Жарық нұрдың сәулесі

Жүнісқожа хандығы хақында

Кәрім Апппзов

Қазақстан тарихының бір бөлігі болып саналатын біздің өңіріміз тарихын зерттеу көңіл көншітерлік емес екенін тарихшы ғалымдарымыз мойындауда. Осы олқылықтың орнын толтырмақ болған жергілікті жазушылар, басқа да маман емес адамдар бабаларын дәріптеу аркылы «өз еңбектерін» тықпалап тарихымызды «ботқа» қылды. Қара халық қайсы дерекке сенерін білмейді. Мысалы, біздің өңіріміз тарихы – Ташкент тарихымен тығыз байланысты. Өйткені 1924-жылға дейін біздің уездің орталығы да, облыстың орталығы да, тіпті республикамыздың да орталығы – Ташкент болды. Сол тарихтың бір бөлігі – Жүніс қожа билеген 1784-1808жж. өмір сүрген Ташкент мемлекеті тарихы. Осы тарих туралы бірін бірі теріске шығарып жатқан еңбектер өте көп. Бүгін сіздердің назарларыңызға тарихшы-ғалым,тғд, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Айткүл Махаеваның Жабай батырдың 290 жылдығына орайластырылған ғылыми конференцияға дайындаған еңбегінің осы тарихқа арнаған бөлігін ұсынып отырмын.
Жоңғар шапқыншылығы тоқтатылғаннан кейін Ташкент аймағын қазақ төрелері басқарып
тұрды.Кейіндері Ташкент қаласы мен оның төңірегіндегі жерді Абылай хан өзінің туыстары
басқаратын қазақ руларына: дулат, ысты, сіргелі, ошақты, қоңырат, найман және т.б. бөліп берген
еді. Бір-біріне тәуелсіз төрт қыстақтан құралған Ташкенттің Раджаббек басқарған Бесағаш деген
бөлігін ыстылар, Мұхамед Ибраһимбек басында тұрған Көкшені – қоңыраттар, Жошы әулетінен
шыққан өкіл басқарған Сибзарды – жаныстар, Бабахан төре қарамағындағы Шейхантаурды
сіргелі, ошақты рулары алса, наймандар Шыназды иеленді [7, с. 156].Қазақтар мен қырғыздар
өздеріне бекіністі қорғандар салып алды. Мысалы, Төле бидің ұлы Ниязбек ҿзінің атымен
аталатын Ниязбек бекінісін тұрғызды.
Ташкенттегі билікті қазақтардың алауыздығын пайдаланып, өздеріне сусыз, құнарсыз жер
бөлінгеніне наразы болған ұлы жҥздің шанышқылы және қаңлы руларының көмегімен
Шейхантаур билеушісінің баласы Жүнісқожа өз қолына алды. Жүнісқожаның шығу тегі және
билікке келуі жөнінде әртүрлі көзқарас бар. Зерттеуші О.Д. Чехович Жүнісқожаның Ташкентке
басшы болғанға дейін Шейхантаурдың билеушісі болғанына күмән келтіре отырып:
«Жүнісқожаны жҽне басқа шенеуніктерді сайлау үшін қалалықтар шақырған құрылтайға бүкіл
көшпелі даланың ақсүйектері қатысты. Осы құрылтайда билікке таңдалып алынғандар да төртеу
болды, олар: аталық – Рүстем төре, паруанашы – Әділ төре, әскер басы – Бабахан төре және хәкім
Жүнісқожа еді» [7, с. 157], – деп жазды. Жүнісқожаны ұлы жүз қазақтарымен туыстық қарым-
қатынас та байланыстырып тұрды. Жҥнісқожаның әпкесінің бірін Төле бидің туған жиені –
сиқым Шінет батыр алып, одан Рысбек пен Тұрыс батырлар дүниеге келген және тағы бір әпкесін
Төле бидің өзі алып, одан Жолан мен Қожабек атты балалары туылған.
Жҥнісқожа және оның мұрагерлері басқарған, дербес Ташкент уалаяты (Ташкент иелігі)
1784-1808 жылдары өмір сүрді.
Ташкентке жақын орналасқан Құрама, Шымкент, Сайрам, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт
және Сыр бойының біраз бөлігі Ташкент иелігі құрамына кірді. Ташкент иелігі оңтүстікте –
Құрама тауларына, солтүстігінде – Шымкентке дейін, шығысында – Бискан тауларына, батысында
Сырдарияға дейінгі жерді алып жатты.
Ташкент иелігіндегі қазақтар мен қырғыздарды Жүнісқожа өзі таңдап алған ақсүйектер
арқылы басқарды. Олардың ішкі істерін басқаруды билерге тапсырды, бірақ өз ықпалын күшейте
түсу үшін беделді адамдарды кепілдікке ұстады. Жүнісқожа қарамағындағы қазақтардан зекет
жинап отырды. Мысалы, қазақтар 100 керуеннен 1 керуен құн төлеуі тиіс болды.
Жүнісқожа Ташкенттің төрт бөлігі өкілдерінен құралған Кеңес құрып, өз атынан теңге де
шығарды. Мемлекеттік іс-қағаз өзбек тілінде жүргізілді. Бірқатар саяси маңызды істерді жүзеге
асырған Жүнісқожа қаланың қорғаныс шебін және армияны күшейтуге күш салды.
Жүнісқожаның әскері, Ә. Диваевтың көрсетуіне қарағанда, қазақ, қырғыз жігіттерінен
құралған. Ташкент уезі Ақжар болысының қаңлы руының қазағы Молда Көбей Тоқболатовтың
қолжазбасына сүйене отырып, Ә. Диваев Жүнісқожа әскерін басқарған ұлы жүз қазақтары мен
қырғыздардан шыққан батырлардың аты-жөнін көрсетеді. Олардың қатарында қаңлының
омыртқасынан: Қожамсейіт, Қарақұм, Найзақұлақ, Барлыбай, Сейітқожа, Ғайыпмырза, Бөлек,
Қалып батырлар, ал қаңлының шоқпарынан – Есенбай, Қайдарбек батырлар, есқұлыдан – Құлан,
шанышқылының саңырауынан – Тоқсан, Жабғы батырлар, қырық садақтан – Ырымқұл, Тортқа
батырлар, жаныстан – Қазыбек, Құлықбай батырлар болса, ал қырғыздардан, бағыш руынан –
Айқынбай, Мыңжасар, Рысбек батырлар және Кіші жүздің рамадан руынан Жұман мен Есенгелді
батырлар есімі аталады [8, с. 63-64]. Осындағы Жабғы батыр Сіргелі Жабай батыр емес пе екен
деген де ой келеді. Бұл деректі айқындай түсу, әзірше, уақыт еншісінде қалып тұр. Ташкент
уәлаятының қарулы күші қазақтар мен қырғыздардың көшпелі ру-тайпаларынан, атап айтқанда,
шанышқылы, қаңлы, бағыш жҽне рамадан және т.б. құралғанын Ю.А. Соколов [9, с. 43] та
көрсеткен болатын.
Тұрақты жасақ үшін қажетті әскери күш отырықшы тұрғындар мен көшпелілер арасынан
алынды және олардың саны ХVIII ғасырдың соңында 50-70 мыңға жетті. Бұл жасақтың 30 мыңы
«қылқұйрық» бойынша, яғни қазақтар мен қырғыздардың атқа мінуге жарамды ер азаматтарын
соғысқа жіберу міндеткерлігі негізінде [10, 21-б.] жиналды. Қарақазақтар деп аталатын жеке мүлкі
жоқ адамдардан құралған 6 мыңға жуық әскер шешуші ұрыстарда маңызды рөл атқарды. Олар
білте мылтықпен, найза, қылыш, қалқанмен қаруланды жҽне зеңбіректерді де пайдаланды.

Қарақазақтарды қарумен, мініс аттарымен және басқа қажетті әскери-тұрмыстық бұйымдармен
Жүнісқожаның өзі қамтамасыз етті. Бейбіт кезде қарақазақтар Жүнісқожаның және ірі
шенеуніктердің үй шаруасын да жүргізді.
Сот істерін шариғатқа негіздеп, қазылар жүргізді, алым-салық мәселесімен басшы қожа
айналысты. Серкерлер көшпелі және жартылай көшпелі елді басқарды, әрі салық жинады. Сауда
ісін, тауардың дұрыс өлшенуін қадағалау және діни ғұрыптардың орындалуын раис атқарса,
әкімшіліктің төменгі буынын ақсақалдар, жоғарғы буынын бектер басқарды.
Қазақ, қырғыз руларының сенімді болуын және оларға жүктелген міндеттердің
орындалуын қамтамасыз ету үшін әр рудың беделді билері мен батырларының балалары
Ташкентке аманатқа алынды.
Ташкент иелігі маңызды сауда жолы бойында орналасты. Т. Небольсиннің мәліметіне
қарағанда, Шымкенттен Ташкентке дейінгі жол сол тұстағы халықаралық керуен жолының ең бір
маңызды бөлігін құраған.
Ташкент иелігінің күшейе түсуі Қоқан билеушісін бейтарап қалдырмады. 1794 жылы
Нарботаның әскері Ташкент иелігінің жеріне баса-көктеп кірді, бірақ жеңіліске ұшырады.
Қоқандықтарға қарсы 1797-1798 жылдары Жүнісқожа мен ұлы жүз қазақтары және қырғыздар
арасында одақ құрылды. Қоқан билеушісі Нарботаның ықпалынан азат болуға деген ұмтылыс
қазақ, қырғыз билеушілерін Жҥнісқожамен жақындастыра түсті.
1799 жылы Қоқан билеушісі Нарбота қаза тапты. Бұхар ханы да Нарбота өлгеннен кейін
бүкіл Ферғана өңірін қайта қосып алуды көздеп, Қоқанды қоршауға алды. Осы сәтті пайдаланып,
1799 жылы Жүнісқожа Әзіреті Түркістанды басып алды. Осы жылы Жүнісқожа Қоқан иелігіне
жорық жасады.
Алайда, Жүнісқожаның Ходжентке жасаған сҽтсіз шабуылы қоқандықтарға қарсы одақтың
ыдырауына алып келді. 1801 жылы Пункан деген жердегі шайқаста да Жүнісқожа қолы қоқандық
ҽскерлерден жеңіліс тапты. 1803 жылы қазақтар қостаған Жҥнісқожа қолы Гурумсарай деген
жерде қоқандық әскерлермен кездесті. Қоқан билеушісі Әлімбек таулық тәжіктерден құралған
Раджап дуанбегі басқарған атты әскерді және өз әскерін қарсы қойды. Ташкенттіктер арасында
келіспеушілік туды. Қазақ қолбасшылары – Рүстем төре, Әділ төре жҽне Бабахан төре ұрысқа
алдымен шанышқылардан құрылған жасақтың және Жүнісқожаның өз қолының кіруін талап етті.
Алғашқы шайқастарда-ақ қоқандық әскербасыларының соғыс жүргізу әдісінің артықшылығы
байқалып қалды, қазақтар мен қырғыздардан құралған атты жасақтың шабуылын қоқандықтар
бірден тойтарып тастады. Ташкенттік қол түгел майданға кірмей жатып, шегініп, қаша бастайды.
Өз әскерінің Әлімбек жағына шығып кеткенін байқаған Жүнісқожа майдан даласын тастай қашты
және толық талқандауға ұшырады. Осы оқиғадан кейін қазақтар мен қырғыздардың біраз бөлігіне
өз ықпалын жүргізген Жүнісқожа қатты науқастанып, көп ұзамай көз жұмды.
Ташкент иелігіндегі ендігі билік Жүнісқожаның үлкен ұлы Мұхамедқожаның қолына
өтеді. Таққа таласқан ол өзінің бауыры, Ниязбек бекінісінің билеушісі Ханқожаны өлтірді.
Қоқандықтардың да 4 рет шабуылына тойтарыс берілді. Елдің әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп,
Ташкентте аштық басталды. 1805 жылы Мұхамедқожа өліп, орнын бауыры Сұлтанқожа иеленді.
Оның билігі тұсында да қоқандықтарға қарсы күрес тоқтамады. Ол да бұл күреске өз
қарамағындағы қазақтар мен қырғыздарды тартты.
1807 жылы Қоқан билеушісі Әлімбек бауыры Омарды 12 мың әскермен Ташкентке қарсы
аттандырады. Нәтижесінде Ташкент төңірегі басып алынды. Әлімбек 1808 жылы Ташкентті
біржола басып алды. Алайда, Ташкент үшін қазақ, қырғыз жҽне ҿөбек билеушілері арасында күрес
одан әрі өрши түсті. Ташкенттегі қазақ төрелері бастапқы кезеңде Қоқан саясатын жүргізушілер
болды. Қытайлық және қоқандық билікті таңдауда қазақтар көбіне діні мұсылман соңғысын
лайық көрді.
Қоқан хандығының құрылу үрдісі ХVIII ғасырдың басында Ферғана аңғарында басталып,
ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде, Әлім хан жҽне Омар хан тұсында аяқталды. Осылайша, ХІХ
ғасырдың басында дербес мемлекет ретіндегі Қоқан хандығының шекарасы солтүстігінде қазіргі
Қазақстанның оңтүстік өңірінің біраз бөлігін қамтыды. Қоқандықтардың билік жүргізуінің өзіндік
ерекшелігі болды. Жергілікті билікті ру басылары, манаптар, сұлтандар, билер ҿөздері жүргізді
және өзі басқаратын еліне, жеріне қатысты істі өздері қарады. Дегенмен де қоқандықтар қазақ,
қырғыз билеушілеріне өз лауазымдарын беріп, басқаруды жеңілдетуді көздеді.»

  1. Баяндамаға байланысты кейбір мәліметтерді ортаға салсам. Ташкент билеушісі Жүнісқожаның жиені Шінет батырдың ұлы Рысбек батыр 1808-жылы Ташкентті Қоқан ханы басып алғаннан кейін Жүнісқожаның үлкен ұлы Сұлтан қожаның үй-ішін Ташкенттен алып кетіп Қаратаудың теріскей жағындағы Кәрі қорған деген жерге апарып жасырған. Сұлтан қожаның бір баласы Опақожадан тараған әулет бұл күнде Жуалы маңында 200-дей үй болып, өсіп-өнуде.
    Қазығұрт ауданының орталығындағы батыр бабалар ескерткішіне есімі ойылып жазылған 18 батырдың 6-уы Ташкент билеушісі Жүнісқожаның батырлары. Олар: омыртқа каңлы Қожамсейіт батыр, ешкілі қаңлы Құлан батыр, саңырау шанышқылы Тоқпан батыр, суан бағыс Айқынбай батыр, рамадан Жолан, Есенкелді батырлар. Жоғарыдағы баяндамадағы қырғыздың бағыш руынан Айқынбай, Мыңжасар, Рысбек батырлар дегендері дұрысында қазақтар – суан бағыстар. Жалпы Жүнісқожа әскерінде қырғыздар болды деген дұрыс емес сияқты. Абылай хан қазасынан алдынырақ қырғыздарды жеңгеннен кейін Ташкент жақта қырғыздар қалмады деуге болса керек. Жалпы мұндай пікір орыс жазбаларындағы қазақты киргиз-кайсак деп атаған шатастырулардан туындаған әсер деп ойлаймын.
    Тғд, профессор А. Ш. Махаеваның еңбегі арқылы Жүнісқожа тарихына байланысты соны деректермен танысып, үлкен әсерде қалып отырмын. Әрине, тарих ғылымы сансыз мәліметтерден тұрады, оларды түгел меңгеру мүмкін емес. Менің ойымша, ғалымдарымыз өңірлердің тарихын зерттеген кезде сондағы әуесқой өлкетанушылар жинаған пікір-деректермен танысып, таразыға салып, дұрыстарын қосса еңбектерінің бағасы артар еді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button