
Жақсылар дүниеде һәм әрбір кісі,
Болсалар хәкімдерде бір жұмысы.
Арызымды жақсы қылып тыңдай ма деп,
Көп болар тілмашына өтініші.
Бірнеше сол айтқандай ауам нас,
Жан-ділімен бейшаралар қылар ықылас.
Пайдасы қияметте тие ме деп,
Аямай қызмет қылар мал менен бас.
Айтпаймыз нафсаният турасынан,
Пайдамыз тимейді деп таңласыған.
Айтамыз шариғатпен тура жүріп,
Жан қамын қылсаңдар деп біздер оған.
Бірнеше шүкір Алла ақылды адам,
Жан қамын жан ділімен қылар һәр дәм.
Бірнеше ақылы кем бейшаралар,
Көбінше айтқаныменен болар бейғам.
Я, Алла, қабыл айлап бұл мінәжат,
Ешкімді қыла көрме бейпарасат.
Пазылыңмен карам айлап бейабырой,
Атқанда қыла көрме таң арасат.
Масликті тасниф қылған Аллаяр,
Ол ерді рахмет етсін Пәруардігәр.
Жан бермектен көп қиын шайырлық қылған,
Мүбәрәк кітабында сөздері бар.
Және бір сөз «маслик алмуттақин»нан,
Көрінді оңай емес бұл һәм онан.
Қиын депті шайырлық аспандай,
Басына диірмен боп орнағаннан.
Бұл сөзді кітаптардан көріп көзім,
Ауырлап қиындығын қалдым өзім.
Такия қып бір Аллаға тәуекел деп,
Ешбір жоқ мұнан бөтен айтар сөзім.
Ташкент те, Бесағаш та бірнегі зат,
Һәм ғалым, қары ерді және аулай.
Нақышбанд сулугіне кірушінің,
Көбіне тағылым берген ерді ұстаз.
Әзіреті Халифа Хусейн пірлері ерді,
Файызынан шаһар Бұхар болған абад.
Әр қанша пақыр, міскін болсадағы,
Ол ерден болар еді көңілі шад.
Құдажөй, алихиммат бір ер ерді,
Илмиһол илмиһолдан тапқан қабат.
Қызметін қыла алмадым жан ділімнен,
Табылмас енді бізге айласақ дад.
Қарыған қаласында Бұхараның,
Шақырып ықылас қылған шаһ шаһзад.
Ақыны қазы калан ғұламасы,
Баршасы жүзін көріп болған дур шад.
Құдайым бізге нәсіп қылды ғой деп,
Айлаған баршалары даст байат.
Жарығы шамдай болып түсіп еді,
Ажалдан сөніп қалды соққан сөнбей.
Мекенін фазилатын қылдым баян,
Шухраты Ферғанаға тегіс аян.
Муршидім мекем болғаннан соң,
Аттарын құрмет қылып айтпадым мен.
Ілгергі жұп қояннан соңғы қоян,
Атамыз рихлат етті бұл ғаламнан.
Ол ердің сұхбатына барып қалып,
Құдайым нәсіп қылды дұғасынан.
Бір қысша қызметінде қалдым жатып,
Тәбәрік шүкір Алла тұзын таттым.
Пеш-кеш қып меймандықты надандықпен,
Қызметін қыла алмадым жанды сатып.
Әр жерден келіп жатыр жан қадірлі адам,
Баршасы бес орданы қылған мекен.
Ишанның мархаматын көргеннен соң,
Қызметін қылып тұрды баршасы һәм.
Әр күні соңынан намаз шамның,
Ішінен шақырып алып көп адамның.
Хуш қылып уақытымызды айтып тұрды,
Мағынасын баян қылып әр каламның.
Жұма күн Әзірет ишан шақырып алып,
Отырды иршад сөзін хатқа салып.
Отырдым құзырында бірер сағат,
Ілімімнің аздығынан көп ұялып.
Жаздырып Нақышбандтың рисаласын,
Батамам бір дәптерге бәрін аның.
Қолыма беріп еді оқыңыз деп,
Болар деп көп қысылдым қандай хәлім.
Қарасам бәрі түркі бәрі саулап,
Кідірмей қуанғаннан кеттім заулап.
Түсінбей қала ма деп жазған екен,
Ғаріптің түркі қылып көңілін аулап.
Мүбәрәк көзін салып ушал сағат,
Айлады мархаматымен көп мархамат.
Құдая нәсіп қыл деп дұға қылды,
Һәм файыз бұл ғаріпке истиқомат.
Алланың уарид қылыңыз исмі затын,
Һәм және тоқсан тоғыз сипат атын.
Толибтан ықылас қылған аямаңыз,
Нақышбанд сулугінің далалатын.
Сулукке әркім келсе ықылас қылып,
Қош ұрып мұхаббатпен көңілі еріп.
Тұрыңыз ықтиятпен тәрбиеттеп,
Әркімге өз хәлінше тағылым беріп.
Дүниеде ақыретте Хақ химаят,
Болсын деп қол көтерді бейнихаят.
Амин деп жылап тұрып қолым жайдым,
Дұғасын Тәңірім қабыл қылғай шаяд.
Ол ердің кетер уақытта қастарынан,
Жүзім толды көзімнің жастарынан.
Тәбәрік сәлдесін алып берді,
Мүбәрәк өз қолымен бастарынан.
Ол ердің мархаметін қылып себеп,
Толибтар қайтармаймыз келсе іздеп.
Басшылық муриттерге қылып тұрмыз,
Құдайға әмір фарман тәуекел деп.
Мінәжат дәргаһыңа Қадір Құда,
Ықыласпен жалбарынып қылдым дұға.
Өзіңнің бірлігіңнің құрметінде,
Наумид қып рақметіңнен қылма жүдә.
Бейопа бес, алты күн бұл жалғанда,
Дұғагөй іліндірдің деген намға.
Құдая бейабырой қыла көрме,
Маһшарда жанның бәрі жиылғанда.
Азды-көп ықылас қылған адамдар бар,
Дұғадан үміт қылып қол жайғандар.
Жарылқап Рахметіңмен баршамызды,
Жолықтыр жақсы жайда Пәруардігәр.
Я, Алла өзіңді бір білгендерді,
Дүниеге дін Исламмен келгендерді.
Қаһарыңа, ғазабыңа лайық қылма,
Алла бір, расул бір хақ дегендерді.
Құдая бізді өзіңе жақын көріп,
Қанша адам қызмет етер тіке тұрып.
Алтын деп ұстағаны мысқа айналып,
Қалмағай қияметте соры құрып.
Дүниеде қанша адамдар малын беріп,
Ықыласпен соңымызға жүреді еріп.
Абырой баршамызға болар еді,
Егемнің жарылқаса Рахымы келіп.
Жарылқа я, Роббана асы бізді,
Өткіздің ғапылдықпен жасымызды.
Болмаса рақметіңнен бір дарамат,
Қорғайтын шамамыз жоқ басымызды.