Құтан хазірет Әлібек ұлы

Құтан хазірет мешітте имам болған және Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Көктас ауылында (қазір Жамбыл деп аталатын) медресеге басшылық етті. Хазірет 19-шы ғасырдағы қазақтың көрнекті мұсылман ғалымдарының бірі болған. Теолог және философ қазақ даласында дәстүрлі исламның дамуы мен нығаюына үлкен үлес қосқан. Оның өмір бойы жазған көптеген еңбектері қазақтарға дін туралы түсінік берген. Құтан хазірет ұстанған Ханафи мәзһабы төрт құқықтық діни мектептердің бірі еді. Оның негізін қалаушы Әбу Ханифа «Имам Ағзам» («Ұлы Имам») деп атаған. Оның толық аты-Ан-Нұғман ибн Сәбит әл-Куфи.
Ханафи мәзһабы барлық құқықтық мектептер арасында ең кең таралған түрі болып табылады. Ханафиттер Орталық Азияда, Қазақстанда, Әзірбайжанда, Түркияда, Югославияда, Болгарияда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Бангладеште, Сирияда, Мысырда және басқа елдерде тұрады. Ресейдегі ханафиттере татарлар, башқұрттар, ноғай, қарашайшылар, черкес, кабардиндер, абазиндер, құмық және басқа халықтар жатады. Ханафи мәзһабы ізбасарларының дүниетанымы жалпы ережелері «Әбу Мансур әл-Матуридидің «Китаб ат-Таухид» шығармасында жазылған матиридий мектебінің діни сенімдері негізінде қалыптасқан.
Құтан хазірет Накшбандий тарикатының шейхы болған, өз ізбасарларын шариғатқа ғана емес, іс жүзінде рухани кемелдікке үйреткен. Оның ізбасарлары арасында муридтер көп болды. Ол қоғам өміріне белсене қатысты. Сол кездегі «бөтен адамдарды орыстандыру» патшалық саясатқа қарсы саясатын жүргізген ғалымдар мен шүлеңгерлер медресе мен мешіттерді салып, онда туған мәдениеті мен дінін насихаттады. Ресми билік саналы түрде этникалық емес адамдардың мәдени, экономикалық және саяси дамуына кедергі жасауға тырысты. Зайырлы мектептердің ашылуына, оқулықтардың, газеттердің, журналдардың ана тілінде жариялануына жол кесілді. Сонымен қатар, үкімет бекіткен және отарлау-орыстандыру жоспарларына сәйкес келетін мектептер ғана пайда болды. 19-шы ғасырдың 60-шы жылдарында мектеп жарғыларын бекіткеннен кейін патша үкіметі орыс емес халықтарға арналған мектептерді ұйымдастыру бойынша мемлекеттік құжаттарды әзірледі.
1870 жылы халық ағарту министрі Д. А. Толстой мектеп ісі үшін негізгі саяси және идеологиялық ұстанымдарды жасады. «Біздің Отанымызда өмір сүретін барлық бөгде адамдарға білім берудің түпкі мақсаты-оларды орыстандыру және орыстармен біріктіру, – деп мәлімдеді ол. Бұл орыстандыру идеялары 1870 жылы шығарылған «Ресейді мекендейтін бөтен адамдарға білім беру туралы» ережелердің негізіне алынды.
1876 жылы Орта Азия ауданының генерал-губернаторы жанында орыстандыру саясатын жүзеге асыру міндеттелген Түркістан оқу орындарының арнайы басқармасы құрылды.
Патшалық 19-шы ғасырдың екінші жартысында мұғалімдердің қызметін қатал бақылауға алды. Мектеп жұмысының тәртібін тиісті мемлекеттік құжаттармен анықтап және өз мақсатында мектептік басқару органдарын нығайтты.
Мұның бәрін біле отырып, Хазіреттің басты тілегі – қазақ балалары үшін жалпыға бірдей және міндетті білім алуға қол жеткізуге ұмтылу болды. Бұл оқу мұсылман құндылықтарына сүйеніп, қазақ халқының ежелгі дәстүрлеріне негізделуі тиіс еді. Қасиет қонған жан өз ұлтын, тілін, мәдениеті мен сенімін сақтау үшін күрескен. Құтан хазірет молдалар және барлық діндарларға білім тек балалар үшін емес, өздері өз бетімен білім алған, көбіне сауатсыз болған діндарларға да керек екенін түсіндіруге тырысты. Оның іс-әрекеттері биліктің қатал бақылауында еді. Оны тұтқын болудан сақтаған – Ақмола округінің аға-сұлтаны Ыбырай Жайықбай.
Осы уақытқа дейін халық арасында Құтан хазірет туралы аңыз өмір сүреді. Оны әулие-қажы деп атап құрметтеген, тіпті қорыққан. Атам Смағұл маған олардың бірін айтып берген еді: Бір жылдары көктем ерте келіп, Есіл өзені арнасынан шыққаны соншалық, адамдар оның әр жағындағы жайлауға жете алмай қалады. Бірнеше үй тасыған өзеннің суының астында қалды. Қыстан әзер шыққан ма аштан өлуге жақын. Жақын арада қойдың төлдеуі басталуы керек болды, бұл жағдайды одан әрі ушықтырды. Адамдар тәжірибелі малшылардан кеңес сұрады, алайда олардың айтары жоқ. Шөп пен жемсіз қалған малдың қырылуы үлкен апатқа әкелері анық.
Ақсақалдар мен шариғат білетін ғалымдар Құтан хазіретпен кеңес өткізбекші болады. Бірақ оны үйінен таба алмайды. Ол таң азанынан өзенге келіп, соның жағасында намаз оқып, суға терте кіргізіп, өзенге дуа оқи бастады. Біраз уақыттан соң Құтан хазіреттің ұлы мен шәкірттері ауылға келіп, өзеннен өту үшін малдарын айдап келуді сұрады. Барлығы малдарын алдарына салып алып келгенде терте тұрған жерде судың арнасы екіге бөлініп, ағуын тоқтатып, шыны цистернадағы сияқты тола бастағанын көрді. Екіге бөлінген өзен ағысын тоқтатты. Малдары айдаған дамдар өзен екі бөлінген жерден тізіліп, арғы жағындағы жайылымға өтіп жатты. Мал-жаны өзеннің арғы жағасына өткен соң, Хазірет те солардың ізімен сол жаққа бет бұрады. Ол өзеннің кеелсі арнасына табаны тиісімен қақа айырылған өзен суы қайтадан өз қалпына келді. Осы оқиғадан кейін Құтан хазірет әулие деп атала бастады. Әулие қайран қалған ауылдың адамдарға бұл оқиға туралы айтуға тыйым салды. Ол Жаратушымен құдыретті байланысы және оның дуасын қабылдау жайлы айтқысы келмеді. Өйткені, хазіреттің «қасиеті» тек қана апат және халықтың мұқтаждығы кезінде айқын болған.
Құтан хазірет Ақмола облысының Жалтыр стансасына жақын жерде, далада, «Әулиелер ордасы» зиратында жерленген.
Алла Тағала біздің ата-бабаларымыздың ізгі іс-әрекеттерін халық жадында сақтасын!
Сейфулина Айгүл Ермекқызы, №7 мектеп-лицейдің мұғалімі, Шортанды қаласы





