Жарұлланың келіншегі Мереке мен Мұхаметжан Тоқа руының Күшікбайынан тараған ағайындылар. Жарұлла мен Мұхаметжан жезде мен балдыз. Олар ораза намазын қаза қылмайтын діндарлар. Бірде мешітте намазда бірге болып батада қол жайғанда Жарұлланың алақандарын бірінің үстіне бірін қойып қол жайғанын байқаған Мұхаметжан: «Әй қожа, біреуге бірдемем шашылып шығын болады деген қорқыныштан алақандарыңды бірінің үстіне бірін қойасынба?» дегеніне Жарұлла: «Мен Алла аз берседе, көп берседе ырзашылық. Бергенін шашып төгіп алмай ие болайын деп, алақандарымды қабаттап жайамын. Сен сыяқты, Алла бергеніңнің үстіне беребер-беребер деп тойымсыздықпен қолымды құшағымда айқара ашып жаймаймын» дегеніне Мұхамметжан сөз қайтара алмапты.
***
Жарұлланың балалары бір күні тәңертең мал қораларына кірсе, оттыққа әлде біреулер иттің әлі көзін ашпаған 8 күшігін әкеліп тастағанын көріп шешесі Мерекеге айтыпты. Мереке күшіктерден қалай құтыламын деп тұрғанында үйге Олжа кіреді. Мереке қалжың сөзге шебер, біреуді ажуалап мәз болуды ұнататын көңілді жан. Ері Жарұлла мен Олжа аудандық мәдениет бөлімінде будкалы машинаның жүргізушілері әрі кино миханик болып бірге істейтін сыйласқан азаматтар. Олжаның бір қасиеті ақкөңіл аңғал жан. Мерекенің көзіне үйге келген Олжа түсісімен күшіктерді Олжаның машинасының будкасына өзіне білдірмей салып жіберу ойына оралады. Осыны іске асыру үшін балалаға қүшіктерді Олжаның машинасына салуды тапсырып, күшік салуға қажет уақыт Олжаны үйде алдандыра тұру мақсатында, Олжаның қалтасында ақша болмайтынын білетұра қарызға Жарұлла сапардан қайтқанға дейін 10 сом бере тұруын өтінеді. Олжа берер едім бірақ қалтамда соқыр тиын да жоқ дегеніне нанбаған сыңай танытып.
-Міне, өзіңде жоқ болса көретін күнің осы. Сенің 10 сомыңды бермей кетеді дейсін бе, бір-екі күнде Жарұллада сапардан оралған соң қайтарамыз ғой-дегендей сөздермен Олжаны сөзге айналдырып жібермей тұрғанда балаларда үйге келіп, тапсырма орындалғанын сездіреді. Олжа Жарұлланың үйінен шыққан соң Ақтайлаққа барып, онда құрбыларымен бірге болып, үйіне соқпай Талдыбұлаққа апасының үйіне соғып, ондада жалап жұқтап қайтпаққа машинасына келсе машинаның будкасынан ыңырсыған адамның үні естіледі. Уақиғаға мән беруге қаблетсіз күйдегі Олжаға «Ақтайлақта болғанда, орыстар өлген адамды машнаның будкасына салып жіберді» деген ой келіп, «мен тәңертең Ақтайлаққа барған едім, сол жерде маған байқатпай орыстар өлген адамды салып жіберген ғой. Мынау шала жансар адамның ыңырсығаны» деп жылапты. Оны естіген апасы: «Бауырым-ау, жоқ жерде жалалы болып босқа сотталатын болдың-ау» деп қосылып жылайды. Бұны естіген ауыл тұрғындары әпсәтте ақ жиналып бірі басу айтып, бірі мүсіркеп азан-қазан болып жатқандардың ішінен біреуі «ей, шуламай тоқтай тұрыңдаршы, алдымен будкада не бар екенін білейік деп будкаға кірсе, ыңылдап жатқан күшіктерді көріп, «жыламаңдар будкада өлі де, тірі де адам жоқ. Ыңылдап жатқан күшіктер» депті. Бұны естіген жұрт жадырап, күшіктерді ауылдың балалары қуана-қуана таратып алыпты. Мереке, осы уақиғаға қатысқандай, жылап сықтағандардың әрқайсын жеке-жеке сомдағанда адамның шек шілесін қатырады. Әсіресе аузы жырта қарыс Олжаның жылағанын салғанда. Кейін Олжа, айтқандарға: «е, Мерекенің істеп жүргендері ғой» дей салатын.