Сабыр мен байсалдылық
Пайғамбарымыздан қысқа да нұсқа жауаптар
Бұл хадис Халид б.Уалидтен риуаят етілуде. Ол Хазреті Пайғамбарға (с.а.с.) бір бәдәуидің қойған сұрақтары мен оған берілген жауаптарды былайша жеткізеді:
-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ішіндегі ең ғалымы болғым келеді. Не істейін? Пайғамбарымыз (с.а.с.):
-Алладан қорық. Оның әмірлерін орында, тиғандарынан тиыл,-деді.
-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ішіндегі ең байы болғым келеді. Не істейін?
-Қанағатшыл бол. Аллаһтың саған берген үлесіне разылық көрсет,-деді.
-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ең жақсысы болғым келеді. Не істейін?
-Ең жақсы адам – өзгелерге көп пайдасы тиген тиген адам,-деді.
-Уа, Расулұллаһ, Адамдардың ең әділеттісі болғым келеді. Не істейін?
-Өзің үшін қалаған нәрсеңді, өзгелер үшін де қала,-деді.
– Уа, Расулұллаһ, Аллаһқа ең жақын құлдардан болғым келеді. Не істейін?
-Уа, Расулұллаһ, Аллаһты көп зікір етсең (есіңе алсаң), сонда оған жақындайсың.
-Уа, Расулұллаһ, Мухсиндерден болғым келеді. Не істейін?
-Ғибадаттарың мен іс-әрекеттеріңде Аллаһтың сені көріп тұрғанын ұмытпа. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады,-деді.
– Уа, Расулұллаһ, Иманымды толықтыру үшін не істейін?
-Ахлағыңды дұрыста,-деді.
– Уа, Расулұллаһ, Бойсұнушылардан (құлшылық етушілерден) болғым келеді. Не істейін?
-Аллаһтың әмір еткен парыздарын орында,-деді.
– Уа, Расулұллаһ, Аллаһқа таза болып жақындағым келеді Не істейін?
-Ғұсыл, дәретіңе көңіл бөл. Кемшіліксіз толық орында,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Қиямет күні нұр ішінде болғым келеді. Не істейін?
-Дүниеде ешкімге зұлымдық, әділетсіздік жасама,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Раббымның маған мейірім түскенін қалаймын. Не істейін?
-Өзіңе және бүкіл жаратылысқа (жанды-жансыз) мейіріммен қара. Сонда Аллаһ та саған аяушылық білдіреді.
-Уа, Расулұллаһ! Күнәларымның азаюын қалаймын. Не істейін?
-Тәубе етуді және истиғфарды (жарылқау тілеу) ешқашан тастама. Күнәларың азайады.
-Уа, Расулұллаһ! Ең қадірлі, (құрметті, беделді) адам болғым келеді. Не істейін?
-Аллаһтың жаратқандарына Аллаһ жайында шағымданда, -деді.
– Уа, Расулұллаһ! Ең күшті адам болғым келеді. Не істейін?
-Аллаһқа тәуекел ет. Одан ажырама,-деді.
– Уа, Расулұллаһ! Аллаһ пен Елшісінің жақсы көретін адамдарынан болғым келеді. Не істейін?
-Аллаһ пен Елшісінің жақсы көрген нәрселерін жақсы көр. Жек көрген нәрселерін де жек көр,-деді.
Уа, Расулұллаһ! Аллаһтың ашуынан аман қалғым келеді. Не істейін?
-Ешкімге ашуланба, сонда ашудан аман қаласың,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Дұғамның қабыл болуы үшін не істейін?
-Харамнан аулақ бол, халал жолмен мал тап, сонда дұғаң қабыл болады,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Аллаһ мені адамдардың арасында масқара етуін қаламаймын. Не істейін?
-Сен әурет жеріңді жап. Сонда Аллаһ та сенің кемшіліктеріңді көрсетіп масқара етпейді,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Аллаһ менің айыптарымды жасырғанын қалаймын, не істейін?
-Сен бауырыңның айыптарын жасыр. Сонда Аллаһ та сенің айыптарыңды жасырады,-деді.
-Уа, Расулұллаһ! Менің күнәларымды қандай нәрсе жоя алады?
-Көз жасы, ынтамен оқылған намаз және басыңа келген бәлеге сабыр ету,-деді.
Уа, Расулұллаһ! Ең ауыр күнә қайсысы?
-Жаман мінез және сараңдық,-деді. Бәдәуидің ең соңында:
– Уа, Расулұллаһ! Тозақ отын не сөндіреді?-деген сұрағына Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп жауап берді:
-Сабыр мен байсалдылық.
(Али әл-Муттақи, кәнзул Уммал)