Бір суреттің сыры

Рахия Мансурова

Ашир балалары Араб әжі мен Бекмұхамед 

Айқожа ишан немересі   Ибадуллаұлы Баба мағзұм туралы естелікте  оның өте қайсар, батыр, балуан болған. Ол әрдайым қасына батыр да жаужүрек жігіттерді ертіп жүрген. Бұл кісінің күштілігі соншалық, аң аулауға шыққанда қолға түскен доңыздарды қолмен көтеріп алып лақтырған деседі. Бірде, тағы аңға шыққанда қасындағы Араб Әжі деген кісі «мен де лақтыра аламын» деп тоғайдан қашып шыққан қабанға шауып барғанда, қабан өзіне ұмтылып өзін жарып жібере жаздайды. Сол кезде Баба мағзұм өзінің Мүйіздіқара деген атымен шауып барып, қабанғы қабырғадан қолды салғанда, қолы кіріп кетіп көтеріп жерге ұрып өлтірген екен. Араб Әжі ишанға келіп «Бабадай бола алмайды екенмін, қабан мені жарып кете жаздады ғой» деп, мағзұмның қайратын мойындайды.

Тағы бір естелікте Араб әжінің  Жаңақорған төңірегіне шетелден  келгені  айтылады.  Жас жігіт Айқожа ишанның  қыздарының  бірін ұнатып,  құда түседі. Қыздың ағайындары қожа екен дәлелдеуді талап етеді.  Сонда Арап әжі қажылықа бірге барған ағайындарға сол жақтан бір құжат алып сейіт ұрпақтары екенін дәлелдеген дейді.  Баба мағзұмның замандасы болған Араб Әжі Ақтаста жерленген. Бұл да бір  Айқожа ишан мұрасының бір ұштығы ғой деп жүргенімде, осы әулеттің ұрпағы Рахия Мансурова туралы туралы естіп,  жақсының көзін таптық.

Сексеннің  төріне келіп қалған апамыз Жетісай қаласында тұрып жатыр. Өмір бойына  Өзбекстан мемлекеттік теле-радиода қазақ тілінде диктор болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар мұрағаттағы Сәруар ишанның ісіне қатысты құжаттарды қарап отырып, мына дерекке көзіміз түсті. Онда Ибадулла ишанның да Сәруар ишанның да «хальфа» қалпесі есебінде  ұлты араб, (сол кезде жасы сексенде әлі тірі)  Мұхамед Араб қожа Мұхамед Аширов болғанын жазады. Ибадулла ишан да кейінгі кезде  Мұхамед Аширов Сәруар ишанның да  серіктес жолдасы болғанын жазған.  Оның араб елінен келгенін Рахия Мансурова да  растайды.

Арап Әжінің әкесі Ашир деген араб кісі Меккеде шырақшы болып жүрген. Біздің нағашы атымыз Айқожа ата яки оның атасы (анық білмеймін кешіріңіздер) Меккеге барғанда Аширді ала келеді. Ол кісіні ауылға әкеліп қожаның қызына қосады. Сол қожаның қызы мен Ашир атадан екі ұл туылады. Әкесі елімнің атын ұмытпайын деп үлкен ұлының есімін Араб деп, кіші ұлын Бекмұхамед деп қояды. Содан Бекмұхамедтен туылған Мансур біздің әкеміз болады. Одан Темірхан, Рахия, Зейнеп. Темірхан аға 2007 жылы қайтыс болды.  Ал Арап Әжіден жалғыз ұл Жәдігер туып, жетім қалып, менің әкем Мансур оны оқытып, ол ержетіп бухгалтерліктен колхоз бастығына дейін қызмет етті кезінде.  Менің нағашыларым Ашир атаны да,  Арап Әжіні де қожа деп танып, бір ұлымыз деп қабылдаған. Жәдігер көкем 54жылы қайтыс болып, одан көзі тірі ұрпақтары Бибіажар, Алайдар, Маликаждар, Мұхтар, Феруза деген балалары бар. Мен олармен  туысқандық қарым-қанынастамын. Өте иманды, ибалы оқыған парасатты жандар.

Менің әкем сол кеңес дауірінде де дінді қатты ұстайтын адам еді. Нағашы әжем Әлима өте бай дәулетті, өте ақылды болған. Жалғыз ұлы соғыстан қайтпады. Біздің әулетті паналап өлсем Мансур көмеді деп отырушы еді жарықтық. Менің әкем1955жылы  қайтыс болды да, ал әжем бірер жыл алдын дүниеден өтті.

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button