Бір суреттің сыры
Бабаның тәспісі
Айқожа ишанның қолының табы қалған тәспі. Бұл тәспі Меңліқожаның баласы Қалманқожаның қолында сақталған. Меңліқожа – Айқожа иашанның атқосшысы болған екен. Атын жетектеп жайып, суарып-жемдеп, баптап жүреді екен. Меңліқожа дүниеден өтерінде Айқожадан алған тәспіні баласына беріп кетеді. Қалманқожа жасы ұлғайғанда «мұны ұстауға менің қақым жоқ шығар, саған бердім, менің енді уақытым жақындап қалды» деп Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылының тұрғыны баба ұрпағы Мұзаппархан Сұлтанахметұлы Әлімбетовке беріп кетеді. Бұл бабаның көзін көрген тәспі. Ақбөкеннің мүйізінен жасалған.