Бір суреттің сыры

Куәліктің хикаясы

Бақытжан Әбсәметов естелігінен: Шетелдердің мұсылман елдерінің бірінде қызметтік сапармен болғанымда «Дүниежүзілік Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпақтарының қауымдастығы» деген мүшелік куәлігі бар адаммен кездестім. Ол ұйымға шыққан тегіңізді дәлелдеп, пайғамбар ұрпағы екеніңізді сендірсеңіз міндетті түрде осындай куәлік береді деп түсіндірді. Сол жылдары үш жүзден астам адам мүшелікке өткен екен. Менде мөрдің қағазға басылған көшірмесі бар еді. Соны көрсеттім. Қағазды олай-бұлай қарап көрді де, мөрдің өзін алып келіңіз деді. Жас кезім, қуанып жол түскенде, мөрді сұрап Сұлтанахмет атама келмеймін бе?! Ол кісі тәспісін тартып, үндемей мені тыңдап отырды.

– Мұны не қыласың? – деді.

– Ата, маған куәлік береді. Бәріміз Қауымдастыққа кіреміз.

– Мен кім екенімді білемін, маған қағаздың керегі жоқ. Екінішіден ГПУ болсаң да ақымақ екенсің!

КГБ-да жұмыс істейтін кезім, неге деп шамырқанып қалдым.

– Балам, мынау мөр солардікі. Ол шекарадан өтсе, қайтып алып келе алмайсың.

Алатыныма сенімді болып, дипломатиялық жолын шешіп қойғанмын. Сұрастырғанымда ондағылар менің Азиядан екенімді білгеннен соң былай деп түсіндіріп еді. Ол кезде дін алымдарына мөрді Мысырда, әл-Асқарда, Мекке-Мәдинеде, Ауғанстанның Мазари Шариф қаласынан беріледі. Дәл сол кезде Айқожа бабамның Ауғанстанда оқығаны есіме түсіп, мөрдің келу төркінін түсіндім. Ірі ислам орталықтары сол жақта болған ғой.

Бұл 1995 жылдар. Уақыт өтті. Зейнетке шығып қайтадан ізденсем, мөр жоғалып кетіпті.

Айқожа ишан: әулеттің асыл мұрасы

Алматы – 2023, «Типография Print House Gerona»

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button