Яссауия Пірлері және мақоматтары

БЕСІНШІ БӨЛІМ
ЯССАУИЯ ПІРЛЕРІ ЖӘНЕ МАҚОМАТТАРЫ
ШЕЙХ ХУДОИДОДИ УАЛИ
Орта Азиядағы Яссауия-султания-жахрия ағымының мистицизімінің жетік көрінісі болған «Шейх Худойдоди Уәли» деген атпен терең із қалдырған бұл мәртебелі тұлға ағымның Хазірет Қожа Ахмет Яссауи, Зеңгі ата, Сейіт ата сияқты ұлы мұршидтерінің бірі болды, сонымен бірге қарапайым халықтан шыққан ұлы муршидтердің бірі.
Оның алғашқы есімі Құдайберді болған, ал оның ата-бабалары бір кездері Хорезмнен шыққан және олардың отбасы үлкен беделге ие болған.
Құдайбердінің әкесінің аты – Азизон Артық Шейх болып өте білімді адам болған. Сол замандарда Хорезм аумағы халқы арасында өте көп араздықтар орын алған еді. Сол себептен Азизон Артық Шейх өз досы Азизон Зикрие Шейхқа былай дедйді: «Бұл жанжалдар біткенге дейін басқа жерде өмір сүрсек болар еді?». Зикрие Шейх былай дейді: «Бұл ісімізден патша шенеуніктері ынсапқа келіп, шариғат бақылауын күшейтсе дұрыс болар еді».
Содан соң олар өз бала-шағаларын алып, Бұқара қаласына көшіп келеді. Біраз уақыттан соң, шулы үлкен қала орнына кішірек елді-мекенді армандайды. Миенкөлдегі Кармана елді-мекеніне қоныстайды және Кармана маңындағы Саранж таулы елді-мекенде жайғасқан түркітілдес қауымдар арасында тыныш өмір сүре бастайды. Тау-тастарда кедейшілікте өмір сүреді және «Ақ қауым» деп аталушы бұл ел арасында өмір сүруді дұрыс деп санайды.
Осы дәуірге келіп, яғни 1461 жылы Артық Шейх болады. Деректерде айтылуынша көп шытырман оқиғалар мен төтенше жағдайлардан аман қалған үшін де құдайдан сағадат тілеп, перзентіне Құдайберді деп есім қояды.
Артық шейх туылғаннан бастап жарамды және еңбекқор болған баласына өзінің алғашқы тәлім-тәрбиесін бере бастайды.
Ата-анасынан ерте жетім қалған Құдайберді мектепке білім алуды қыншылықпен болса да жалғастырады. Ең алғашқы және сағадатты ұстазына көктен белгі келеді. «Бұл жас баланы жақсы тәрбиеле, қиямет күні саған көмек береді».
Жас Құдайберді мектептен соң Самарқандқа келіп, Жавзония медресесінде шариғат ілімдерінен сабақ ала бастайды. Осы медреседе оқып жүрген күндердің бірінде Құдайбердінің ата мекені болған Карманадағы Миянколден бірнеше достары қонақ болып келеді. Сонда бір таныс қасапшы ет-май әкеліп, оларды қонақ ете бастайды. Қасапшы бұл әдетін бірнеше рет қайталайды Құдайбердіні сыйлағандықтан. Құдайберді қасапшының дайын тамағын жеуден өзіне ар санап медреседен шығып кетеді. Бұл оқиға жас болған Құдайбердінің шейтық жолға түсіп, пархезге және жалпы ағым жолына ерте келуінен белгі береді. Сонымен медресе бөлмесінен шығып кеткен Шейх Құдайберді Регистан алаңы жанындағы Куйи Бустонихон елді-мекеніндегі екі қабатты үйде жәй үйде 3 жыл пақыр болып өмір сүреді. Кезі келгенде, бұл жерде осы оқиғаны атап өту орынды, Әзірет Шейх өмірінің ақырғы жылдарында Самарқанд патшасы Абу Саъидхан ибн Кучкунчихон (Шайбани билеушісі, 1530-33 жылдай билік еткен). Ол мәртебелі Құдайбердіні өз сарайына шақырады. Әзірет Шейх сарайға бара жатып, өзінің жай ғана үйіне қарап айқайлап, өте өкінеді. Себебі Әзірет Шейхтың мінезі осылай қалыптасқан еді. Ол зәуілім сарайдан гөрі өзінің жай ғана ескі үйін абзал көретін еді және бұл оның фано деңгейіне жетуінің белгісі еді.
Шейх Құдайбердінің оқу жылдары туралы осы сөздерді жалғастыра отырып, «Ламахот» кітабындағы мына дәйексөзді келтіремін: ол Әзреті Шейхтің өз сөзінен алынған: «Бір күні мен Самарқандтағы Мирзо Ұлықбек медресесінде астрономия ғылымы саласындағы талибан ғылымдарының пікірталастарын қызыға қарадым. Мен оларды бір-біріне қарама-қайшы деп таптым және өзімнің есепшілдігімнің арқасында өзім үшін көктегі құпияларды аштым». Бұл жазбалардан біз үшін екі нәрсе маңызды; біріншісі – сопылық тәрбие алған Шейхтің астраномия саласындағы пікірталастарға «қызғанышпен қарайтын» болып осы күнге дейін көзқарасы және бізге әлі күнге дейін мистицизм адамдарының бұл ғылымға қайшы келетінін көрсетті; екіншісі – Шейхтің Самарқандтағы оқу жылдарында да «15 ғасырдың соңы» Мирзо Ұлықбектің медресесінде көктен күштердің ілімін алып тұрағандығын мойындауы. Себебі Ұлықбек қайтыс болғаннан соң медреселер мен кітапханаларды бұл ілімнен дәріс беру тоқталды.
Ғылым мен математиканың арқасында жоғары дәрежеге көтерілген Шейх Құдайберді өзіне пір іздеп, жахрия ағымының атақты қайраткері Шейх Джамолиддин Азизонның қасына барып, қолын беріп, оның еркіне кірді. Дереккөздерге сәйкес кездесу барысында Шейх Джамолиддин ол адамнан: «Сіздің атыңыз кім?», деп сұрағаннан соң, сонда Шейх Джамолиддин: «Сізді маған құдай берді, енді сіздің есіміңіз Худайдод болады». Содан бастап мәртебелінің есімі елге Худойдод есімімен әйгілі болады.
Үлкен керемет мақомат иесі және өте қарапайм әдеттерге ие болған Шейх Худоидад пархезде болған, тамағын тиған және ең тақуалылар қатырынан болып, сабырлы, қанағаттылығы және есепшілдігі себебінен фано дәрежесіне көтеріліп, Уали деген ұлы есімге жетті.
Осы жолдардың авторы 1995 жылы Шейх Худойдоди Уалидің Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына атап «Шейх Худойдоди Уали және оның тұрмыс-тәрізі тарихы» атты ғылыми монографиялық кітабын шығардым.
ҚАСЫМ ШЕЙХ АЗИЗАН КАРМИНАГИ
Яссауия-султания ағымының ең танымал муршидтерінің бірі болды. Жас кезінде Ифтихар Шейхтің сұқпатында болған бұл мәртебелі Шейх Мавлоно Уалидің муриді болды, ол өз кезегінде Шейх Худодоий Уәлидің халифаларынан болған.
Қасым Шейх Азизон өзінің ағымдағы істері арқылы Мәуренахр саясатында атақты ықпал ете алған, ол мәртебеліге дейін Яссауия ағымында Сейіт ата Нақшбандия ағымынан Қожа Ахрори Уали және Махмуди Аъзам және Қожа Хашым Дахбедийлер сопылық әрекеттерін халықтың өркендеуі жолында саясатқа өнімді ұсынған.
Сайыпқыран Соний (кейінгіде Сайыпқыран) деп аталған Абдуллахан – ІІ Шайбони осы Қасым Шейх Азизонға қолын ұсынып, өзіне пір деп есептеген.
ҒАЛЫМ ШЕЙХ АЗИЗОН ЖӘНЕ ОНЫҢ «ЛАМАХАТ МИН НАФАХАТУЛ-КУДС» КІТАБЫНА ТАЛДАУ
Біздің ұлттық-мәдени және ғылыми-тарихи құндылықтарымыздың қайнар көздерінің бірі-көне қолжазба кітаптары. Алайда, егер ғалымдар жасаған туындылардың ішіндегі ең сирек кездесетін маржанын шет елдерге, негізінен XVIII ғасырлардан бастап жеткізіле бастады. Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Иран сияқты елдердің кітап қазыналарында жинақталған қолжазбалар біздің пікірімізді дәлелдейді. Бірақ осыған қарамастан, көне деректер саналған маржан кітаптардың бір бөлігі өзіміздің елімізде, мемлекет қазыналарында және де кейбір тұлғалар қолында сақталып қалды. Сонымен қатар, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Ферғана облыстарының қолжазбалардан және басқа кітаптардан тұратын қазыналарында, еліміздің әртүрлі бұрыштарында өмір сүретін зиялылар үйлерінде көптеген маржан кітптар бар. Мемлекет қазыналары мен жеке кітапханаларда сақталған таптырмас кітаптар, тәртіппен мамандар тарапынан зерттелуде.
Қуғын-сүргін жылдарының қиындықтарына қарамастан, өмірлеріне қауіп төндіргенімен, біз осы сирек кітаптарды сақтағандарға қанша алғыс айтсақ та аз. Осындай сирек кездесетін кітаптардың бірі «Ламахот мин Нафахотул-қудс» («Қасиетті хош иістердің сәттері») өте сирек кездесетін ғылыми кітаптардың бірі болып табылады. Қысқаша «Ламахот» деп аталған бұл кітаптың авторы ғалым Әлім Шейх ибн Момин Шейх ибн Дарвеш Шейх Азизон болып, «Тухфатуз-Зоирин» мен «Хужжатуз-зокирин» кітаптарына қарағанда, әке тарапынан тегі бірінші ислам халифасы Әбу Бәкір Сыдыкке жетті. Анасы тарапынан бабасы «Самария» кітабына қарағанда, Ташкент облысына қарасты Қойлық деген елді-мекенде өмір сүрген, Мавлано Хофиз Қойлықи болып некесіз ұрпақ деп есептелген.
Әлім Шейх Азизон қолын Пирим Шейх Азизонға берген, ол болса Қасым Шейх Азизонның муриді болған. Бірақ, Әлім Шейх өзінің білімін сол замандағы әйгілі ғұлама есептелген Мавлоно Исматуллахтан үйреген.
Ислам құқығы, әдіснамасы, тафсир, хадис, сопылық – бұл кемелдік пен кемелдікке апаратын жол, сонымен қатар ғалымдардың сөздерін толық иеленген, Шейх Азизан Мәуренахр елінің ғалым кісі деп саналып, «Барлық ілімдер иесі» (олим ба ҳаммаи улум). Шынында да, солай, себебі тарихшы, ғалым, қазы және мүфти Әбу Тахирқожа ол кісі туралы «Самария» былай деп жазады:
Ғалым Шейх Азизон 972 жылы (1564) дүниеге келген… Әзірет ғалымы Шейх Азизон патша уезінде Самарқандта бас имам болған және өз заманының имимдарының имамы болған.
Ол Мырза Ұлықбек медресесінің оңтүстік-батыс жағында биік мұнара тұрғызды. Қазірде ол мұнара жоқ болып кеткен. Жасы сексен жасқа таяп қалған еді. Ол Джахрия-сұлтания әулетінің шежіресін баяндайтын кітап «Ламахот» кітабының мусаннифі еді және шиіттер сектасының мүддесі үшін «дар радди мазхаби шиа» трактатына тапсырыс берді, бұл трактатта кітапшада ол хористердің даңқын мықты дәлелдермен дәлелдеді. Оның өлімі 1041 (1631-32) жылы болды, ал «Фахрул-Ислам» сөзі (абджадтың жазбасында) оның өлімінің тарихы болып табылады. Бұл адамның ғасырында Әлиабад маузе гүлденген қала болды, Ал Әзірет Ишон сол жерде Джоме мешітін, үй-жай мен медресені тұрғызды. Ол әлі күнге дейін ғимараттар сақталған.
Шынымен де заманнық ғұламасы болған Әзірет Әлім Шейх Азизон тек ғана ғалым ғұлама емес, бәлкім Яссауия ұрпағындағы Жахрия-султания ағымының муршиді еді.
Бірақ, Әлім Шейхтың өшпейтін із қалдырған, онығ атағын шығарған ол жазған «Ламахот» кітабы болып, бұл кітап ілімділер тарапынан өте қатты қадірленген және медреселерде оқытылған. Кітаптың ілімділері үшін ең маңызды тарапы мынандай: кітапта тек қана Яссауия ұрпағы өкілдері, бәлкім басқа ұрпақтардың маңыздылығы ағым пірлерінің ұрпақтарының тарихы да жазылған. Сонымен бірге кітаптағы әрбір оқиға, аңыздар, кудсиялармен бекітілген, олар кітаптың қадірін одан да асқақтатады. Кітаптің сараптамасына келсек, кітап өткен 19 ғасыр аяғында Ташкент қаласының Ғұлам Хуйсайни-Арипжанов баспаханасында баспадан шыққан.
Кітап «Бисмиллә»-дан…кейін, «Мадақтаудың Иесі-Құдіретті Құдай, Сол Саңылаудың Иесі-келісімнің Иесі…», кітаптың кіріспесінде шығарманың екі «мақсаттан» тұратындығы айтылған: «бірінші мақсатта» Құран Кәрім мен хадиси шарифтің аяттарымен нығайтылған джахрия Тариқатының сулукилерінің қалауы туралы мәлімдеме берілген.. «Екінші мақсат» дәуірлердің сипаттамасын, осы ұрпақтардың әйгілі пірлердің тарихын береді.
«Нафахотул-унс» – «нафхаға»; «Рашахоти айнул-Хаят» – «рашхаға»; «Равойихул-кудсқа» – «Равхаға» (яғни, бөліктерге, К.К.) бөліну сияқты, «Ламахот мин Нафахотул-кудс» кітабы «Ламахалар»-ға бөлінген болуы мүмкін. Кітапта баяндаудың барлық түрлері, поэзия-байттар ұсынылған, аят хадисінің көмегімен тиісті дәйексөздер кітаптың ғылыми және көркемдік сипатын арттырады.
Кітапта Жахрия ағымының муршидтері Яссауи, Зеңгі ата, Сейіт ата, Қасым Шейх Азизон сияқты ғұламалардың тарихы кең ашылып көрсетілген және негізінен Шейх Худойдоди Уалидің мақомати ретінде жазылған.
Қорытындылай келе, «Ламахот» шығармасы Орта Азия мен Хорасан мистицизм мектептерінің тарихын жариялаудағы саусақ санарлық негізгі көздерінің бірі болып саналады. Кітап ел тарихының зерттелмеген қырларының атауларын, белгісіз тарихи тұлғаларды, географиялық және топонимикалық тақырыптарды қайта құруда нәтижелі қолданылуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Айтуымыз керек, Сейіт ата мен ол мәртебелінің кезеңі, айналасы туралы әлі көп білмейді екенбіз.
Дос-жаранның өтініші бойынша жазылған бұл кітап өте аз мүмкіндікте, бір-екі айдың ішінде жазылған себепті, кейбір кемшіліктер орын алуы мүмкін. Егер де, біздің жазбалардағы қателіктер көрінсе, зерек оқырманнан кешірім сұраймыз және өткір ақыл иелері тарапынан қайта қаралады деген үміт білдіреміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қолжазба (жекеменшік кітапхана)
- Литография М. 1925 ж. (жекеменшік кітапхана)
- Лохур. 19 ғасыр (жекеменшік кітапхана)
- Т.Фан, 1993 ж. Өбекстан Республикасының шығыс институты ғылым академиясы
- Қолжазба (жекеменшік кітапхана)
- Энциклопедия 1980 ж. 2 чилд.
- ІІІ -т, Д.Адиб, 1987 ж.
- Тегеран, Эхе кітапхана, 1376 х-ж.
- Лакхнав, 1855, СамГУ №1077101
- Қолжазба Өбекстан Республикасының шығыс институты ғылым академиясы
- Т.Ф. 1969 ж, Өбекстан Республикасының шығыс институты ғылым академиясы
- Лакхнав, 19 ғасыр, жекеменшік кітапхана
- Қолжазба жеке меншік кітапхана
- Тегеран – Душанбе – 2002 ж.
- Қолжазба 1570 ж. (ж.к.)
- Бұқара, Литоргафия, 1904 ж. (ж.к.)
- №4472.1437 Өбекстан Республикасының ШИҒА
- Қолжазба, 1852 ж. (ж.к.)
- Ташкент, 1908 ж. (ж.к.)
- Лакхнав, Өбекстан Республикасының ШИҒА
- Лакхнав, 1328 ж. (ж.к.)
- Лакхнав, 1325 ж. (ж.к.)
- Автордың жеке кітаханасы
- Автордың жеке кітаханасы
- Ж.К.
- Ургут көшірмесі (ж.к.)
- Ж.К.
- Душанбе, Дониш, 1990 ж.
- 1331 х. Литог. (ж.к.)
- ӨРҒАШИ №2471
- Қозжзба, ӨРҒАШИ
- Қолжазба, ӨРҒАШИ
- Ахмедов Б. Тарихтан сабақтар. Ташкент, оқытушы 1994 ж.
- Абдурахмон Мустажир, Рузинамаи Сафари Искандаркул. 1989 ж. Д.И.
- Али Даштий, Сопылық не, сопылар ше? Саодат, 1992 ж. №10
- Бартольд В. Сочинение. Том ІІ.
- Ұлы ғұламалар. ІІ том. А.Кодири. Т. 1996 ж.
- Валихужаев Б.Н. Хожа Ахрори Вали, Зарафшон, 1993 ж. Самарканд.
- Гафуров Б. Тәжіктер. 1989 ж. Ирфон. Душанбе
- Бабырмырза. Бабырнама. 1989 ж. Юлдузча. Ташкент.
- Имам Насафий. Қандия. К.Каттаев аудармасы. Самарқанд. Согдиана. 1994 ж.
- Ислам энциклопедиясы. Мемл. баспасы. 2004 ж.
- История и культура народов Средней Азии. Наука. Москва. 1976 ж.
- К.Каттаев. Самарқанд медреселер тарихы. Мерос, 1996 ж. Май
- К.Каттаев. Махдуми Аъзам ва Даҳбед. Самарқанд. Согдиана. 1994 ж.
- Каттаев К. Шайх Худойдоди Вали тарихы. Самарқанд. СамМУ. 1995 ж.
- К.КАттаев. Самарқандтың ұлы ғұламалары. С.Зарахшан, 1998 ж.
- К.Каттаев. Махмуди Хоразми және тұрмыс-тіршілігі. С.Зарафшан. 2003 ж.
- К.Каттаев. Самарқанд медреселері. С.Зарафшан. 2003 ж.
- К.Каттаев Ходжа Ахрори және Мырза Ұлықбек. С. Зарафшан. 2004 ж.
- К.Каттаев. Шах Неъматуллои Вали. Т.Ғылым. 2005 ж.
- К.Каттаев. Шохизинда-Кусам ибн Аббос. Ташкент. Фан. 2006 ж.
- К.Каттаев. К.Гури Амир мұнарасы тарихы. С. Зарафшан. 2007 ж.
- Мирзо Сомий. Маңғыт сұлтандары тарихы. Шарк юлдузи. 1993 ж. №3-4.
- Р.Мукминова. Вакфнаме. Т.Наука. 1966 ж.
- Суюндык Мустафоев. Кармана әзіздері. Ташкент. Мухаррир. 2010 ж.
- Мухаммад Ғиесуддин. Ғиесл-луғот. Адиб. Душанбе. 1987 ж.
- Муҳаммад Юсуф. Шояд тақводор бўлсак. Т. Чўлпон 1992.
- Олим Шайх. Ламаҳот (ласси К. редакциясында) С. СамМУ. 2007.
- Протоколы заседаний… 1913-14жж. (История термезских сейидов).
- Садриддин Айни. «Намунаи адабиёти точик», 1925. Мәскеу.(ж.к.).
- Саидкулов Т. Очерки историографии. Укитувчи. Ташкент. 1992 ж.
- Сайид Роқим. Тарихи томм. Т. Маънавият. 1998.
- Сайфиддин Сайфуллоҳ. Табаррук сиймо. Мухаррир. Ташкент, 2009ж.
- Салиева Ф, Каттаев К. Проблемы суфизма…С, Зарафшон. 2007.
- Справоч. кн. по Сам.обл. Вып.-IV.1898. А.Икромов музейи кутубх.
- Суханварони сайқали рўи замин. Душанбе. Ирфон, 1973.
- Собрание Восточных Рукописей. Т-III, 368 бет. № 2700.
- Фон Грюнебаум. классический ислам (600-1258) М 1981.
- Файзиев А.Ф. История Самарканда. С. СамМУ, 1992.
- Чехович О. Самаркандские документы. XV-XVI ғғ. 1974. Мәскеу.
- Фахруддин Али Сафий. Рашаҳот. Ташкент, Ибн Сино.
- ЭСТ. Д. (Энциклопедия), 1980 ж.
- Яссавий кім еди? (жинақ Б.Дустқораев) Ташкент.
- Ҳазраткулов М. Тасаввуф Маориф Душаибе. 1988 ж.
- Хамидхон Исломий. Султонул-орифин. Фан. 2005 ж.
- Ҳодизода Р. Адабиёти точик Маориф. Душанбе. 1988.
- Ҳофиз Таниш. Шарафномаи шоҳи. Тошкент. Фан 1966.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
БІРІНШІ БӨЛІМ
Сейіт ата туралы деректер
Сейіт ата
Сейіт ата және Өзбекхан
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Яссауия ағымының муршидтері
Қожа Ахмет Яссауи
Әзірет Яссауи халифалары
Бірінші халифа – Мансұр ата
Екінші халифа – Саъид ата
Үшінші халифа – Сүлеймен ата
Төртінші халифа – Хәкім ата
Данышпан сопы
Зеңгі ата
Ұзын Хасан ата
Сейіт ата
Исмаил ата
Садр ата
Бадр ата
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Сейіт ата ұрпақтары туралы
Сейіт атаның танымал ұрпақтары
Сейіт Абдулла Зарбахш
Сейіт Ахметқожа Нақиб
Сейіт Абдулмалик – Әмір Аббас Соний әулеті
Әзірет Сейіт ата шежіресі
Сурхандариялық сейітаташылар
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Бағыттағы кейбір шатасулар
БЕСІНШі БӨЛІМ
Яссауия пірлері және мақоматтары
Шейх Худойдоди Вали
Қасым Шейх Азизон Карминаги
Әлім Шейх Азизон және оның «Ламахот мин Нафаҳотул-Қудс» кітабының сараптамасы
Қорытынды
Әдебиеттер
Ғылыми-көпшілік басылым
КОМИЛХОН КАТТАЕВ
ЯССАУИЯ АҒЫМЫ ЖӘНЕ СЕЙІТ АТА ТАРИХЫ
монография