Ескі мешіттің орыны
Қызылорда облысы өңірінің энциклопедиясында Бабай ишан Жүнісұлы туралы мынадай дерек берілген. «Бабай ишан Жүнісұлы, шын есімі Ибрагим (1857, қазіргі Сырдария ауданы, Ақжарма а. Азат кенті – 1937, Тәжікстан, Қорғантөбе) – діни қызметкер. Бұхара медресесін бітірген (1892). Сол жылы наймандар Бабай ишанды бала оқыту үшін Азаттан (қазіргі Ақжармадан орталарына көшіріп әкеліп, «Бидайкөлде» мешіт салып береді. Мешітте ақын А.Тоқмағанбетов, 20-ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған Әбіш сынды зиялылар дәріс алған. Бабай ишан Сыр бойы ғана емес, Қостанай, Торғай, Семей өңірлерінде молдалық құрып, ағарту жұмыстарымен айналысқан, елді адалдыққа, имандылыққа, бірлікке шақырған. Ол кеңестік дәуірде солақай саясат зобалаңына ұшырап, Тәжікстанға ауып, көп қиындықтарды бастан кешірді»
Ишанның «Қиямет күнге дейін қурамасын» деп еккен ағашы әлі көктеп тұр.