Бір суреттің сыры

Амал деген қамал бар

Мына суреттегі немересін Хорасан бабаның басында өткен асқа алып келген  Балтабай АНАРҰЛЫ 1937 жылы дүниеге келген. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында тұрып жатыр. Батагөй қарияның ғибратнамасын оқырмандар назарына ұсынамыз. Сайттың «аудио» айдарынан Балтабай атаның аузынан жазылып алынған баталарын тыңдай аласыздар.

Етегі жоқ, жеңі жоқ,

Ақ көйлекті киерміз.

Есігі жоқ, төрі жоқ,

Қара бір жерге кірерміз.

Сол уақытта тәңірдің

Құдіретін білерміз.

Қиын-қыспақ уақытта,

Кімнен медет тілерміз?!

***

Пейілі жаман адамды,

Алла тағала сүймеген.

Ажал келсе пендеге

Әзірейіл жады билеген.

Көп күнәһар пенделер

Өз пейілінен күйреген.

Ибадат қылса Аллаға,

Пейішке өзін сүйреген.

***

Ей, ұлық зат адамдар!

Сендерде қандай амал бар?

Амал деген қамал бар

Құлшылық қылсаң тәңірге,

Әруақытта Алла болар жар.

Босқа өткізсең өмірді

Жатқан жерің болар тар.

***

Қараңғы төрде жатармыз,

Көр азабын тартармыз,

Ешкім келмей қасыңа,

Қатты қорқып сасармыз.

Кәні, дүние дәулетің

Кәні, бақыт әуметің

Бірі де жоқ қасыңда

Сауда түсер басыңа.

***

Бүгін барсың базарсың,

Ертең жоқсың мазарсың.

Ғибадат қыл Аллаға,

Гүнахың сенің тазарсың.

Шайтар малғұн алдайды,

Еш соңыңнан қалмайды.

Бас-басқа сап әртүрлі

Өзіңді де жалмайды.

Шайтанға еш бермегің

Иманыңды бермегін

Зая кетер жиғаның мен тергенің.

***

Қураған ағаш сая ма?

Құр сөзге қарын тоя ма?

Әділ ер сөзден тая ма?

Аллаға қылсаң құлшылық

Бар үмітті аяма.

Дос пен достың арасын

Әр сиқырмен бояма.

Әділ болсаң әр уақта

Табаның сенің тая ма?!

Алдар жүрсең әркімді

Өмір өтеді заяда

Топыраққа болмаса,

Бұл адамның баласы

Дүниеге көзі тоя ма?!

***

Таусың сен таусың,

Талқан болып кетесің.

Ғибадат қылсаң Аллаға

Мұратыңа жетесің

Назар қылса тәңірім

Сыратан желдей өтесің.

Босқа өткізе өмірді,

Тозаққа алса нетерсің?!

Тау болсаң талқан боларсың,

Бу болсаң, майқан боларсың.

Ей, толғаннан нұрлы күн,

Сен де бір күн тозарсың.

Мәңгілікке бір Алла

Істі өзі оңғарсын!

***

Уа, құрметті жамағат!

Бергеніне тәңірдің

Қылдық па біз қанағат.

Қанағат жоқ,

Барды жоқ деп алдаймыз.

Дүние қуып тынбастан,

Мешітке еш бармаймыз.

Сөзге келсе сарнаймыз,

Кәлимаға тіл келмей,

Дүние жағын қамдаймыз.

Ей, ұлық зат адамдар!

Сендерде қандай амал бар?

Амал деген қамал бар,

Ғибадат етсең Аллаға

Әруақта болар тәңір жар.

Құр өткізсең өмірді,

Жатқан жерің тар болар.

***

Сөз айтпа түсінейтін адамға

Қор қылма сөз маржанын наданға

Байлық деген жиғанда емес, иманда

Жақсы болар қу нәпсіні тиғанда.

***

Ақша, пара қандай жақсы алғанға,

Ашынарсың, барлығы бұл дүниеде қалғанда.

***

Адамдықтың белгісі

Атына  нұқсан салмас.

Жетім менен пақырдың

Ақысынан алмаса,

Қарыптарды жылатын.

Обалына қалмаса.

Ғибадат қылып Аллаға,

О дүниесін қамадаса.

***

Ғалым болдың дегенше,

Мәлім болдың десейші.

Ибадатың болмаса,

Малғұн болдым десейші.

Өтпей тұрып дүниеден

Қамыңды бір жесейші.

Құлшылық қылып бір Аллаға.

Имандыққа келсейші.

***

Тағдырыңа мән беріп,

Аллаға бір сенсейші.

Разылығын алып Алланың

Рахатқа бір енсейші.

 

Жалған дүние

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Бар адамның артында қалған дүние.

Дүниеге жете алмай, сарсаң болып,

О дүниеге барамыз қандай  күйде?

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Біреулерге қараңыз қандай күйде.

Біреулерге жаңа атқан жарқырап таңдай дүние,

Біреулерге жылтырап жанған шамдай  дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние

Әуренің әр қилысын салған дүние

Азап пенен қорлықтың бәрін көріп,

Сүрлігіп, жүйкесі оның  әбден толған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние

Бұл дүниеден  бар қызықты алған дүние

Төрт жағы құбыла боп біреулердің

Асылдары артында қалған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Біреудің барын біреу тартып алған дүние.

Басына неше түрлі сауда салып,

Обалына олардың қалған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Жерден шығып, аспаннан тамған дүние.

Тәңірдің құдіретіне ой жіберсең,

Жоқты бар ғып, барды жоқ қолына салған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Адам мен мақұлықтың бәрін жалмап

Қара көрге апарып салған дүние

Бәрін құртып өзі артында қалған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Біреудің бар байлығы асқан дүние.

Біреулер күн көре алмай сасқан дүние,

Дүние айта берсең дастан дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Адам мен мақұлықтың бәрін жалмап

Қара көрге апарып салған дүние

Бәрін құртып өзі артында қалған дүние.

 

Жалған дүние, бұл шіркін, жалған дүние,

Адамды түлкі қылған тарлан дүние.

Адаммен мақұлықтың бәрін құртып,

Өзі артында қалған дүние.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button