Бір суреттің сыры

Жыр арнасын жалғаған

Ұлы даланың қай атырабын алсақ та – қасиетті, киелі. Даланың құты, қасиеті текті перзенттерді дүниеге әкелді. Жаңақорған деген өлкеден осы күнге дейін қаншама тұғырлы тұлға туды. Текті бесіктен әлі күнге дейін баталы сәби, жұлдызды перзент туып келеді. Аллаға шүкір делік. Қасиетті Қаратауда туып, Сыр сағасында ер жеткен, есімі күллі қазаққа таныс, ұлттық өнердің рухани жұлдызы Манап Көкеновті тұтас түркі жұрты біледі. Ол асқақ қиял мен сарабдал санаға ұялаған шабыттың толғағы жеткен сәттерде шашасына шаң жұқтырмай, қаусырма жақ пен буынсыз қызыл тілден май тамызып, естігендерді еріксіз еліттіріп, тыңдаушыларын таңырқата тамсандырып, шынайы да шырын сөздерден түйін түйіп, төл өнерімізді бүгінгі күнге қаймағын бұзбай жеткізді.

Сыр елі саф өнерін өн бо­йына сақтаған Манаптай марқасқа ақынымен мақта­нады. Туымы бөлек тарлан та­лантты айтыс өнерінің ақтаң­гері деген атқа алты Алаштың халқы лайық деп таныды. Хан деп, қара деп бөліп-жар­май, мінін бетіне басып, шы­бын жа­нын шырқыратып айтқан арынды ақынды ұлттық мо­ра­льдық кодексінің темір­қа­зығына айналдырды.

«Бір өзі – бір театр» атанып кеткен Халық ақыны Манап Көкенов туралы ой қозғасақ, көмбені ақтарып, аяғына де­йін жете алмай қалатындай күй кешесің. Расында өз дәуі­рінде айтыстың ақтаңгері атан­ған Манап ха­лықтың сү­йік­ті ақыны болып санада қалды.

Сыр сүлейлерінің соқпағы­мен өркен жайған Манап ақын ұлтымыздың ұлы өнерінің отын өшірмей өткен мен бү­гін­нің арасын жыр арнамен жалғап кетті. Жалғыз ғана айтыс өнерінде қолтаңбасын қалдырмай, лирикалық өлең жазуды да қатар алып жүріп, тәлім-тәрбиеге толы термелер мен толғаулар жазды. Ел­дің, жердің тарихын жатқа айтатын шежіреші, терең ой­лы философ, этнограф, насихатшы болды.

Мұраны мирас еткен бү­гінгі ұрпақтың санасына сіл­кі­ніс жасап, айтыс өнері­нің өміршеңдігін насихаттау жо­лында Жаңақорған ауда­ны­ның біртуар азаматтары алдағы уақытқа айдар тағып, айтыс өткізуді өздеріне мақ­сат тұтып отырған жайы бар. Оны ұйымдастырудағы басты мақсат – тұлғаларды лайықты тұғырына қондыру. Бұл айтыс­ты республикалық дәрежеде ұйымдастырсақ, аламан бәй­генің алдын бермес кіл жүй­ріктерден құралған азулы айтыс ақындарын қарт Қаратаудың етегіне жиып, жыр додасының жалауын көтерсек, жалпақ жұрттан мақтау мен мадақтау естуді мақсат етпей, Манап ақынның мәртебесін көтеру кемеңгерлікті қажет етпейді деп ойлаймын. Қамау терден арылған сәйгүліктей желдіртіп жыр тербеген бү­гінгі ақындарымыз Манап Кө­кеновтің шымыр шума­ғы­нан шөлін қандырса екен дей­міз. Себебі, ол – ең алдымен халықтың сөз құнарын ана сүтімен бойына сіңірген тілі көркем, ойы ұшқыр ақын. Өлеңнен сұрапыл соқ­ты­рып, құйын тұрғызған ке­зін­де қар­сыласы тұрмақ, үлкен­ді-кішілі шенеуніктердің тала­йының апшысын қуырған.

Айтыс – ордалы ойы, сұң­ғыла сөзімен тыңдарман­ның көңіл түкпіріне ой салып, замана сазын толғап, елдікке, ынтымаққа үндеу. Қаржыдан қысылып, қайырымдылық қор құрып, көпшілік назарын ау­дарудан аулақпыз. Елдің ел­дігі мен ерлердің бекем бір­лігі бұл іске мұрындық болады деп ойлаймыз.

Пахриддин ШӘМШИДДИНҰЛЫ,

Манап Көкенов атындағы ауыл тұрғыны,

Жаңақорған ауданы

Сыр бойы газеті

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button