Бір суреттің сыры

Жүрмейін, қасіреттен құлап қалып

АППАҚ ИШАННЫҢ ҰЛЫ АЛАУАДДИН ҚАРЫНЫҢ ЖҰБАЙЫ КҮЛЗАДА ШЫҒАРҒАН ӨЛЕҢ

0, Құдырет, көңіліме шырақ жаққандай

Кешегі күнім қайда таң атқандай,

Дариға-ай, төңірегім жалтылдаған

Алтын мен күмісін жалатқандай.

0, Құдырет, өзіңе қаратқандай

Құйылғанда ақ сәуле абад таңдай,

Жасдәурен құйқылжыған ән мен күйден

Күн қайда пейішінде жаратқандай.

0, Құдырет, кешегі сәнім қайда,

Дариға-ай, шалқып салған әнім қайда,

Шаттығым кеткені ме адастырып

Жүрекке түскен жара жазылмай ма?

Тәңірім-ай, ұлы әулие атам қайда,

Бағыштар жақсылыққа батаң қайда,

Пірім қайда, алыстап кеткені ме,

Аталарым аттары аталмай ма?

Қасымда балам, қарақан басым қалды,

Дүние-мал, баспана, тасымды алды,

Барымды барымталап белсенділер

Сұрамай жаз дидарлы жасымды алды.

Бұл күнде қайнар бұлар суалғандай,

Дүниені қу менен сұм алғандай,

Сұрасаң хал-жағдайы Күлзаданың

Досым жылап, дұшпаным қуанғандай.

0, Тәңірім, қорқу-үрку буынды алып,

Құлдықтын қыл бұрауы құрылды анық,

Мұхаммед пайғамдардың ұрпақтары

Кеткені ме осылай қуғындалып?

Көзде – жас, көңілде – мұң, баста – қайғы,

Қабағым бұлтты күндей ашылмайды,

Не жаздым қу тағдырға қан кешкендей

Жауыма тілемес ем осы жайды.

Көз көрген біле жүрсін құлақтанып,

Алайын хақ жолынан қуаттанып,

Жаратқан, сілкінейін, сілкінейін,

Қайғыға қарсы тұрған сияқтанып.

Қолдай гөр, ия Аллам, қолда мені,

Жүрмейін, қасіреттен құлап қалып,

Жүрмейін, қасіреттен құлап қалып…

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button