Сейт-Омар Саттаров
Сейт-Омар Саттаров 1943-ші жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта, зоотехник. Барлық өмірі Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығында қызмет істеп өтті.
1959-жылдан -1962-жыл- Ленин колхозы қолхозшы. 1962-1965-армия қатарында.1966-1974-Красный-восток к-зы колхозшы. 1974-1990-Капланбек техникумы-зам директора-ферма басқарушы-1992-1998 Түркстан-ҚТХУ-туркология ғ.з. институты – ғылыми қызметкер. Зейнеткер. Жастайынан өлең, қысқа әңгімелер жазумен шұғылданған. Аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға мақала, зерттеу, хабарлар, пікірлері жиі жарияланып тұрады.
1990-шы жылы зерттеуші ғалым Әсілхан Оспанұлының қолынан алып Мәделіқожа (Әділет деп), Ергөбек (Сағындым даусын ботаның), Құлыншақ (Өсиетім), Нұралы ақын (Сауда ешан) атты кітаптарды жарыққа шығарды.
1-1995-ші жылы «Иман исламның негізі» атты кітап жарыққа шығарды.
2-2009-шы жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Майлықожаның туылғанына 175 жыл толуы құрметіне арналған халықаралық ғылми-теориялық конференция қарсанында өз қолындағы қолжазбасының негізінде 2-«Майлықожа» атты өлеңдер кітабын жарыққа шығарды.
3-Конференцияға жыйналған зерттеулер өз алдына бір кітап болып шықты.
4-2010-жылы Астана қаласында Майлықожаның туғанына 175-жылдығына орай Қазақстан республикасы президентінің Мәдениет сарайында Майлықожаның терме кеші өткізді.-Өз қолындағы қолжазбалардан Майлықожа «Терме-толғау» атты кітабын шығарды.
5-2007-ші жылы «Абд ул-Жалил баб» (Хорасан ата),
6-2009-шы жылы «Қырық садақ және Шайхантауыр қожалар»
7-2010-шы жылы «Мұхтар Әуезовтың ата тегі»зерттеу кітабы жарық көрді.
8-2011- А.Момынов пен бірге «Родослоное древо М.Ауезова» атты кітап жарық көрді.
9- «Мен иманнан басқаны айтқаным жоқ» ойлар, жылдар.
Мемлекеттік тапсырыспен- «Мәдени мұра»бағдарламасы бойынша Оңтүстк Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен «Қазналы оңтүстік» жүйесінде;
Мәделіқожа 1-72-том.
Майлықожа -2-74-75-томдар
Жүсіпбекқожа Шайхусламов 10-том,–76-том екі кітап,77-2-том,78—3-кітап,79-3-кітап
Шадытөре-5-том- 226,227.228,278,279-кітаптар
Тұрсынәлі Айнабеков-3-том,-152,223,224-кітаптар.
Майлықожа шәкірттері-1-том-225-кітап
Шортанбай 1-том-236 кітап
Молда Муса 1-том 232-кітап-барлығы 24-том кітап шығарды.
2015- Ғылым Ордасы мен бірлесіп «Қазақ жазбаларындағы хандар шежіресі»кітабын татар тілінен, араб әрпінен қазақшаға аудардым
2015-Ертіс бойы қожалары-
2016- ҚОЖАЛАР шежіресі-
2016-жылы-Мүсірәлі сопы әзіз кітабы
2016-Т.Айнабеков «Мәделіқожа дастаны» кітап-«Сейт намадан» алынды.
2016- «Әділет деп соққан жүрегі»-кітабы-Мәделіқожаның 200-жылдығына
2016-«Қыдырқожа әулет ақындары» кітап
2017-Мәделіқожаның 200-жыл конференция құжаттары.
2019-Өз қолымдағы қолжазбалар негізінде «Майлықожа толық шығармалар жинағы» ҚРБҒМ Ғылым-ордасы Ғылми кітапхана мен бірлесіп жарыққа шығардым.
2020-Майлықожа-Шығармалар жинағы (қысқартылған нұсқасы)
Өмірлік жолдасым Саттарова Ханайым Қалтайқызы. Жанұямда 6-перзентіміз бар-4-қыз,е кі ұл. Барлығы жанұялы ұлды-қызды. 23-немере, бір шөбере көрдік.