
Өңіріміздің ескі тарихынан, есімі хатқа түсіп бізге жеткен бірден-бір тұлғасы – XIII-XIV ғасырда өмір сүрген Ысмайыл ата(~1200-1315) тарихының әуесқойы ретінде ізденістер бойынша шығып жатқан мәліметтер ағынынан тоқтай алмай жатқаным:
ЫСМАЙЫЛ АТА… Сегіз ғасырдан бері тарихта да, аңызда да айтылып келе жатқан осы есім, әлі күнге ел ішінде жұрт теберік еткен әулие. Оның мазаратынан, ұрпақтарына оның жанынан жай табуды аманаттап, күншілік жерлерден әкелінген қаншама ата-бабаларымыз мәңгілік орнын тапты. Солардың ішінде:
ДАУБАЙҰЛЫ АРАЛБАЙ батыр (1702-1754) – Ресей патшайымына Ұлы Жүз ханы Жолбарыстың хатын апарған елші.
ТОҚТАМЫСҰЛЫ МОШҚАЛ – болыс, дулат- шегір.
ЖАЙЫҚБАЙҰЛЫ МҮСІРӘЛІ(1849-1918) – бұл біздің Шарбұлақтық елге танымал би.
АТАБАЙ ИШАНОВ(1916-1990) – Өзбекстан саяси ғылымдар тарихы мектебінің негізін қалаушы ғалым. Үлкен ғалымның мәйіті Ташкент қаласынан әкеліп жерленген.
Тағы басқалар… Осы тізімге желідегі Қазығұрттың арғы бетінен болатын ФБ-дос Өмір Шыныбекұлының жетінші атадағы бабасын да қосып қоюға болатын шығар-ә, Өмеке!
Жарайды тақырыптан ұзап бара жатырмын. Өткенде бастаған,1666 жылы жазылған МӘУЛЕНЕ МҰХАМЕД ШАРИФТІҢ кітабы жайлы әңгімені аяқтамақ болған едім. Соны жалғастырайын:
…Автор мұнан кейін, жоғарыда біз атағандардан басқа бізге беймәлім, ЛҰТФОЛЛА ИБН АБДУФАТТАХ АТ-ТҮРКІСТАНИ деген ғұламаның еңбегіндегі Ысмайыл ата кереметтері жайлы мәліметтерді пайдаланған екен. Танысып көріңіздер, сонымен,
ҒҰЛАМА ЛҰТФОЛЛАНЫҢ ЖАЗҒАНЫ:
Әзірет Сұлтан Ысмайыл ата әзірет Қызырмен сұхбаттас болған. Һу зікірін Әзірет Ысмайыл атаға Қызыр ата үйреткен. Қасиетті Бұхара қаласында діни білім алып кәмілдікке жеткен раббани ғалым және ладуни(тылсым) ілімін меңгерген…
..Әзірет Ысмайыл атаның әдеттен тыс жағдайлары мен кереметтері санақсыз көп болған. Теберік ретінде солардың бір паршасын ұсынамыз. Әзіреті әулие Ыбрайым ата Әзірет Ысмайыл атаның құрметті әкесі, Әзірет Қожа Ахмет Ясауидың халифаларынан болған. Кейін Әзірет Йашлығ Жүніс атаның сұхбатында болып, халифасы болған.
Бір күні Әзреті Йашлығ Жүніс ата: Ей, Ыбрайым қожа! Сізге және сіздің әулетіңізге түпсіз құрмет пен шексіз ұлылық инаят етілді. Сіздің бір перзентіңізді таңдап шексіз, мөлшерсіз бақыт берді. Уақыты келіп жеткенде оның қадір-қасиеті шығыс пен батысқа тарайды. Көпшілік оның муриті және мухлисі болады. Осы себептен оның дабырасы уалаятқа жетеді. Насутия шеңберінен шығып, тылсым(лахутия) кеңістігіне ұшады. Сансыз дәреже мен мағарижға көтеріледі. Ол үшін сіздер Баршыннан Сайрамға барып, менің бауырым Сүзік атамен кездесулеріңіз керек.
Осыдан соң, Әзіреті Ыбрайым ата Сайрамға қарай жолға шығады.
Әзіреті Сүзік ата (оны Сүксүк ата деп те атайды) серіктеріне: «Бізге Баршын жақтан ұлы қонақ келе жатыр, барлығың шығып күтіп алыңдар,»- дейді.
Онан соң өзі де шығып кездесіп, өзінің қонақ бөлмесіне кіргізеді.
Әзіреті Ыбрайым ата Сайрамда біраз болады.
Қиялында бір оқиға көреді: » Бір мұнара салыпты. Оның жанына онан да биік мұнара тұрғызыпты, айналасына тіреуіштер қадап, олардан шығысқа, батысқа арқан тартыпты.» Оқиғаны Сүзік атаға айтса, ол Ыбрайым атаға былай депті:
«Жақында бұл дүниеден көшеміз, сонда сіздің перзенттеріңіздің бірі біздің орнымызды басады, даңқы бізден де асады, есепсіз көп халайық ол кісінің муриді болады.»
МӘУЛЕНЕ ЛҰТФОЛЛАНЫҢ ТАҒЫ БІР ЖАЗҒАНЫ:
Бір жөйіт Әзіреті Ысмайыл атаның көршісі екен. Оның Құл Сатық деген мұсылман құлы болыпты. Ол күндіз мал бағып, түндерде Әзіреті Ысмайыл атаның қасына келіп, зікір-пікір жасап, таңға дейін құлшылық жасайтын еді. Оның сұхбаттарына қатысатын еді. Таң атқанда қожайынының үйіне барып, өзінің күнделікті жұмыстарымен айналысатын. Біраз уақыт осылай жалғасты, бірақ халі күннен күнге өзгере бастады. Ақыры бір күні истғрақ үстемдік жасап, сәскеге дейін хайрият мақамында қалды. Дәруіштер әрекет жасап, аяқ-қолын жазып айықтырмақшы болғанымен, өзіне келе алмаған. Бір дәруіш Құл Сатықтың жағдайын Әзірет Атаға айтты. Ол өзі келіп, оны ол халден шығарады да: «Енді жұмысыңа бара бер»,- дейді. Құл Сатық: «Ол бақытсыз сізге деген ықылас сезімінен мақұрым. Менің бұл жерге келіп бақытқа кенеліп жүргенімнен хабары жоқ. Енді біліп қоятын болды, мені өлтіреді,»- деді. Әзірет ата: «Қайғырма, бара бер. Егер саған ашумен қараса көзінен айырылады,»- деді.
Құл Сатық қожайынының үйіне барады. Ол оның Әзірет Атаның үйінде болғанын біліп, ашуланып Құл Сатықтың сақалынан тартпақ болады.
Оның екі қолы Құл Сатыққа жетпей тұрып-ақ, екі көзі шарасынан шығып, салбырап қалады. Қожайын Құл Сатықтың аяғына жығылып, жылайды. Ол оны Әзірет Атаның алдына алып келеді. Қожайын мұсылмандықты қабылдап, әдепсіздігі үшін тәуба етеді. ӘзіретАта қолымен екі көзін сипайды, оның көздері бұрынғы қалпына келеді. Ол Құл Сатықты Әзірет Атаға сый ретінде беріп, құлдықтан босатады.
Сол мәжілісте ӘзіретАта тарапынан бір тасаруф болып, Құл Сатықтың ішкі дүниесінде өзгеріс болып, мағына теңізі жүрегінде толқи бастаған. Әзірет Ата:
«Қане, әңгіме айт,»- дегенде, ол терең хикметтерден айтып, ағыла жөнелген екен.
Құл Сатық үнділік құл болған, ешқандай мектептің жүзін көрмеген адам. Тіпті оның тілі де дұрыс болмаған. Сол адамның жүз-мыңдаған хикметті сөздері ел арасында айтылуда.
Бұл Алланың фазылы, оны алла қалаған адамына береді.
Сопы қағазында қараланған сөз жоқ,
Тек оның ақ жүрегі бар, аппақ қардай.
Данышпанның жиғаны қалам іздері,
Сопының жиғаны нұрлы қадамдары.
МӘУЛЕНЕ ЛУТФОЛЛА ТАҒЫ ЖАЗАДЫ:
Әзіреті Ысмайыл ата бір күні Баба Шамсутдин Кафлизтараш Шашидың сұхбатында болады. Ол кісі хош дауысты хафиз болған, ұлылардың сөзідерінен әсем дауыспен оқып отырады. Оқып отырып, дәрет кезінде сақинасын шешіп қойып ұмытқаны есіне түсіп кетеді. Хафиз алаң болып, оқып жатқаны аяқсыз қалатын жағдай болады. Әзіреті Ысмайыл ата сенімді түрде былай дейді:
Хафиз, алаңдамаңыз, жүзік дәрет алған жеріңізде тұр. Ешкім алмаған, алмайды да.»
Хафиз әрі қарай көңілі жайланып, оқуын жақсартып,сұхбаты азимге ұласты. Сұхбаттан кейін дәрет алған жеріне барса жүзігі орнында тұр екен.
АТАЛМЫШ МӘУЛЕНЕ ТАҒЫ ЖАЗҒАН:
Әзіреттің Мәулене Ахмет деген жас данышпан мүриді болыпты. Ұзақ уақыт Әзірет Атамен сұхбаттас болып кәмелетке жеткен. Екі Қасиетті қаланы зиярат етіп қайтуға рұқсат сұрайды. Әзірет Ата рұқсатын беріп тұрып, құлағына сыбырлап: «Амудан өткесін, өзіңді мына үш есімнің бірімен ата: Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ», – дейді.
Ол сапарға шығады да, мұнда не хикмет бар екен деп таңырқайды.
Амудан өткенсін есімім – Ысмайыл деп атапты да, жүре беріпті. Бір кезде қарақшылар шабуылдап, керуенді тонапты. Адамдарды жіпке тізіп, есімдерін сұрай бастапты. Мәулене Ахметке жеткенде, ол Ысмайылмын депті. Қарақшылар оны босатып, ақшасы мен заттарын қайтарып беріпті және өздерінен ақша қосып беріпті. Мәулене Ахмет мұның сырын сұрапты. Олар: » Біз Ыбрайым алайхиссаламның үмбеті боламыз, кімде Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ деген есім болса құрметтейміз, қолымыздсн келгенше қызмет етеміз», – дейді.
Мәулене Ахмет үш жылдан кейін Әзіреті Ата сұхбатына келеді. Сонда Ата: «есімдердің сыры сізге ашылған болар», – деп сұрайды. Содан Мәулене Ахмет ол кісінің жолына мықтап кіріседі.
МӘУЛЕНЕ ЛУТФОЛЛА ТАҒЫ ЖАЗЫПТЫ:
Әзірет Атаның сұхбатына көпшілік қатысып жатқан бір күні, Әзірет Ата бірден ғайып болып кетеді де, аз уақыттан соң қайта көрінеді. Жолдастары Әзіреті Ысқақ қожадан әкесі Ысмайыл атадан бұл жайды түсіндіруді сұрады. Ол кісі сұрағанда айтылды:
«Біз зікір етіп жатқан күні бір жігіт алыстан көрінді, бізді көрді де аттан түсті, әдеп сақтап күтіп тұрды, зікірден кейін атына мініп жолын жалғастырды. Оқиға болатын кезде ол жігіттің жан тапсыратын кезі еді, шайтан араласып, азғыру әрекетін жасап жатқан еді. Ол бізге назар аударып демеу сұрады. Біз де оның төсегіне барып кәлима тайиба мен кәлима шаһадатты талқин еттік. Ол жігіт иманын құтқарды».
Жолдастары: «Ара қашықтық қанша?»- деп сұрағанда, «Бір айлық жол еді», – деді.
Уа, ізденуші! Қара, бір әдепті сақтағаны үшін оның өмірінің соңы қайырлы болды.
☆☆☆МӘУЛЕНЕ МҰХАМЕД ШАРИФ мұнан әрі «Рашахат», «Ламахат» кітаптарында айтылатын Ысмайыл атаның ұлы Ысқақ қожаның кереметтерінен бір әңгімемен Ысмайыл ата туралы баянын аяқтайды.
Алхамду лиллаһ ала анғамиһи! Әзіреті Ысмайыл атаның қазасы Харзебан аймағында болған. Ұлы Әлемнің әміршісі Әмір Темір Көреген ол кісінің мазарына үлкен кесене орнатқан. Теберік орын, зиярат етіледі.
Әзірет Ысмайыл Атадан әрқайсысы күндей жарқыраған, ізденушілерді мақсатқа жеткізіп әлемге жол көрсеткен он сегіз бала қалған.
Бірінші баласы кемелдікке жетіп, батыни және заһири ілімдерді меңгерген Әзіреті Ысқақ Қожа Іспижапта тұратын еді. Ол да Сайрам мен Ташкент арасындағы бір қыстақ.
Шейх Абдулла Қожа Хожанди деген Нақшбандийдың шәкірті айтатын еді:
» Мен Қожаның сұхбатына қатысқым келіп еді, бірақ алдын Хаким Термезидің қабірін зиярат еткім келді. Сол кезде сен артқа қайт, сенің мақсатың 12 жылдан кейін Бұхарада орындалады деген ишара келді. Қожа Бахаутдинге шығуымды тоқтатып, сонда жүрегім тынышталды. Хожандқа бардым. Бір күні базарда жүрсем, екі түркіні көрдім, бір мешіттің алдында отыр екен. Тыңдап қарасам, осы жол туралы айтып жатыр екен. Өз қалауыммен ол кісілерге сыйлық жасадым. Тағам, жеміс алып ұсындым. Олар риза болып: «бұл дәруіш сұлтанзадамыз Ысқақ Қожаға тәлиб болуға әбден лайық екен»,- деді. Мен мұны естігеннен кейін талабым артты. Олар Ісбижаптан екен, бірге кеттім. Бірақ, Термези оқиғасынан ешкімге хабар берген жоқпын. Бірнеше күн қызметінде болдым. Бір күні баласы, өте ақылды екені пешенесінен көрініп тұр еді, әкесіне айтқан екен: «Мына дәруіш ақыры тұрақтады, сізге қызмет еткісі келеді, мұхиб-мұхлистердің ортасында болғысы,- деп. Әзіреті Ысқақ Қожа: «Ол Қожа Бахаутдин Нақшбандтың муриді болады, сондықтан менің оған ешқандай тасаруфім жоқ, оның нәсібі сол жақтан,»- депті. Мен бұл сөзді естіген соң, қожаға қарсы ықыласым артты. Ол кісілерден рұқсат сұрап, Хожандқа қайттым. Әзірет Қожа ‘Нақшбандтың шығуын күттім. Ақыры Бұхарада ол кісінің сұхбатына қатыстым.»
Әзіреті Ысқақ Қожа Харзебан аймағында, Тұрбат деген жерде жерленген, әкесінің нұрлы мазарына жақын жерде. Әмір Темір ол кісінің де мазарына кесене салдырған. Зиярат етіледі, теберік орын.
Түсініктеме:
Қожа Нақшбанд – Сопылықтың Нақшбандия тариқатын құрушы Қожа Бахаутдин Нақшбандий(1318(1327?)-1389).
Абдулла Қожандидың мына әңгімесі бойынша оқиға 1340жылдары болған сияқты, оның Нақшбандқа баруына 12 жыл бар. Нақшбандий көп жылдар мурид болып, XIV ғасырдың ортасынан кейін муршидке жеткен.
Суретте – Өзбекстан саяси ғылымдар тарихы мектебінің негізін қалаушы ғалым – Атабай Ишанов, Тұрбатқа Ташкенттен әкелініп, Ысқақ қожа мазаратына жерленген.

Вы, Ералы Оспанов и другие
Кешегі поста Лұтфолла ат-Түркістани Ыбрайым ата Баршыннан Яшлығ Жүніс атаның тапсыруымен Сүзік атаға баратыны жөнінде оқиғаны шатастырыпты. Дұрысын Ыбрайым атаның туған немересі Ысқақ ата «Хадикат’ул арифин» еңбегінде жазған. Оқиғаның сол жерінің үзінді аудармасын сіздерге көрсетем деген едім. Сол уәде бойынша қолымнан келгенше аударып, сіздердің назарыңызға ұсынып отырмын:
Қожа Ысқақ Ысмайыл Атадан риуаят қылады:
Жүніс ата рахметуллахи алейх (р.а.) ақырғы уақытында Ыбрайым ата р.а.-қа айтты: «Ей, Ыбрайым қожа! Бізден соң Сөксөк қожаға барғайсың, рахметтің кілті сонда-дыр, саған ұлыс содан тиер. Біз сені мақомға жеткізуді білмедік, сол жеткізеді»,- деді.
Яшлык Жүніс ата дүниені тәрк етті, бірақ Ыбрайым ата бармады. «Тұрақты шайхым Қызыр атамен бірге қилуетте менің не үшін мақомға жете алмағанымды сұхбат еттік. Бұл іс менің дәрменсіздігімнен-дүр»,- деп бармады.
Бірнеше күннен соң бір кеште күткені болды. Қиялындағы бейтаныс екеу кіріп келді: Бірі Ыбрайым Халиуллах, екіншісі Мұса калимуллах еді. Олар: «Біз һақ тағаланың пәрменімен келдік. Рахметтің кілті Сөксөк қожада, барғын,»- деді. Ояу болатынмын, таңсәрі уақыты болатын: «Бұл түс шайтани емес»,- деп, өзіме айттым.
Бұл екі пайғамбар (mursel) тұрды, ал мен таң намазына тұрдым.
Намазды ада қылып, жас жаран – Мәндүд шайхқа айтты: «Бір құмыра су алғын,» Сөксөк қожаның қадамына барамыз,»- деп.
Ыбрайым ата р.а. ілгері жүріп бір жерге тоқтап демалыс қылды. Жарандары соңынан шықты. Олар Ыбрайым атаның төңірегіндегі жабайы жануарларды көріп, қасына келді. Oл жануарлар тым-тырақай болды, сұрақ қылды: «Бұл жануарлар бізден неге қашты?» Ыбрайым ата жауап берді: Сіздер олардың етін-майын жейсіздер. Сол үшін қашты.»
Сонан, олар жолға шықты. Бір жерге тоқтап демалды, таң да атып, таң намазын оқуға кірісті. Бір ракатын оқыды, және бір ракатын оқырда Сөксөк атаның рухтары келіп құлақтап қойды. Бей-құш болып естен кетіп, кім-қашан есін жиғаны әйтеуір намазын түгетіп жолға қадам қойды. Ол тоқтаған жерде Мәндүдке бір қиындық шығып сол жерде қалды. Сөксөк атаның бибісі Күрсі ана muecirlerin мойнына салып айтты:
«Ыбрайым қожа жарандарымен бірге келе жатыр еді. Бір жараны жоқ болып қалды. Оларды himmet тұтыңыз.»
Бір сағаттан соң Ыбрайым ата р.а. хабар беріп мархаба қылды. Сөксөк ата айтты: Ыбрайым-и Халил мен Мұса-и Калимді алаңдатпағанша келмедің, – деп. Тағы бір сағаттан соң Мәндуд шайх та жетіп келді. «Не көрдің,»- деп сұрады.
Мәндуд шайх: «Қатты қиындықта едім, көгершін сияқты бір жануар жастығымның шетіне қонды, қатты lerce қылды, көңілім хош болып қалды,»- деді.
Тағы бір күні Ыбрайым ата оқиға көрді, екі көкірегі жұдырықтай болыпты. Жебірейіл, Микаил, Исрафил мен Әзірейілді шақырдым:
» Ей, ұлым! Кел көкірегімдегі сүтті ем», – деп, келмеді. Ақырында кіші ұлым Ысмайылды шақырдым, келді. Бірін бәрін емді, бірін түгесілгенше ішті. Ерте koptnm Ысмайылдың eligin алдым. Сөксөк қожаның тұрағына келдім, сәлем бердім. Жауап айтты. Сонан соң тұрақта тұрдым. Сөксөк ата р.а. айтты: » Сендегі аманатты кімге бердің?» Айттым: «Сізде тұр.» Ол айтты: «Расын айт! Ысмайылға бердің, біздегі аманатты да оған бердің. Екі назардың арасында құтыбылы болғаймыз. Муридтердің есебін білдік, ол білмесін.»
Ыбрайым ата сондай қылыпты Сөксөк ата бір kassarning katiga бірнеше kirbas алып барды.Қашшар айтты: «Атың кім-дір?- деп. Нышан қылайын kirbas galat болмасын деп, Сөксөк ата айтты: «Атым перғауын.» Қашшари айтты: «Өзге ат таппадың ба? Кім мұндай атты қояр екен.» Сөксөк ата айтты: «Ей,Қашшари! Атым Мұхамед болады, бірақ мен кіммін Алланың пайғамбарының атын айтатын.»…