Жарық нұрдың сәулесі

Құдіретіне құлдық ұрғызып…

Басқа аймақты қайдам, біздің облыстың Қаратөбе, Сырым және бұрынғы Тайпақ ауданының тұрғындары Мәтен қожа әулиенің құдіретімен жақсы таныс. Әсіресе қаратөбеліктер. Олардың ішінде Мәтен атаның басына тәу етіп, ем-дом алып жүргендерін айтпағанның өзінде, әулиенің атын естімегені  кемде кем. Мен осыған орай Мәтен қожа әулиенің шапағаты туралы ел  арасындағы елең еткізерлік әңгімелерді онан әрі толықтыру  және онан беймағылұм өзге оқырманды хабардар ету үшін төмендегі тың деректерді жұртшылық назарына ұсынамын.

«Ойдағыдай шығарылмаған оқиғалар» құпия болып қалды

«Прикаспийская коммуна» газеті нөмірінің бірінде Мәтен  қожа әулие және оның мәйітіне тәу ету туралы оқыдым. 1977 жылы мен де оның  моласы орналасқан жерде болғанмын. Онда №123 «Д» бұрғылау мұнарасын орнату қолға алынған еді.

Тамыз айында Мәтенқожа алаңына төрт адам келдік. Өзімізбен бірге вагон, қойма, бульдозер және КП-25 кранын алып келдік. Міндет-көліктен аспаптар мен бөлшектерді түсіріп, олардың тұтастығын қадағалау. Вагонға өзім және краншы, ал қоймаға бульдозерші мен құрастырушы орналасты. Қонып шығып, ертеңіне болаш ақ бұрғылау орнынан бір шақырымдай қашықтықта орналасқан бөлімше тұрғындар ымен танысуға бардық. Сөйлестік. Бізге олар бұдан бұрын да осында мұнара орна тушылар мен бұрғылаушылардың талайының келіп-кеткенін айтты. Бірақ әулие Мәтен қожа өзінің мәйітінің төңірегін мазалағанды «қаламайды» және кез келген жұмысқа «кедергі жасайтын» көрінеді…

Ертеңмен мұнара  орнатушылар бұрғылау мұнарасын көтеріп, түстікке кеткенде, жанынан кеңшардың бір тракторы өткен. Тракторшы жерде жатқан, бірақ беркітіле қоймаған, ұзындығы 50-60 метр және диаметрі 18 мм тросты көреді. Трос шаруашылыққа аса қажет. Біреуін алғысы келіпті.Трактордың артына тіркеген де, алға жүрген. Алайда ол тростың екінші жағының мұнараның төбесіне ілінгенін байқаған  жоқ. Мұнара құлап түсті. Қайтадан жаңасын әкелуге тура келді. Құрастырып бұрғылай бастағанбыз, тап сол сәтте су бұрқағы аспанға атылды. Мұнара мен аспаптарды жедел түрде басқа жаққа көшіруге тура келді. Үлгірдік, себебі мұнара тұрған  жерде әп-сәтте су толы алаңқай пайда болыпты.-Олай болса, енді сақтаныңдар!-деді сол сәтте бізге ат басын бұрған жергілікті малшы қоштасып жатып.

Вагон мен қойма бір-біріне 70 метрдей қашықтықта орналасқан-ды. Түн сайын белгісіз біреу не вагонды, не қойманы тарсылдатып ұра бастады. Алғашқыда біз не болғанын білгіміз келіп, сыртқа шауып шықтық. Бірақ ешкімді де, ештеңені де көре алмадық. Ал тарсыл жалғаса берді. Тамыздың түндері онысыз да ұзақ, енді сыртқа жалғыз-жарым шықпайтын болдық.

Бізге кассир ақша әкелгенде, оған және жүргізушіге көрген-білгенімізді айттық. Олар сенген жоқ. Ақша алғасын, біз жүргізушіден жақын жердегі ауылдан азық-түлік әкелуін сұрадық. Қас қарая бастағанда, ол кері оралды. Кассир жолға жиналған еді, кенет ақша салынған портфельдің жоқтығын айтты. –Ал сендер сенбеп едіңдер, енді міне, көздерің жетті ме?!- деді бульдозерші. Біз жағылған алаудың жанында отырып,  ақша алғаннан кейін кімнің қайда барғанын сұрай бастадық. Ешкімнің де ұрлыққа қатысы жоқ екен. Бірақ портфель қайда кетті? Біраз басымызды қатырғасын, көңілімізге мынадай ой келді: мүмкін, жүргізуші жол да түсіріп алған шығар?! Оның ізімен кері жүрдік. Портфель  табыла кетті. Сөйтсе, оны кассир көліктің аяқ басқышына қойған да, кейін ұмытып кеткен, содан жолда түсіп қалған.

Содан кейін құрастырушылар келе бастады. Біз оларға мұқият және сақ болуды ескерттік. Бірақ соның өзінде оқыс жағдай болмай қалған емес. Дәнекерлеуші электрге қатты соғылса, электрик 6 метрлік биіктіктен құлап, әупіріммен аман қалды. Ағаш шеберлерінің бір тобы (олар сорғы сарайының төбе сін салып жатқан) жерге құлап түсті. Қайдан жұлынғаны белгісіз, сол сарайдың төбесінен ұшып түскен тақтай иығыма келіп соғылды. Мұнараға шығып көрмеген краншы да оқыс жарақат алды…

Бұрғылау орнын әйтеуір, қалай-солай құрастырдық. Бұрғылаушылардың бригадасы келді. Біз басымыздан кешіргеніміз және әулие Мәтен қожа туралы әңгімеледік. Олар әңгімемізді мұқият тыңдады, алайда бір помбур(бұрғылаушының көмекшісі) күліп, былай деді:-Мұның бәрі түкке тұрмайды. Өлі әулие не істей алады?!-

Ертеңіне ол жұмысқа шықты. Қазан айы, жауын сіркіреп тұр, помбур үстіне бр езент жабу киіп алған. Кенет жұмыс істеп тұрған жабудың етегін ротор өзіне  іле кетті. Бұрғылаушы роторды айырып болғанша, помбурдың мылжа-мылжасы шықты. Ақыры ол есін жимаған күйі ауруханада көз жұмыпты.

1980 жылдың ақпанында біз бұрғылау мұнарасын бұзып алуға келдік. Асықпай және сақтана жұмыс істедік. Мұнараны тіркемелерге тиеп, тракторларға тіркеп, қозғалуға бет алдық. Әлгілер тұрған орнынан жылжыған да жоқ. Күні бойы тростарды ауыстырып, тракторларды ерсілі-қарсылы қозғауға тура келді. Ал мұнара тіпті орнынан қозғалар емес. Екінші күні қуатты «К-700» тракторы мен «КрАЗ» және «МАЗ» мықты көліктерін қосқанның өзінде, жағдай өзгермеді. Ақыры көліктің астынан қар мен мұзды қазып шығарып, тазалағанда да, еш септігі тимеді. Кенеттен біреу былай деді:-Қане, жұмысты тастап, бәріміз әулие Мәтен қожаның мәйітіне барып қайталық. Өзінің басыбайлы мекенінен бізді аман-есен шығарып жіберуін сұрасақ қайтаді?!- Айтылды-болды. Ақша жинап, қатарымызға әулиенің құдіретіне күмәнсіз сенетіндерді ғана іріктеп алдық. Келесі күні бір тартқаннан-ақ, мұнара орнынан қозғала жөнелді де, еш жерде кідірген жоқ.

Қауырт жұмыстарды тынымсыз атқарып жүргенде, сәуір айы басталды. Бір күні тракторлар құрал-сайман тасып жүрген, Ойыл өзені арнасынан шығып, айналаны су басып қалды. Тракторшылар мен құрастырушылар бәрін тастап, вахталық көлікпен құрғақтау жерге баруға мәжбүр болды. Біз ескі орындағы аралшықта қалып қойдық. Көліктер бізге қарай бұзып-жарып өте алмады. Ал келуге тиіс тікұшақ шұғыл Ақтөбеге ұшып кеткен. Азық-түлік бітіп, шағын электрост ансамыз істен шықты. Соның салдарынан рация арқылы басшылықпен байланысқа шығуды да ұмытуға тура келді. Құтқарар тікұшақтан әлі хабар жоқ.  1 мамырға екі күн қалды. Амал жоқ, тағы да әулие Мәтен қожадан сауға сұрауға тура келді. Ақшамызды жинап, төртеуіміз мәйітке аттандық. ..

Келесі күні таңғы сағат сегізде алыстан тікұшақтың гүрілі құлаққа шалынды. Оның соңымыздан келе жатқанына сену де қиын еді. Тіпті басқармадан тап осын

дай қысталаң шақта бұрғылау алаңына тікұшақтың ұшып келуі бұрын-соңды болып көрмеген-ді. Әдетте ол түсте не түстен кейін келетін. Ал қазір бізді іздеп жүр. Бұрғылау мұнарасы болмаған соң, ұшқыштарға су ортасындағы сан түрлі аралшықтардан адамдарды іздеп табу  да оңайға түспеді.  Жан-дәрмен 1 мам ырға арналған қызыл тулар мен ұрандарды алып шығып, вагонның үстіне көтеріліп, ерсілі-қарсылы бұлғадық. Олар да жазбай тапты. Күндізгі сағат он бірге таман бәріміз әуежайда, кейін қалада болдық….

Осындай бір «оқиғалар». Ойдан шығарылмаған. Демек, әлі де бізге белгісіз құ пиялар бар екен.

 В.Тарасевич.

«Прикаспийская коммуна» газеті, (Атырау), 1995 жыл, 30 наурыз.

Мәтінді орыс тілінен аударған -Мәтен қожа әулиенің сегізінші ұрпағы,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудармашы,

ұстаз, журналист Серік Ізбасарұлы Ихсанғали.

Орал қаласы

Мәтен қожа әулие туралы

Атырау облысының, Қызылқоға ауданының, Қаракөл ауылынан 10-12 шақыр ым жерде елге белгілі Мәтен қожа әулиенің зираты бар. Ол осыдан 250-300 жыл  бұрын қазақ даласына Сауд Арабиясы елінен дін тарату үшін келген. Мәтен қожа әулие атаның ұрпағы Қазақстанның әрбір облысында өмір сүріп жатыр.  Мәтен атаның зиратынан шамамен 4 шақырымда «Атаның  майы» деген жер бар. Кезін да Мәтен ата  өлген кезде, денесін жуындырған орында ағаш үйдің аумағындай жерден мұнай шығады. Жер бетінен 25-30 сантиметр тереңдікте.

Қазақстанның әр облысынан күн демей, түн демей, жанына шипа іздеген ада мдар ағылып келіп, түнеп не болмаса, бір садақа малын арнап сойып, жұма күнде рі ауыл-аймақтағы адамдар 7 шелпек нанын әкеліп, дұға оқып жатады. Мәтен атан ың қабірінде өсіп тұрған шөппен тісі сырқырап ауыратындар тісін шұқыса, ауру тіс су сепкендей басылады. Мәтен атаға емделуге келген адам шын ниетімен жуын ып, тазарып келуі керек. Әруақ қона алмай жүрген адамдар 2-3 күн түнеп, бала көт ермей жүрген әйелдер де келіп, атадан медет сұрайды. Сонымен қатар, басы, қо лы, аяғы, жүрегі ауыратын адамдар атаның зиратына келіп, дұға оқып, сонан соң атаның майынан құйып алып, не болмаса, Мәтен атаның шырақшысынан сұрап алса, оны дертті жеріне жағып күтінсе, кәдімгідей айығады.

Мәтен атаның құдіретін ауызбен айтып жеткізу қиын. Оны ем алған адам өзі сезіп, атаның қасиетінің құдіретіне көзі жетеді. Мәтен атаның майын, шөбін, құмын адамның аяғы баспайтын жерге алып қойған дұрыс.

Мақсот Ізімов.

«Алтын орда» газеті, 2000 жыл, шілде.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button