Бір суреттің сыры
Көне мешіттің орны
Қызылорда облысының қазіргі Сырдария ауданына қарасты Айдарлы, Амангелді және Жетікөл ауылдарының аймағы ертеде «Кеңтүп» болысының қарамағындағы жер болған екен. Бұл жерді Қажы Мәді (Диуана) қожа бабаның өмір сүрген кезінде негізінен қыпшақтар, қарақалпақтар және қожалар бірге мекендеген, Суреттегі ескі мешіт Қожжан қожа кесенесінің жанында орналасқан екен.