Бір суреттің сыры

Ауылымызда көктемгі құдайы ас берілді

12-сәуір күні – Ташкент облысы Бостандық ауданына қарасты “Үйеңкүл” ауылдық кеңесінің “Қожа ауылында” көктемгі құдайы асымызды өткіздік.
Екі жыл кезекке тұрып, ауыл ақсақалдарының батасын алған ұлымыз – Азатқожа берген асқа көрші аудандағы Қаңлы сейіт бауырларымыз да келгеніне риза болдық.

Өткендерге Құран бағышталды. Ақсақалдарымыз: “Аспаннан жаудырсын, жерден – өндірсін” деп бата берді.

Өткен сенбі күні ауылымызбен Наурыз мейрамын атап өткен едік.

Аллаға шексіз шүкір, жыл санап ауылымыздың ынтымағы артып, жастарымыз тың бастамалармен шығып жатыр. Әліқожа деген балмыз мазарат қорғанының бұзылған жерін жөндеуден өткізуді, ал Камалқожа деген ініміз жиындарда – дастарқан жаятын, ал қар, жаңбыр жауғанда – жерлеуге келгендер паналайтын навес салуды қолға алмақ.

Өзбекстандағы “Қаңлы сейіттер” қауымдастығының төрағасы – Үсен Асқаров.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button