Ясауи мұрасы

Әзірет Сұлтан кесенесінің шырағдандары

Әзірет Сұлтан кесенесінің шырағдандары 1397 жылдары Әмір Темірдің заманында жасалған. Жасаған ұстаның есімі Изеддин ибн Тажуиддин. Қазақ жеріне отарлық билік жүргізген орыс патша үкіметі заманында бұл мұралардың Ресейге Петерборға алып кетілгені туралы тарихтан белгілі. Ал кейбірі ұрланып кетті. 1906 жылы кесенеге түскен ұрылар алтынмен апталған шырағдандардың кейбірін ұрлап, кейбірін сындырып кетеді. Патша үкіметінің әкімшілігі мен полициялары іздесе де таба алмайды. 1908 жылы шырағдандар Францияның әйгілі Лувр мұражайынан табылды. Бірақ оны ирандық өнер туындысы ретінде көрсетеді. Патша үкіметі заманында бұл шырағдандарды дипломатиялық жолдармен қайтаруға шабаласа да дым шықпайды.
Осы ұрлықтан кейін патша үкіметінің шенеуніктері шырағдандарды Петерборға әкетуге күш салды. Бірақ Әзірет Сұлтан ұрпақтары Шейхтар оңайлықпен бере қоймайды. Түркістан және Шымкент шаһары оязной нашәндіктері тарапынан оларға түрлі қысым жасалады. Шейхтардың қарсылығын бастырып «археологтар зерттеп қайтарып әкеліп береді» деген уәдемен Петерборға әкетілген бәрібір.
Олардың тек кейбірі советтік дәуірде қайтарылды. Соның ішінде оригинал алты дана шырағдан Эрмитаж мұражайында қалды, сол жерде әлі күнге дейін сақтаулы. Қазіргі кезде Эрмитажда «Шығыстың шырағдандары» атты көрме өтіп жатыр. Әзірет Сұлтан шырағдандарын көру үшін Эрмитаждың Он екі ұстын залына барамыз. Көрме 9 қарашаға дейін жалғасады.
Светильники на мусульманском Востоке
Божественная природа света, искусное мастерство и эволюция форм. Широкое разнообразие видов и сфер использования ламп и светильников можно увидеть на выставке «Светильники на мусульманском Востоке».
В экспозиции представлены предметы VII – XX веков, в том числе:
– мамлюкские стеклянные лампы с эмалями;
– светильники с резервуаром из мавзолея ходжи Ахмада Ясави;
– миниатюры из рукописи «Хамсе» Низами и «Макам» аль-Харири.
📍Выставка открыта до 9 ноября 2025 года в Двенадцатиколонном зале Главного музейного комплекса (зал №144).
Экспозицию можно посетить по входному билету в Главный музейный комплекс.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button