Жарық нұрдың сәулесі

Саяқ Баба рухына – тағзым

Саяқ сейіттердің ұсынысымен  Абай облысының Аягөз ауданының Қарабұлақ, Ақшәулі ауылдарына саяхаттап барып қайттым. Осы өңірде өніп-өскен Сейітқожа Қыдырқожа Саяқ ұрпақтары – шілденің 11 – 12 күндері «Саяқ Баба рухына тағзым» атты кездесу-құрылтайын өткізді.

Бұл басқосуға Түркістан облысның Сарыағаш ауданы, Арыс қаласының «Қожатоғай» ауылынан, Алматы, Астана қалаларынан, Қытай Халық Республикасының Іле облысынан «Саяқ Ата» деп атап кеткен Нәдір Ата ұрпақтары келді.

Кездесу аясында  Аягөз қаласының орталық мешітінде  Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа әрі мәнерлеп оқу бойынша Саяқ Баба атындағы Құран жарысы өтті. Әділ қазылар алқасына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы  Саяқ Бабаның ұрпағы  Омар қари Сәлимбеков басшылық етті.

Баба ұрпақтары алдағы уақытта Саяқ Баба атындағы Құран жарысын облыс деңгейінде өткізуді жоспарлап отыр.

Құрылтай қатынасшылары Аягөз қаласынан Ақшәулі тауына қарай бет алып, Қарабұлақ ауылындағы бабалар басына зиярат жасады. Саяқ Бабаның ұрпағы Омар қари Сәлимбеков «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы өткен аруақтарға арнап Құран сүрелерін оқып, бата жасады.

Кешке Қарабұлақ ауылында «Саяқ Баба рухына – тағзым» кездесу-құрылтайы қатынашыларына арнап дастарқан жазылып, ағайынның ынтымағы мен ұрпақтың болашығы туралы ұсыныс-тілектер айтылды.

Өз басым Саяқ қожалардан шыққан ұлы ақынымыз – Майлықожа Сұлтанқожаұлының 190 жылдығын атап өту және рулық деңгейден ұлттық деңгейге көтерілген бабамыздың атын ұлықтап, шығармашылығын насихаттау туралы ойларыммен бөлістім.

Аягөз қаласының «Мирас» тойханасында «Саяқ Баба рухына – тағзым» атты кездесу-құрылтайының мерекелік дастарқаны жазылып, аруақтарға арнап Құран хатым етілді.

Елдің Оңтүстігінен барған делегация мүшелері Шығыстағы бауырларының қонақ жайлылығына дән риза болып қайтты. Арқа еті – арша, борбай еті – борша болып, тыным таппай жүрген ағайынның жүзінен – жылулық, көзінен – мейірім ғана көрініп тұрды. Шығыстағы ағайын басқосу үшін – қабағы мен табағын да, қаржысы мен жан-күшін де аяған жоқ. Ақысы төленген қызмет те былай көрсетілмейді. Жері де, пейілі де кең Шығыстағы Саяқ баба балаларының меймандостығына алыстан ат арылтып келген ағайынның алғыстан басқа айтары болмады.

Ибраимов Байкенже Бойтанұлы,  Нүкібаев Балғария Мырзағалиұлы мен  Нүкібаев Құрманғазы Молдағалиұлы бастаған ауыл азаматтарының алды Астана мен Алматыдан, бергісі – Семейден келіп, басқосудың мәнді де сәнді өтуіне аянбай атсалысты.

Алыстан келген ағайынның айтары – алғыс, тілері – табыс ғана.

 Нәдір Ата ұрпақтарының келесі жылғы басқосуын Оңтүстік өңірі – Түркістан облысында тұратын Саяқ баба балалалары өткізетін болды.

Алла баршаңызға жар болсын!

Саяқтарым бар болсын!

Азаматы Саяқтың

Қайыспайтын нар болсын!

 

Өзбекстандағы Қаңлы сейіттердің төрағасы – Үсен Асқаров  

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button