«6 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі

Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы
Қазақстан Республикасының Заңының талабына сәйкес

8-бап. Жас сыныптамасы

  1. Жас сыныптамасы жүзеге асырылмай, ақпараттық өнімнің айналымына тыйым салынады.
  2. Жас сыныптамасын меншік иесі, өндіруші және (немесе) таратушы Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық өнімнің айналымы басталғанға дейін дербес не сарапшылар және (немесе) сараптама ұйымдары жүзеге асырады.
  3. Жас сыныптамасын жүзеге асыру кезінде:

1) ақпараттық өнімнің тақырыбы, жанры, мазмұны және көркемдік безендірілуі;

2) белгілі бір жас санатындағы балалардың ақпараттық өнімдегі ақпаратты қабылдау ерекшеліктері;

3) баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізу ықтималдығы бағалауға жатады.

  1. Жас сыныптамасы ақпараттық өнімге мынадай жас санаттары беріле отырып жүзеге асырылады:

1) «6 жасқа дейін» – алты жасқа толмаған балаларға арналған ақпараттық өнім;

2) «6 жастан бастап» – алты жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;

3) «12 жастан бастап» – он екі жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;

4) «14 жастан бастап» – он төрт жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;

5) «16 жастан бастап» – он алты жасқа толған балаларға арналған ақпараттық өнім;

6) «18 жастан бастап» – балаларға тыйым салынған ақпараттық өнім.

  1. Ақпараттық өнімнің жас сыныптамасын айқындаған кезде меншік иесі, өндіруші және (немесе) ақпараттық өнімнің таратушысы арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, даулар Казақстан Республикасының азаматтық заңңамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

 

9-бап. «6 жасқа дейін» жас санатының ақпараттық өнімі

«6 жасқа дейін» жас санатының ақпараттық өніміне ақпараттық өнімде жақсылықтың зұлымдықты жеңіп салтанат құруы, зорлық-зомбылық құрбанының қайғысына ортақтасу және (немесе) зорлық-зомбылықты мінеу идеясы қамтылған жағдайда дене күшін көрсетуі және (немесе) психикалық және (немесе) психологиялық күш көрсетуі натуралистік сипаттаусыз және (немесе) бейнелеусіз эпизодтық сипатталуы және (немесе) бейнеленуі жанрлық және (немесе) сюжеттік тұрғыдан ақталған ақпараттық өнім жатады.

10-бап. «6 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі

«6 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 9-бабында көзделген ақпараттық өнім,  сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлайтын, балаларда қайталанатын қорқыныш, үрей туғызатын немесе олардың жанын түршіктіретін жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың немесе өлімнің, олардың зардаптарының сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтымайтын ақпараттық өнім жатады.

11-бап. «12 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі

«12 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның
10-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызуы немесе жанын түршіктіруі мүмкін жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың немесе зорлық-зомбылықсыз өлімнің, олардың зардаптары сипатталмай және (немесе) бейнеленбей сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатады.

12-бап. «14 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі

«14 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның
11-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанрлық және (немесе) сюжеттік тұрғыдан ақталған:

1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, темекі бұйымдарын, алкоголь өнімін қоғамға жат әрекеттерге итермелеуші ретінде оларға әуестенуді жазғыратын, оларды тұтынудың қауіптілігі туралы ескертуі бар эпизодтық сипаттауды және (немесе) бейнелеуді;

2) адамның құқықтарын және қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жолындағы күш қолдану салдарынан болған адам өлімін натуралистік сипаттаусыз және (немесе) бейнелеусіз эпизодтық сипаттауды және (немесе) бейнелеуді қамтыған ақпараттық өнім жатады.

13-бап. «16 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өнімі

«16 жастан бастап» жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның
12-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанрлық және (немесе) сюжеттік тұрғыдан ақталған:

1) қатыгездік пен зорлық-зомбылық құрбандарына аяушылық және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты мінеу сезімін тудыратын, суицидтің және (немесе) адам өлтірудің эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін және (немесе) сюжеттерінің сипатталуын;

2) сексуалдық сипаттағы әрекеттердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қоспағанда, адамдардың сексуалдық қатынастарының эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін сипаттауды және (немесе) бейнелеуді қамтитын ақпараттық өнім жатады.

Back to top button