Бір суреттің сыры

Аса қадірлі Әнеке!

Ілтипат-лебіз

1 қаңтар айының 2020 жылы Әнуар атамыз 95 жасқа келді. Аллаға шүкір. Немере, шөбере көріп, қызықшылығын көріп жатыр. Осы кісінің жасын берсін. Ұзақ ғұмыр тілейміз.

 Күдері әулетінің қасиетті, құрметті абыз ақсақалысыз. Өткендердің бәрін басып озып, бұл белеске тек Сіз ғана жетіп отырсыз. Бұл кең пейіліңізбен өмірге деген құштарлығыңыздың, пендешіліктің алдамшы иірімдеріне берілмегендігіңіздің арқасы. Жасай беріңіз, жасымаңыз !

Тоқсанның тобығынан қаққан ағам,

Балдарын өмір бойы баққан ағам.

Шаһардың ауасына «ғашық» болып,

Бақытын Ақмешіттен тапқан ағам.

 

Шындықты шырқыратып айтқан ағам,

Тоқсанға райынан қайтқан ағам.

Ағамыз , асқар тауым биігімсіз,

Жасыңды жүзден соңғы айтпан ағам.

 

Өмірдің ащы дәмін көрген ағам,

Өзгемен қолда барын бөлген ағам.

Қиындықтың қамалын жеңген ағам,

Жарына Кенжегүлдей сенген ағам.

 

Ғасырды құшамын деп жатқан ағам,

Ұстаздықтың бал дәмін татқан ағам.

Жылуы мол, құшағы дариядай,

Ал мінезі боранды Ақпан ағам-

 

деген тілектермен отбасы, ағайын туыстардың атынан ініңіз Қазбай

7 қаңтар, 2015 ж.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button