Бір суреттің сырыЖаңалықтар
Ғалымдар Тұрбатта бас қосты

17 мамырда Түркістандағы халықаралық Ясауитану симпозиумына қатысушылардың үлкен тобы біздің Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылындағы Ысмайыл ата, Ысқақ ата тарихи-сәулет кешендеріне зияраттап қайтты.
Мәртебелі қонақтар ішіндегі Ысмайыл ата тарихына қатысы бар ғалымдар және басқалар:
1. Девин ДиУис (АҚШ) – Индианаполис штатындағы Индиана университетінің профессоры. Ысмайыл ата ұлы Ысқақ қожаның «Хадикат’ул арифин» қолжазбасын 1987 жылы Кабул мемлекеттік архивінен тауып, мақаласымен тоқтауда тұрған Ясауитану ғылымына қозғау салуымен белгілі атақты шығыстанушы ғалым.
2. Акрам Хабибуллаев(АҚШ) – Индиана университетінің профессоры, тегі Түркістандағы Қарнақтық, библиограф. Девин ДиУистің Ысмайыл ата тарихы зерттеулеріне қатысушы.
3. Бахтияр Бабаджанов(Өзбекстан) – профессор, Өзбекстанның Бируни атындағы Шығыстану институтының жетекші маманы. Әлемдік деңгейде беделі бар ғалым. Қазақстанның Ясауитану ғылымына (оның ішінде Ысмайыл тарихы) өткен ғасырдың 90- шы жылдарынан араласып келеді.
4. Мехрожиддин Амонов(Өзбекстан) – Самарқандағы Имам Бұхари Халықаралық Ғылыми Орталығының қызметкері, Күміскенттегі Әли ата мазаратындағы Ясауия жолы орталығының зерттеушісі, үлкен ғалым. Қадырғали Жалайыридың жазуында айтылатын Жағаттық(Тұрбаттық) Тәуекел, Есім хандардың анасы, Ысмайыл ата ұрпағы Яхшым бикенің күйеуі Шығай ханның қабірі жатқан Әли ата мазары – осы Мехрожиддин зерттеп жатқан жер.
5. Әшірбек Момынов(Түркия) – профессор, Стамбулдағы Ислам тарихы, мәдениеті мен өнері тарихы
халықаралық зерттеу орталығының (IRCICA) кеңесшісі, Қазақстанның ең мықты ясауитанушыларының бірі, тегі қазығұрттық.
6. Райолло Акилле Пескарини(Италия) – жас ғалым докторант.
7. Аффин Ариф Йесви (Үндістан) – Кашмирлік жас ғалым, Ясауи ұрпағы.
8. Өмір Тұяқбай(Алматы) – Phd доктор, Ысқақ ата еңбегі бойынша докторлық қорғаған.
9. Нұрлан Мансұров – МКТУ-дің Ясауитану ҒЗИ директоры болып істеген Ысмайыл ата ұрпағы.
10. Сайпулла Молдақанағатұлы – Әзірет Сұлтан музей-қорығының ғылыми орталығының директоры.
Тағы басқалар…
Кәрім Аппазов