Жаңалықтар

Дуана қожа ұрпақтары Ас берді

видеожазбалар

 

«Дуана,-» қожалардың бір атасы,

Лақап аты бабамның жоқ қатесі.

Азанмен қойған аты-Əжі Мəдіқожа,

Ұлама қабыл болған бар батасы.

 

Əжі Мəді балалары-Қожжан, Қылыш,

Қалмақпен кескілескен қылған ұрыс.

Ата-Баба əңгімесі мирас еткен,

Қиялменен келтірсем болмас дұрыс.

 

Оңтүстігін елімнің мекен еткен,

Басқыншы қалмақта кегі кеткен.

Болат хан бас қосқанда елді жиып,

Намысты ер, қылыш қайрап бұлар жеткен.

 

Қосақтасып екеуі жауға шабар,

Кездескені қалмақтың өлім табар.

Бір-бірін қорғап жүріп алысады,

Жинаған көп жасақпен бұзбай қатар.

 

Бұны көріп қалмақтың құты қашар ,

Сап қатарын бұза алмай əбден сасар.

Торға түскен торғайдай тыпырлайды,

Саңлау таппай жоңғар енді жағаласар.

 

Əдіс-тəсіл меңгерген Қожжан, Қылыш,

Қарулары жараулы болат-құрыш.

Мезі болған жауынан бабаларым,

Шынықтырған сарбазын жатпай тыныш.

 

Жауына ойран салады екі жақтап,

Үйретілген əскері шебін сақтап.

Қалмаққа соққы берді ес жидырмай,

Ессіз дала, төбеде Күнде аптап.

 

Ойраттар əлсіз, сусыз қаталады,

«Аңырақай шайқасы,-«деп, соғыс аталады.

Бас бұғып, тығылып, паналайтын,

Сардаланың жоқ еді жоталары.

 

Соғыс өнерін меңгерген бабаларым,

Еркіндігі үшін елдің, салған барын.

Көзі ашық, ескіше білімі бар,

Ғалымдардың оқыған не, кітаптарын.

 

Жоңғарды қуалады əлсіретіп,

Ойраттың шамасы жоқ, əлі кетіп.

Асырып жібереді шекарадан,

Айналып келместей ғып жəне қайтып.

 

Жаралы хан өмірден өтті қалай,

Соғысты дамытпады ары қарай.

Ұласып бұның арты тақ таласқа,

Əруақта да биліктің іші тар-ай.

 

Бір жылы қысты өткізіп, көктем шығай,

Жоңғарлар шабуылдады міне тағы-ай.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама,-«еді,

Тоқтатайын білесің ары қарай.

 

Бұл соғысты басқарды хан Абылай,

Қожаберген жырлаған деп, -«Елім-ай».

Еш тыныштық болмады қазағыма,

Қалмақ пенен көз тігіп, орыс, қытай.

 

Құлағымда жатталып қалған сарын,

Толықтырып аларсыздар осы барым.

Естіген жазып шықтым əңгімеден,

Жыр етіп айтып кеткен аталарым!

Сейілхан Икрамұлы!

10.09.23.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button