасында орналасқан), киімді соларша кидік. Суреттерге көп түстік», – дей келіп, оның әйелінің де келісті келбетін: «Масахара әйелі кішкене тотыдай сүйкімді, ашық мінезді», – дей келіп олардың қонақжайлығын: «Жақсы үй мен өте қонақжай ортаға келдік», – деп сүйсіне суреттейді.

Ертеңінде Хаяси Кано мырзаның шақыруымен жапон ресторанына барады. Бұл жолы жас күнінде, баяғы «Япония» атты мақаласын жазған кездерде, Семейде өткізген жастық шағын еске алып:  «Айнала көп көрпешелер, қатар бөлме де сондай, ол бос тұр. Бұл баяғы Семей қымызшыларының үйін еске түсіреді. Онда да осындай әр компанияғабөлек бөлме тиіп қалатыны болатын», – деп жазады. Байқампаз жазушының осы сөз дерін оқығанда бүгінгі қазақ кәсіпкерлері Семей қымызшыларынан үлгі алып, қазіргі ресторандарды еуропалық үлгіде жасай бермей, қазақи оюөрнегі молынан түскен көрпешелер, аяқты кеңге созып жататын құс жастықтар төселген, әңгімесі жарасқан үлкенді кішілі топтарға арналған оңаша бөлмелері бар етіп салса деген тілек түседі ойыңа. Кеңес делегациясы ертесінде қайтар жолға жиналып, 26 тамыз күні Манила, Сайгон, Бангкок, Карачи, Тегеран, Рим арқылы Парижге ұшып, одан Прага арқылы бес тәуліктей уақытын аспанда, жерде, мұхит пен теңіздердің үстінде өткізіп, Мәскеуге оралған. Ұшақ бортында отырған жазушы зеңгір көктен жиіжиі төменге көз тастап, ұшар биіктен көрген табиғат ғажайыптарын күнделік беттеріне түсірген.

Ендігі кезекті жазушының құдіретті қаламынан шыққан сол қайталанбас сурет терге берейік. Филиппин аралдары мен Оңтүстік Вьетнам үстінен ұшқанда көргендерін:

«Мұнар тұман ішінде бұлыңғыр-бұлыңғыр көрінген, бірақ аса құйқалы жерлер – жылы, ыстық болуымен қатар, тым қауіпті, суы көп болғандықтан, ырыс теңізі қасында болғандықтан бай, өзгеше өлкелер көрінеді. Көп нәрсе айтуға, суреттеуге болатындары: Нара табиғаты гүл, жемісі желкіл қаққан ырысты жерлер», – деген бір ғана сөйлеммен бейнелесе, Иранның таулытасты, шөл дішөлейтті даласының  кейпін: «дәл Тегеранға шейін самолет астында қызыл шақат жат-жалаңаш, қатпар-қатпар тақыр тастар үзілмеді. Осы тастар, тақыр өлкелер күйіп жатқан от дариясы, түксіз, түйірсіз ұзақ-ұзақ өлке үңгірлер жан түршіктіреді. Реңдері мыс, лай тәрізді көкшіл, шымқай сұрғылт ұзақ бір үңгірлер кетеді. Немесе нақ бір мыстың татындай у реңді, залалды жасыл шөлдер көрінеді. Жер атаулы ыстық шөл демінен, зәрінен түршіге шошығандай, кейде жарылып-жарылып, тарам-тарам, айғыз-айғыз шұбырынды тәрізді тақырлар тармақ-тармақ құр тамырлар қалдырған», – деген хас шебердің ғана қаламынан туатын қайталанбас суреттермен береді. Түрік жерінен өткенде ұшқыр қанат астында отырып, көркем сөзбен сомдалған келісті картиналар жасауын жалғастыра тү седі. Оған: «Анкара маңында бір тамаша көл бар екен. Жағалары таулар болғанда, көл өзі оралып-оралып қызық, көрікті шимай салып жатыр. Кей тұсы тарыла кетеді, бұрылады. Онда екі жағасынан таулар қоса оралып ілеседі. Көл мен тау бұралып, оралып аймаласқандай», – деген жолдар дәлел. Делегация мүшелері ұзақ ұшулардан кейін Парижге келіп бой жазған. Бір ғана 20 тамыз күні алпысты алқымдаған Әуезов өзі жас күнінен оқып, еліктеп, үйреніп өскен француз жазушыларының шығармаларына талай арқау болған Париждегі сәулет пен сымбат өнерінің ғажайыптары саналатын 17 нысанды аралайды. Оның ішінде өзі арнайы атап өткендей, «Пер-Лашез зираты, Бальзак, Дюма, Коммунарлар, Барбюс қабірлеріне» дейін болып, Луврды тамашалайды, «Онда ван Дейк, Троус, Давид, Делакруа, Леонардо да Винчидің ғажайып Мона Лизасы, әсіресе Венера Милосская, Афродиталар – ғажайып инкрустация, хрусталь, гобелендер көрдік», – деп тамсана жазады. Сапар соңында әдебиет алыбының күн делік беттерінде: «Қайырлы сапар қайырлы боп аяқталды. Бар жүріс, жолға дәл ризамын», – деген жолдар түскен. Иә, жазушының сапары қайырлы, ал жазуы берекелі болыпты. Әуезов «Абай жолының» екінші кі табынан кейінгі туындыларының басым көпшілігін бірден машинкаға бастыратын өнікті дәстүр қалыптастырған еді. Оның үстінде сапардан келген соң алған әсерлерін жақынжуық, жоражолдастарына майын тамыза әңгімелеп те берген. Әдетте капиталистік елдерге шығатын кеңестік делегация мүшелері атақдаңқы, атқаратын қызметінің үлкенкішілігіне қарамастан жанжақты «дайындықтан» өткізілген. Әуезов өмірдің талай өткелегінен өтіп, бірнеше мәрте өмір мен өлімнің қылкөпірін де тұрған адам еді. Сондықтан өзі ежелден тілектес болған халықтың экономика, ғылым мен техникадағы жетістіктерін, оның мыңдаған жылдық бай тарихын, көне мә дениеті мен өнерін, алға ұмтылған күшін, өршіл рухын, атом қасіретінен ауыр зардап шексе де, жасымаған жігерін күнделіктерінде зор суреткерлік шеберлікпен, дос көңілмен, тілектестік пейілмен төгілдіре жазса да, жариялауға батылы бармаған, ал басқаша жазуға арұяты жібермеген. «Басқаша жазу» дегенді жайданжай келтіріп отырған жоқпыз. Оның «тамаша» үлгісін қазақ алыбына сапарлас болған орыстың жайдақ журналисі Кудреватых «Под чужим небом» деген атының өзі айғайлап тұрған кітабымен көрсетіп берді.

Кеңес заманында кітап шығарудың ма шақаты көп еді. Жоспарлы экономика заңы бойынша ол әуелі 23 жыл бұрын баспаның тақырыптық жоспарына енуге тиіс. Кейін ұзақ талқылаулар мен рецензиялардың нәти жесінде әупірімдеп бекітіліп, цензура тара пынан түзетіліп, күзетіліп барып жарыққа шығатын. Кудреватыхтың «Записки советского журналиста» деген қосымша айдары бар кі табы қолжазбасының сиясы кеппей жатып, 1958 жылдың алғашқы жартысында ақ басылып шыққан. Себебі де белгілі – ка питалистік Жапонияның «қайшылықтары» мен «кемшіліктерін» кеңес оқырмандарына тездетіп жеткізу үшін. Басаяғы бес баспа табақтан сәл ғана асатын кітапша әрқайсысы оқиға орнынан жазылған репортаж типтес мақалалардан тұратын 8 бөліктен құралған. Олардың мазмұнын «предупреждение друзей», «пять ртов» и «один завтрак», «в часы «пик», «еще раз о заработке рабочего», «десять и шестьдесят пять процентов», «необычная демонстрация», «львиная доля и крохи», т.б. жапон өмірінің тек көлеңкелі тұстарын қамтып, тырнақ астынан кір іздеген арамза тақырыптарынанақ аңғаруға болады. Жа понның асын ішіп, сакесін сімірген орыс жазушысы осылайша опоңай табағын теуіп шыға келген.

Әр тұсы сақ, скиф заманынан жеткен алтын жәдігерлердей жарқырай көзге тү сетін Әуезов күнделіктерінің уақытында жарыққа жетпеуі жөнінде мен де көп ой ландым. Сондай қалың ойдың құшағында «Алашорда ісіне» байланысты мұрағаттар ды ақтара жүріп, алпыс жылдығы Кеңес Одағы көлемінде кеңінен аталып өткен ұлы жазушыға берілген тілдей ғана анықтамаға көзім түсті. Онда Мұхтар Әуезовке 1958 жыл дың 2 желтоқсанында берілген «өте құпия» деген белгі соғылған құжатта: «Определени ем Верховного суда КССР 28 февраля 1958 года дело прекращено за отсутствием состава преступления» деген сөздер жазылған. Иә, Жапонияға барған сапарда кемеңгердің үстінен қозғалған қылмыстық іс ресми түрде әлі тоқтамаған.

«Орнында бар оңалар» дейді қазақ да налығы. Кемеңгер мұрағатында жылдар бойы жатып қалған күнделіктегі «өткірдің жүзі, кестенің бізіндей» өрнекті ойлар тәу елсіздік тұсында өз оқырманымен қауышты. Күнделіктегі жазушының жан сыры ұрдажық кеңестік идеологияның шоқпары оңдысолды сермеліп тұрған заманда жарық көргенде «білгенге маржан» туындыдан «на дандар бәһра ала алмас» еді. Абай ілімімен өскен кемеңгердің күнделікті жариялауға асықпауының тағы бір сыры осында деп білеміз. Оның үстіне, 1957 жылдың қыркүйек айында жазушыны 60 жылдық мерейтойы күтіп тұрды. Қазақстан жұртшылығы сүйікті жазушысының тойын тұңғыш рет республи ка көлемінде атап өтуге қызу дайындық жүргізді. Мұхаң жанашыр достары арқылы өзінің  мәртебелі марапат – Ленин орденіне ұсынылып жатқанынан хабардар еді.

Бұ дан кейін төрт томы тұтастай орыс тілінде басылған эпопеяны Лениндік сыйлыққа  ұсынудың машақаты басталды. Бар өмірін аңду мен арбау, қуғын мен сүргінде өткізген жазушы тірлігі енді ғана барақат тапқанда көкезулердің кезекті айыптауларына се бепкер болмау үшін күнделікті жариялауды үнемі кейінге қалдыра берген… Әуезовтің аяқталған көркем шығар маларға бергісіз күнделік жазбаларының қатпарқатпарлы табиғатын ашу үшін әдебиеттанушы болу аз еді. Күнделікте жа пон өмірінің мыңдаған жылдық тарихына қатысты сан алуан оқиғалар, замандар, кезеңдер, императорлар мен сёгундер, бірегей мәдениет тудырған халықтың әде биет пен руханият саңлақтары, әрқайсысы жеке зерттеуге тұрарлық сәулет пен сым бат, кескіндеме өнерінің ғажайыптары, жапонның ежелгі мифтері мен аңыздары, ортағасырлық әдебиет туындылары, жапон қоғамын серпілткен Мэйдзи реформасының ізашарлары  мен қайраткерлері, ұдайы үдеріс жолындағы ел экономикасының табыстары мен жаңғыру жолындағы жетістіктері, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі табыстары, осы заманғы әдебиет пен өнер туындылары кеңінен қамтылып, көркем тілмен жазылған мол мәліметтермен көмкерілді. М.Әуезов күнделіктеріндегі жапон тілін білмейтін оқырманның қабылдауына ауыр лау, жазылу ерекшелігі әр алуандау болып келетін географиялық, топонимикалық, та рихи, этникалық ұғымдар мен толып жатқан кәсіпорын, компания, бұқаралықақпарат құралдары, т.б. атаулары транскрипция заңдылығын сақтай отырып, арнайы түсінік тер жазуды қажет етті. Мұның бәрін жапон тарихын білмей атқару өте қиын екені және де белгілі еді. Ал мұндай мамандар Әуезов Жапонияға сапар шеккен кезде қазақта болған жоқ. Қазақ кемеңгері Хиросима, Токио, Киото, Осака, Нара, Нагоя және Унуноми сияқты Жапонияның ірі қалаларын аралап, конференцияларда, митинг, түрлі басқосу лар мен мәжілістерге қатысып, сөз сөйледі. «Асахи» сияқты ірі ақпарат құралдарының журналистеріне арнайы сұхбат берді. Ежел ден мұра мен мұрағатқа мығым, бүгінде әлемдегі ақпараттық технологияның көш басында тұрған жапондықтар солардың бәрін хатқа түсіріп, газетжурнал тігінділерін әлдеқашан цифрландырып қойған. Оның үстіне Әуезов қатысқан халықаралық кон ференцияға дүниежүзінің көптеген жоғары лауазымды басшылары, әлемдік деңгейдегі айтулы ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Жапон қоғамы атом және сутегі бом баларын сынауға тыйым салуға арналған іргелі конференцияларға айрықша мән берген. Қандай істі болсын, қапысыз ой ластырып, алдын ала жоспарлап, басаяғын жыпжинақы өткізудің шебері саналатын ұқыпты халық мұндай ауқымды шара лардың аясында өткізілген әрбір оқиғаны айрықша бақылауға алып, оның нәтижесін хаттапшоттап, мұрағаттап отырған. Тәуелсіздік жылдары Әуезовтің Жапо нияда жүріп өткен жолымен мұқият іздестіружұмыстарын жүргізіп, оның сөйлеген сөз дері мен сұхбаттарын жинастыруды қолға алу керек еді. Өкінішке орай, бұл салада тындырылған жұмыстар ауыз толтырып айтуға келмейді. Болашақ жапонтанушылардың диплом, курс жұмыстары ретінде Әуезовтің Жапо ния сапарының әр тақырыбын жекежеке зерттеп, оны жас ғалымдардың ұжымдық еңбегі ретінде жариялау алда атқарылар жұмыстардың бір парасы дер едім. Мұндайда әдебиеттанушылар мен жапонтанушылар одақтаса қимылдап, Әуезовтің жапон күнделіктерін ғылыми аппарат, тиісті түсініктермен толықтырып шығарар болса, көп жыл бойғы олқылықтың орны толар еді. Бұл тақырыпқа мүлде ештеңе жазылмады деуге болмас. Осыдан 15 жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде Жапониядағы Қазақ елшілігінде қызмет істеген дипломат, жа понтанушы маман Батырхан Құрмансейіттің «Әуезов жапон жерінде не айтты?» деген мақаласы басылды («Егемен Қазақстан», 2009 жыл, 29 тамыз). Батырхан бауырымыздың тыңға түрен салғандай болған бұл шағын мақаласында айтылғандай,  ол Токио қаласының Жастар сарайында өткен арнайы жиында Әуезовтің сөйлеген сөзінің ұзынырғасын мұрағатта сақталған жиылыстың хаттамасынан та уып, қазақшаға аударған. Қағазға қарамай көсіле сөйлеудің шебері болған Әуезов: «Жастар – адамзаттың гүлі іспетті. Гүлдер мезгілі жеткенде шешек атады. Ал бұл гүлдер сұм соғыстың орағына түсіп, жапырылып шабылып жатыр. Сондықтан атом және сутегі бомбаларының қауіпқасіретін ең алдымен сезетін де – осы жастар. Осы қа рулардың қорқынышын түйсіну арқылы жастар бүгінгіден де берік бола алатынына сенемін. Атомға жантәнімен қарсы шығып жатқаны жапон жастарының керемет қасиеті деп білемін», – деген екен. Жапон хаттамасынан шыққан шағын ғана үзіндіден поэтикалық теңеулер мен шендестіре сөйлеуді ұнататын Әуезовтің стилін жазбай танисың және Мағжан айтқан «Мен жастарға сенеміннің» сұлбасын да аңғарасың.  Өкінішке қарай, мұрағатта қазақ кемеңгерінің сөзі тұтас сақталмай, осындай қысқа үзінді түрінде ғана жетіпті. Құрмансейіт ініміз араға он жылдан ас там уақыт салып, «Егеменге» «Әуезов жапон жазушыларына не айтты?» деген тағы бір мақаласын жариялады («Егемен Қазақстан», 2022 жыл, 25 мамыр). Бұл жолы дипломат «Жаңа жапон әдебиеті» («Шин-нихон бунгаку») атты әдеби журналдың 1957 жылдың қазан айындағы санында жарияланған Шёджи Учияма дейтін жапон қаламгерінің «Совет жазушыларын арамызға алғанда» атты мақаласынан Мұхтар Әуезов сөйлеген сөзінің тағы бір нұсқасын тауыпты. Жапон журналисі Әуезовті көргендегі алғашқы әсері туралы: «Қол шапалақтадық. Екі ер кісі кіріп келді. Біреуінің түр-әлпеті мен терісінің түсі жапонға ұқсаған. Ёкодзуна сияқты қарны шыққан, галстугі сол қарнына жайғасыпты. Бұл кісі Әуезов мырза еді. Екіншісі аузы-мұрны тұсынан водканың иісі сезілетін, вестерн жанрындағы ковбойға келеді. Жалпақ қалпақ  кигізіп, екі жанына револьвер іліп қойса, тура өзі. Бұл кісінің де комусуби деңгейінде қарны бар. Бұл Кудреватых мырза еді», – деп жазады.

Әр сөзінің астарына алуан мағына сыйдыра жазатын жапон қаламгері қазақ әдебиетінің алыбын ёкодзунаға тегін теңеп отырған жоқ. Бұл – жапон  біткеннің ұлттық мақтанышы саналатын сумо күресінің хас шеберлеріне ғана берілетін ең жоғары атақ. Сумо – жапондардың есте жоқ ескі замандардан келе жатқан көне спорт өнері. Ол бойынша өткізілген жарыстар 8ғасыр лардаақ хатқа түсе бастаған. Қарсыластарын жапырата жеңіп, талай мәрте топ жарған алыптардың ең мықтысына берілетін мәрте белі атақ «ёкодзуна» күні бүгінге дейін (2026 ж.) 75 адамға ғана берілген екен. Жапон жазушысының Әуезовтей әдебиет алыбын ёкодзунаға теңеуінің арғы жағында оған деген осындай үлкен құрмет жатыр. Аузынан арақ мүңкіген жадағай жа зарман Кудреватыхты жапондар тарстұрс атысшабыстан көрермендерді мезі етіп, келемежге айналған ковбойға ұқсатуының астарында кекесінді мағына бар. Ол кейін «Жат аспанның астында» атты кітабымен жапондардың бұл «бағасын» толығымен ақтады. Батырхан ініміз жазып отырған «Жаңа жапон әдебиет қауымдастығы» жазушыларымен болған кездесу 22 тамызда өткенге ұқсайды. Бұл туралы Әуезов күн делігінде: «Бұл жиында «Новая литература» журналының редакторы Канако болды… Менің өмірбаянымды айтты. Иенова Бэстен мәлімет алған. Мен сөйледім. Аудармалар туралы кейін Кудреватых сөйледі», – деп жазылған. Күнделікте бұл кездесудегі әңгіменің жайжапсары біршама кеңірек қамтылған. Өзі де әлем классикасынан талай тәржіме  жасаған Мұхаң аудармадағы принцип ту ралы: «Байлаулы форма жоқ. Ескі формамен аудару лайық емес», – десе, қойылған сұрақ тардың біріне: «Жауап:1) Изд-волар прозаны алғысы келеді. 2) Тілдер алыс, аудару қиын», – деген жауап қайтарыпты. Б.Құрмансейіт тапқан мақалада дәл осы кездесуде көтерілген аударма төңірегіндегі мәселелер жаңа қырынан ашылып, қазақ әдебиеті классигі сөзінің мазмұны толыға түскен. Ол Әуезов сөзінен: «Бірақ менің айтайын дегенім, бүгін мына жерде абыройлы аудармашылар қатысып отыр екен, менің де тәжірибем болғандықтан осы аударма ісі жайында айтсам деймін. Аударма ісі мәдени байланыстарға тікелей  нақты әсер етеді. Совет Одағында аударма ісіне көп көңіл бөлінеді және Жазушылар одағында сол үшін арнайы бөлім ашылған. Жапонияда совет шығармалары көптеп таныстырылып отырған сияқты, бұл тұрғыда біз сіздерге қарыз болып қалыппыз. Бұдан былай біз де жапон шығармаларын таныстырып, сол қарызымызды қайтарсақ дейміз», – деген үзінді келтірген. Байқайсыз ба, кісілігі мен кішілігі қатар жүретін Әуезов бұл жолы да бекзат бол мысынан жаңылмаған. Кеңес жазушылары шығармаларын көптеп аударғаны үшін жапондық әріптестеріне әуелі алғыс айтады, сосын орыстан басқа да ұлт әдебиетінің аударуға лайық туындыларының бар екенін тілге тиек етіп: «Ресейлік туындылар расымен кеңінен аударылған екен, ал басқа ұлттардың әдебиеті аздап болсын, аударылмағаны неліктен? Бүгінде ұлттық әдебиетсіз совет әдебиеті жайлы айту мүмкін емес. Ұлттық әдебиетте көптеген мықты туындылар бар. Маяковскийдің туындыларынан кем емес туындылар бар», – деп ұлт әдебиетінің үздік шығармаларын аударуға шақырады.

Әуезовтің уәжін қабыл алған әріптестері өз журналдарында ұлт әдебиеті өкілдеріне де орын беруге уәде етіпті. Жапон әдебиетінің ірі тұлғалары бас қосқан осы жиындағы уағдаластық аяқсыз қалмай, Мичия Наказа таның аудармасымен «Көксерек» 1968 жылы «Дзенрёу» журналында жарияланады.      Әуезов сапарының ізімен жүріп, оның екі бірдей сөйлеген сөзінің ұзынырғасын тауып, шымыр мақалалар жариялаған дипломат Б.Құрмансейіт бауырымызға ағалық көңілмен алғысымызды айтып, оның бұл игілікті бастамасын қазақ жапон танушыларының жас буыны жалғастырады деп үміттенеміз.

Қазақ әдебиеті газеті: №28 (4027) 17 шілде, 2026 жыл;  №29 (4028) 24 шілде , 2026 жыл

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button