Бір суреттің сыры

Дінмен күрес қалай жүргізілді?

Сайтымызда «Дінге қарсы аттаныс» жауыққан құдайсыздар  штабының  бір күндік газетін жариялаған едік. Төменде сол газеттің бір мақаласын назарларыңызға ұсынамыз, Осы мақаланы төте жазудан кирилл қарпіне аударып берген Бердігүлге алғысымыз мол.

Дінмен күрес – сатсиялдық  үшін күрес

Барлық комсомол ұйымдарына, комсомолдың мүше, кандидаттарына

(окіріктік комсомол комитеті мен дінге қарсы үгіт жүргізу  штабының нұсқаушы)

Ардақты жолдастар!

Партия мен Кеңес үкіметінің соңғы жылдарда жүргізген ірі маңызды саяси науқандары тап-тартысын күшейтіп, тап дұшпанымыздай, жуан, жұдырықтардың қарсылығын бұрынғыдан әлденеше есе арттырды. Байлардың дінді «дана ұстап» ашықтан-ашық қарсы шыққан кездері болды. мәдени-ағарту жұмысын іске асыру жөнінде дін үлкен қырсығын жүргізіп келді.

Діннің осы күнге дейін  кең орын алып келу себебінің бірі – дінге қарсы үгіт жұмысының жөнді жүргізілмеуі. Бізде осы күнге дейін дұрыс жұмыс жүргізіп отырған бір ұйым, бір үйірме жоқ. Керек болса, біз толып жатқан  құдайсыз белсенділерден окірікте орталық бір ұйым да құра алғамыз жоқ.  Бірлі-жарымды құрылған «құдайсыздар үйірмесі» түк істемей келеді. Бұлар еңбекшілерді үгіттеу былай тұрсын кәсіподағы мүшелерін, оқытушы, оқушыларды тарта алмай отыр. Әлі күнге дейін комсомолдардың өз ішінде құдайды ұмытпай айына пітір беріп, құрбандық істеп жүргендері де жоқ емес.

Осының салдарынан елде ескі әдет-ғұрып, дін салты әлі кең орын алып келеді.  Кейбір молдалар «молдалықтан бездім» деп, газет жүзінде жарияласа да оның ілеуде біреуі ғана шын кеңес шаруасына айналып, көбі ескі саясатын жүргізіп отыр. Бұған Сеитен, Тереңкөл аудандарындағы бір-екі молданың «молдалықтан бездім, адал кеңес шаруасы боламын» деп газетке жариялап отырып, іс жүзінде арамдығын тастамай, артық астығын тығып, үкіметке бермеуі дәлел. Мұны істеген молда еңбекшілерді партия мен  үкіметтің саяси шараларына қарсы  тұруға үгіттеуден қаша алады деп айта аламыз ба? Әрине, жоқ. Айта берсек,  дін басшыларының бұдан сорақы қылмыстары да толып жатыр.

Осы күні біз халық шаруашылығын өркендету жөніндегі 5 жылдық жоспарды 4 жылда асуымен орындауға, оған кесірін тигізетін барлық кедергілерді жоюға белсеніп кірісіп отырмыз ғой. Мінеки, сол кедергілердің бірі – дінді де жоюымыз керек. Дінге қарсы үгіт жұмысын бұдан былай шындап қолға алуымыз керек.

Сондықтан дінге қарсы үгіт жүргізу штабы дінмен күресі жөнінде мына шараларды белгілейді.

Комсомол ұялары дінге қарсы үгіт жұмысын тез қолға алсын.

Мұның … өз жанынан… сын үйрімелерге комсомолдардан тыс еңбекші шаруа жастары тартылсын. Дінге қарсы үгіт жұмысына бұрын молдалыққа оқып, соңынан діннің байлар құралы екеніне толық. …ісіне берілген азаматтарды тарту керек. Үйірмелерге, әсіресе, батырақ, кедей, орташа жастарын кең тартуға көңіл нық бөлінсін. Оларды үйірме дұрыстап тәрбиелесін. Үгіт жұмысын ел ішінде де мына әдістермен жүргізу керек. Алдымен діннің қайдан шыққанын айта келіп, оның осы кездегі саяси бетін ашу керек. Бай, жуан-жұдырық, саудагерлердің сатсиялдық қарсы күрескендерді дінді….

Зиянды шыбын-шіркей қайдан келеді, бұлар қайткенде жайылады деген сияқты шаруалардың тұрмысынан, шаруасына байланысты мәселелерден түсіндіру керек. Дін мен ғылымның басы бір қазанға сыймайтындығын дәлелдетіп көрсету керек, мектеп, қызыл отау болсын, бұдан да үгіт шарауаларға айырым-айырым түсіндіру жолымен жүргізілсін. Айырым үгіт жөнінде әрбір құдайсыздың негізгі міндеті – қандай болса да ыңғайлы жағыдай тауып өзі қызмет істейтін мекеме, ұйымдардағы жолдастары арасында, айналасындағы қара шаруаларға , көз көрген таныс-білістеріне, үй-ішіне, туған-туыстарына үгіт-насихат жүргізуі керек. Дінге қарсы шығарылған кітап, журнал, газеттерді ел арасына мезгілмен таратып отыруы керек.

Үгіт жұмысын жүргізгенде аса сақ болып діншілдердің нәзік көңіліне… ты ғибадат етуден күштеп-қорқытып тию. Мешіт-шіркеу сияқты ғибадат орындарын әкімшілік жолмен жабу керек.  Бұл негізінен дұрыс емес.

Партияның ҮІІІ-съезі дінге қарсы әкімшілік шара қолдануды, оны қысып-зорлаудан  тиған. Барлық жұмыс үгіт жолымен жүрсін деген. Сондықтан көпшіліктің өзі бір ауыздан ғибадат орындарын алуды керек деп таппаса, оған зорлық істеуге болмайды. Үйткені,  дінмен күресі бір айда, бір жылда орындала қоятын жұмыс емес: оған  көп жыл керек. комсомолдың міндеті, қорытып айтқанда: діннің қайдан шыққандығын, ол  байлардың тап құралы екендігін түсіндіру, күнбе-күнгі тұрмыс тәжірибесінен алып, діннің жаратылыспен ешбір байланыс жоқтығын ұғындыру. Молда-мәзіндердің ишандардың барлық жарамсыз жұмыстарын  айқындап әшкерелеп отыру. Дін еңбекшілерді улататын апиын. Оған қарсы күресі комсомолдардың жалпы еңбекші жастардың міндеті.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button