ЖаңалықтарФотогалерея

Майлықожа Сұлтанқожаұлының 185 жылдық мерейтойын атап өту Түркістаннан бастау алды

 Қазан 22, 2020

Биыл Қаратау өңірінің дара ақыны, ақын-жыраулар мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлының туғанына 185 жыл толды. Он бес жасынан бастап қолына домбыра алып топқа түскен ақын өзінің ғұмырында әлеуметтік маңызы терең мәселелерді көтере білген қайраткер. Майлықожа ақынның қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орнын қалыптастырған, замандас сөз зергерлері арасында озық та ойлы өлеңдерімен танылған және ел мойындаған ірі таланттардың бірі. Сондай-ақ, халық поэзиясында ежелден қалыптасқан терме, толғау жанрларын ең көп қолданған кең тынысты ақын. Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Осыған орай, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

мен бірлесіп қараша айында мерейтойды кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, кешенді жұмыстар аясында ғылыми-теориялық конференциялар ұйымдастырылып, ақындар айтысы мен термешілер байқауы өткізіледі.
Бүгін мерейтойдың алғашқы шарасы ретінде университетіміздің зерттеуші ғалымдары мен жергілікті өлкетанушыларынан құралған топ тұлғаның туған топырағына және оның өміріне қатысы бар өңірлерге, Түркістан-Отырар-Қожатоғай-Бадам – Арыс – Шымкент -Түркістан бағыттарына «Майлықожа ақынның ізімен» атты экспедициясы жолға шықты. Нәтижесінде Майлықожа бабамыздың мұрасы туралы деректі фильм түсірілмек. Экспедицияның құрамына университетіміздің зерттеуші-ғалымдары мен өлкетанушылары, журналистер, студенттер кірді.

 

«Сөйле» деп маған сөз бердің,

Түсінгендей парқыма.

Орындайын көптің тілегін,

Келе алсам шарқыма.

Сіздер де халқым, түсінгін,

Жақсы сөздің парқына.

Мақсатым болды өзімнің,

Бағасы болса сөзімнің,

Сөз қалдырмақ артыма.  (Майлықожа)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

экспедиция мүшелерін шығарып салу сәті

«Жанашыр дос» деп біз жүрміз,

Алдамшы дүние құзғынды.

Бұл адамзат – саудагер,

Біткеннен соң саудасы,

«Қош, қош!» деп салар сүргінді.

Ажал тұр алда дəйекшің,

Жазғы шапқан бəйге аттай,

Береміз бір күн шылбырды.

Қашан шылбыр бергенше,

Сайратайын бұлбұлды.

Дүние – бір түлкі, нəпсі – ит,

Əуреге салып қудырды.

Аңғарғанға сөзімді,

Бауға қонған бұлбұл-ды.

Сөз парқын білмес наданға,

Айқайлап жүрген бір жынды.

Майлықожа

 

Шәуілдірдегі Руханият музейінде кездесуді С.Саттаров ашты. Ақынның ең бір жаны күйгені Ел Егемендігі болған – бұл арман орындалды-Ел бірлігі үлкен аманат.

Айтыскер ақын Әселхан Ақын баба жайында өз ойларын ортаға салды:

Əдебі жоқ жігіттен

Насихат айтар шал жақсы.

Жауыны ала көктемнен

Желсіз тымық жаз жақсы.

Майлықожа

Ақынның шөбересі ғалым Нұртаза Алдабергенов

 

Рухани -танымдық музей 

Шәуілдүрге разы болған ағайын

 

 

Қожатоғайда қарсы алған ағайын-Оң жақта бірінші үй егесі Қансейт

Ташкен менен Қоқанға, Бірдей болып жүрілдім.

Ел билеген ерлердің, Назарына іліндім.

Кіндік кесіп,кір жуған,Сыр бойында туылдым.

Майлықожа

Ақынның туып-өскен жері «Қожатоғай»

Ақынның үйінің орны ғалым Досай Кенжетаймен

1984 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясының археологі К.М. Байпақовтың басшылығымен М-ның мекенжайына археол-топограф. зерттеулер жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында тұрғын үй өлшемі 12,7 х 4,25 м екені, оның қам кесектен соғылғаны анықталды. ——- 283 Әдеб.: Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – А., 1991.

Ақынның  үйінің орнынан Сырдың көрінісі

1984 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясының археологі К.М. Байпақовтың басшылығымен М-ның мекенжайына археол-топограф. зерттеулер жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында тұрғын үй өлшемі 12,7 х 4,25 м екені, оның қам кесектен соғылғаны анықталды. ——- 283 Әдеб.: Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – А., 1991.

Майлықожа бас болып қаздырған арық

Сырдан қаздық арықты, Азықтан халық тарықты.

Майлықожа

Арықтың ұз. – 7-8 км. Арық Қызылжарды жағалап Саяқ тоғайына жеткен. Бұл арық туралы ғыл. әдебиетте алғаш жазған Ә.Оспанұлы мен Ә.Шілтерханов. Ә.Оспанұлының монографиясына сүйенсек, 19 ғ.-дың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті қазақ ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-98) арық қаздыртқан: «Сырдария өз-нің ернеуін жырып, алдын тоғандап тосқауыл жасап, арнайы арық тартылған». ——- Әдеб.: Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – А., 1991.

Ел ағасы Қожатоғайдың байрығы тұрғыны  Қуанышбек ақсақал біраз тарихты ортаға салды. Қуанышбек аға айтады: Майлықожа ақын Қырғыз еліне барып бір үлкен айтысқа қатысып бірнеше ақынды жеңеді. Ақынға разы болған Қырғыз елі бір бойжеткен қызды мына қыз Сіздің еркіңізде деп беріп жібереді. Елге келген соң ақын қызды өз баласы Әлімханға қосады. Аты Жібек – орта бойлы,әдеміше қараторы адам еді дейді.  Ол әйелден Әбдәми атты бала болған. Сыр бойында аңшылық ететін. Әбдәмидің үлкен әйелі Төлеген молданың қызы. Әбдәми аузының желі бар,реті кеклгенде сөз құрай алатын адам болған. Бір көзінің ағы бар екен:-«Көзімдегі ақ емес, Айран тамған. Өзімде жоқ бұл айран қайдан тамған» –деген сөзін айтып отыратын-дейді ұрпағы Сабыр.

Ғалым Досай мен Ақынның шөбересі Сабыр

Бұл дүние екі парық,

Екеуін бірдей бермейді.

Жүрмеңіздер қапы қап,

Өткізіп алып деңгейді.

Майлықожа

 

 

Арыс қаласында ақынға арналып жарияланған тақта

Саналы өмірі Майлықожаны дәріптеумен өткен термеші Қарсыбай Ақтаев

 

Бадам-Мәлім мола

 

Мәліммола – Мәделіқожаның сағанасы

Жау жанап адам шанштың он бесіңде,Қайратың хан-қараның болды есінде.

Қублаға төрт жағың түгел болып,Құдайың қымбат қылған бендесіңде.

Майлықожа

Майлықожаның сағанасы

 

Самалмен жауған жауыннан

Самалсыз жауған қар жақсы.

Адамдыққа ойласаң,

Мал менен бақтан ар жақсы.

Майлықожа

 

 

 

Ақын баба басында

Міжазы атаныздың басыңа кеп,Алпыс үш Пайғамбардың жасына кеп.

Бүзірік Мәлім моладан жай алыпсың, Атаң мен Асаныңның қасына кеп,

Қасында Мәделінің сағанасы,Бір болып мазарының араласы.

Мәделі-Майлықожа даңқы кеткен,Бұлардың қандай өткен заманасы. Исабек

Жырау Қарлыбай ақынның «Үш жігіт» тымсалын айтты

 

Айтыскер ақын Сәбит ағызды жыр бұлағын.

Алымдардың ілгергі,

«Өлмейді» деп адамға,

Жоқ екен жауап бергені.

Сол себептен нұсқа қып,

Айтамын арқау термені.

Майлықожа

 

Кешіргейсің, Жаппар Хақ,

Алдамастан момынды!

Айтып жүрсем, шынымды,

Жаратып ең пенде ғып,

Білесің өз сырымды.

Тағы айналып келгенше,

Саламат Сырды көргенше,

Жаратқан Жаппар Құдай-ай,

Сақтағын, өзің шыбынды.

Майлықожа

 

Дүние шіркін, қандайсың,

Ешкімге тоқтап қонбайсың.

Алдандырып дүниеге

Қайғы мен қамға молғайсың.

Кімді, дүние, жақтырдың,

Кімге опа таптардың?

Жолдас болған жақсыңа

Қаншалық нәрсе арттырдың?

Күйгенімнен қу дүние

Сені біраз  хат қылдым.

Өлең сөзбен үлгі етіп,

Перзентім, әм әулетім,

Сіздерге мұны тапсырдым!

Ұлы бабадан ұлық аманат қалған-ол өсиеттер мен насихаттар және ел туралы жаны күйіп айтқан тарихи  өлеңдері мен  тымсалдары.

Нақлиқатты тымсал қып,

Төмендегі аз терме

Майлы ақынның сөзі еді.

Мəлім болған халыққа,

Өтірік емес анық та,

Өнер алды – тіл еді,

Сарттан өткен Науайы,

Тілдің гауһар гүлі еді.

Парсыда өткен Фердауси,

Заманында дүр елі.

Не жүйрік келіп дүниеге,

Аяқтарын тіреді.

Ақынның солар пірі еді.

Қай қазақтан ақын боп,

Өткендерден ірі еді?

Майлы ақынның өзіне,

Ибарат берер сөзіне,

Тірі болса осылар,

Болар еді-ау тірегі.

Осы кезде халқым да,

Сөз тастайын артына,

Менен басқа кім еді?

Бадам-Қарабастаудағы Мәлім молада Мәделіқожа, Майлықожа, Жолбарыс ақын, Асан ақын, Мырзахмет ақын, Кейкімолда, Қаныбек Мейрбеков, Ешан аға-барлығы сегіз ақын жайғасқан.

Дайындағандар: Сейт Омар Саттарұлы,Нұрлан Мансұров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button