Бір суреттің сыры

Зиякүл апаның жасауы

Айқожа ишан мұрасынан

Нұрымбет мағзұм

Айқожа ишанның ұлы Пірше мағзұмның тұңғыш баласы  Нұрымбет мағзұм. Нұрымбет мағзұмның қызы Зиякүл апамызды Ибадулла мағзұмның ұлы Ата мағзұмның баласы Әбдуәқап атамызға ұзатқанда жасауын Орынбордан алдыртқан екен. Зиякүл апамызды ұзатқан уақытта 12  түйеге артқан. Иә, ол кісі өте бай-бақуатты болған кісі екен. Түйесінің санын бір Алла біледі. Тауға қарай көшкенде малының басы тауда жатса, аяғы Сырда жататын еді дейді. Сол уақытта Орынбордан жасау алдырту деген ол кім болса соның қолынан келмейді екен сол уақытта. Апамыздың  кебежесі, қол машинасы бар. Ол уақытта жаңағы айтып жатқан қыздың жасауына қол машина деген кім болса соның қолынан әперу келмейтін.  Байлар ғана жасайтын жасаулар екен. Ол уақытта Қазақстанның астанасы Орынбор болады.   Алла ол кісілердің жатқан жерлері жайлы болып, артындағы ұрпақтарына қайырлы, баянды, бақытты өмір берсін!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button