16-бап. Тәкаппарлықты тыю баяны
Қаулуһу тағала: «Иннәлләзинә иәстәкбируунә ъан ъибадатии сәйәдхулуунә жәһәннәмә дәхириин152» (Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып тозаққа кіреді) деген Әбділла ибн Аббас рази аллаһу әнһу айтар: «Кімде кім тәкаппарлық қылса, Алла тағала тозаққа кірер» деді және пайғамбар саллалаһу әлейһесалам айтты: «Үш бөлек кісілер тозаққа барар:
1) залым патшалар,
2) малынан зекет, ушір бермегендер,
3) дуанаға, ғалымдарға тәкапарлық қылып азар бергендерге» және айтады «үш бөлек кісілер пейішке барар» деді:
1) Пайғамбар әулеттері, мәнісі Расул әлейһесаламның балалары.
2) ықыласымен тағат153 қылғандар. 3) бала-шаға, кемпір-шал, әйелдеріне халал тауып,
жегізгендер. Расул әлейһесалам айтты «тозақ ішінде бір құдық бар дүр, атын байыл дейді, ұзындығы 500 жылдық жол дүр, ол құдыққа тәкаппарлық қылушыларды өзін үлкен деп санаушыларды азап қылар және де айтты «әр кісі 5 түрлі кісіні дос тұтса
1) 152 «Ғафир» сүресі, 60-аят
153 Тағат /а/ – құлшылық
ғалымдарды, 2) диуана дәруіштерді, 3) кедейлерді, 4) жетімдерді,
5) зәһид154 тақуа кісілерді. «Ей, мұсылмандар өзін әр кісіден кем санамақ, әркімді өзінен артық білмек, мен қожамын, мен төремін, мен баймын, палуанмын, мені халық жақсы дейді деп мақтанбасын, бұл дәулет бақтың бәрін Алла берер. Мен бишара, мүсәпір пендемін деу керек. Өзінен көрмесін әркімнің амалы о тақуалығы артық болса Құдай тағала дәргәһінде ол артық дүр. Қаулуһу тағала: «Иннә әкрәмәкум ъиндаллаһи әтқакум»155 (Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың) деген енді барлық адам балалары бір жаратылып, бұл дүниеге келгендер. Егер өзінен басқа кісіден көрсе бұл менен жақсырақ десін, бұл кісі күнәні менен азырақ қылғандар десін. Бұдан мен күнәні көбірек қылдым десін. Егер өзіндей кісі көрсе одан өзін биік санамасын. Егер көңіліне пікір тәкаппарлық келсе, дәрһәл156 дереу тәуба истиғфар157 қылсын. Әзәзілдің Алла тағаладан қуылған оқиғасын дереу еске түсірсін. Әзәзіл Аллаға ғибадатын көп қылды. онан соң аспанға шығып періштелерге дәріс айтты.
Онан соң тәкаппарлық қылды. өзін зор, дәу деп санады. Өзіне ұқсас балаларына бұда жоқ деп пәрмен өзгертті және басқа айлалар істеп, іс қылған себепті ол әзәзіл таукы ләғнәтқа кіріптар болды. Алланың дәргәһінән қуылды, және бір мысал жерді көріңдер, қай жер шұңқыр төмен болса су соған қарап ағар, мен ақылдымын деп еш бір кісіні өзінен кем көрмесін Құдай тағаладан қорқыңдар, тәуба қылыңдар, Иләһи барлық момын мұсылмандарға тауфиқ иманды қылғайсың аумыйын раббіл аламйн әл сауап.
154 Зәһид /а/ – тақуа
155 «әл Хужурат» сүресі, 13-аят
156 Дәрһәл – дереу
157 Истиғфар /а/ – кешірім сұрау: Астағфирулла