
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
Әзірет Сұлтанның батыни (тылсым) ілімінен «Ламахат»(XVII-ғ.) кітабынан бір тәбәрік:
» Бір күні Әзірет Сұлтан Иасы уалаятындағы өзінің Әулиелер бағы аталатын саяжайында машайық жақсылармен сұхбаттасып отырған еді. Әңгіме арасында Әзіреттің ауызынан мынадай: «Ер дегеніміз, мына бақтағы ағаштарға биле десе, билей жөнеледі,»- деген сөздер шыққаны сол еді, бақтағы ағаштар қозғала бастайды. Сонда Әзірет Сұлтан: «Ей, бақ! Менің «биле» дегенім, саған емес,
жұртқа айтып отырған сөзім ғана» дегенде ағаштар дереу қозғалыстарын тоқтата қойыпты.»
Кітап авторы Мұхамед Шәриф әл- Әлауи(1666) өзінің атасы болуы керек Әзизан Әлім шайх әл-Әлауидың «Ламахат»(1625ж.) кітабынан алдым деп жазыпты.





