Рабғұзи

Хүжрәттің 4-ші жылында болған оқиға

Сафарүлхайыр айында пайғамбар ғ.с.-ға бір топ адам келіп: «Біз Бәнәназыл нәсіліненбіз. Арамызда мұсылман болған адамдар бар. Бізге дін ислам үкімін үйрететін кісілер жіберсеңіз», – деп сұрады. Пайғамбар ғ.с. 10 кісі жіберді.

Жолда мәшрүктер бұларға қарсы кездесіп, 8-ін өлтіріп, екеуін Меккеге апарып сатты. Біреуі – Хабиб, екіншісі – Зәйт есімді сақаба еді.

Сафарүлхайыр айында Нәжәт қаласынан Әбубәрә-Ғамар есімді кісі келіп, Пайғамбар ғ.с.-нан дін исламды үйретер сақаба сұрады.

Пайғамбар ғ.с. аңсардан 70 сақаба жіберді. Нәжәт қаласының басшысы Ғамар бин Тәфил Әбубәрә руынан басқа халықты жиып, барша мұсылмандарды шәйіт қылды.

Қағаб бин Зәйд деген сақаба құтылып, пайғамбар ғ.с-ға келіп хабар берді. Пайғамбар ғ.с. мұны естіп, қатты қапаланды. Бұл жетпіс кісі жан аямай, бәрі қырылғанша соғысқан еді. Сондықтан да бұл Баермағуна соғысы деп аталды.

Әбусафиан 200 адаммен пайғамбар ғ.с.-ға қарсы шабуылға шықты. Бұл істен хабардар болған пайғамбар ғ.с. мың жарым адаммен қарсы тұрды. Әскердің қуаттылығынан секем алған Әбусафиан кері қайтты.

Ислам әскері күннен күнге қуат алып келе жатқан. Пайғамбар ғ.с. осы жылы Сәлимамен некеленді. Бұл уақытта хазреті Пәтимәдан Хұсаин Разиолла туды. Осы жылы пайғамбар ғ.с. Зәйдбүйніге яһудилер тілін оқып үйретуді бұйырды.

Зәйд тез арада яһудилер мен Сәриалар тілінің жазуын үйренді. Бұл тайпалармен хат-хабар алысуға Зәйд жәрдем беретін болды.

ХҮЖРӘТТІҢ 5-ІІІІ ЖЫЛЫНДА БОЛҒАН ОҚИҒА

Пайғамбар ғ.с. бұл жылы 1000 ескерімен Думәтүл Жәндүл уәләйәтына барды. Думәтүл Жәндүл Шам тарапында еді. Думәтүл Жәндүл халқы соғыспай-ақ ауылынан шығып қашты. Сәлмәнүл Фары бұл жылы Мединеге келіп, мұсылман болды.

Пайғамбар ғ.с. бұл жылы Зейнепті некелендірді. «Хандық соғысы» осы жылы болды.

Әбусафиан төрт мың әскер жиып, Меккеден шықты. Нәжет тарапынан алты мың әскер келіп, құрайыш әскерлеріне қосылды. Барлығы 10000 әскер болып, Мединеге жөнелді.

Пайғамбар ғ.с. бұлардың соғыс ашылуынан хабардар болып, сақабалармен кеңесіп: «Мединеден шықпай-ақ, қарсы тұрсақ», – деп мәслихат етті. Сақабалар қабыл алды.

Сәлмәнүл Фарсының ишаратымен Медине маңын тереңдеп қазды. Бұл жұмысты 15 күн ішінде аяқтап үлгерген еді. Сол кезде құрайыш әскері қара бұлттай қаптап көрінді. Бұл уақытта пайғамбар ғ.с. 4000 әскер дайындап, сапқа тұрғызған болатын. Құрайыштар терең қазылған жерден өтіп, Мединеге қанша рет кірмек болса да, кіре алмады. Сонан соң сырттан оқ атып, тас атып, соғысқа шақырды.

Ислам әскері бұл соғысқа шықпағаннан кейін, Ғәкәрәмә Әбужәһил, Хабирабин Әбулақап, Нәуфил бин Ғабдолла-Зарар, Бин Хитаб Мардас, Бин Мүхәрәб бір жол тауып, Мединеге кірді.

Ғамару бин Ғабдут араб ішіндегі теңдесі жоқ батыр еді. Осы жолы ислам қабырғасына келіп айқайлап: «Қайратыңмен маған келе алатын батырларың бар ма?» – деді. Ешкім майданға шыға алмады. Сол кезде, Алланың арыстаны хазреті Ғали: «Әй, Расулалла! Ғамаруға қарсы мен шығамын», – деді. Пайғамбар ғ.с. «Әй, Ғали! Сен отыр. Бұл Ғамару бин Ғабдут», – деді. Хазреті Ғали тағы рұқсат сұрады: «Әй, Расулалла! Рұқсат бер, мен шығамын», – деді.

Расулалла рұқсат еткенде, хазреті Ғали сайланып, қылышын қолына алып, Ғамарудың қарсы алдынан шықты. Ғамару: «Сен кімсің?» – деді. Хазреті Ғали: «Әбутәлиб нәсілінен Ғалимын», – деді. Ғамару: «Маған қарсы тұратын мына жас жігіттен басқа ешкімнің жоқ болғаны ма?», – деп айқайлап, хазреті Ғалиға айтты: «Атаң менің жақын досым еді. Мен сенімен соғыспаймын», – деді. Сонда Ғали: «Менің атам досың болса, болар, бірақ мен сенің қаныңды ағызуға ниет етіп келдім», – деді. Сол кезде Ғамарудың ашуы келіп, қылышын Ғалиға сермеп қалды. Хазреті Ғали қалқан тұтты. Қылыш қалқанға тиіп быт-шыт болды. Хазреті Ғалиға кезек келгенде дереу Ғамаруға қылыш салды. Сол сәт күллі жер сілкініп, Ғамару екіге жарылып, жаны жәһәннәмға кетті.

Мұнан соң Нәукіл шықты. Оған хазреті Зәбір қарсы шығып, өлтірді. Бұл халді көрген Ғәкәрәмә алды-артына қарамай қашты.

Мәшрүктер Ғамарудың өлгеніне қатты қайғырды. Сонан соң Мединеде аштық болды.

Нәжәттән Нағим есімді кісі мұсылман болған. Бірақ оның мұсылман екенін кәпірлер білмеген еді.

Бір күні Медине күзетшілеріне келіп, өзінің мұсылман екенін айтты. Кәлимә и шәһәдәт келтіріп, Мединеге кіріп, Расулалла жанына келіп: «Әй, Расулалла! Бұл мәшрүктерді айла етіп, тоздырып жіберсем рұқсат па?» – деді. Раулалла: «Әй, Нағим, қуатың жетсе солай қыл», – деді. Нағим Расулалланың жанына жетіп, Бәни Қаризаға яһудилер басшылығына барып, мәжіліске кірді. Олар Нағимды құрмет еткенде, Нағим бұларға қарап: «Әй, жамағат! Сіздерге менің махаббатымның зор екенін білесіз», – деді. Олар: «Әй, Нағим! Сен әр уақытта бізге қайырым қылғансың», – дегенде, Нағим: «Мен сіздерге достықпен бір сөз айтамын», – деп оларды көндірді.

Сөйтіп, Нағим құрайыш, ғәтбәй руымен Әбусафианды өзара соғыстырып, қырып тастатты.

Хандық соғысы аяқталғаннан кейін пайғамбар ғ.с. Рихана есімді қатынды некелікке алды. Сол жылы Мазан руынан Біләл есімді кісі 400 адаммен келіп, мұсылман болды.

XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі туындылар әкелген Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегін татаршадан аударған Роза Мұқанова

Суретті түсірген  Сұлтан Сейіт

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button